Дәрістің мазмұны


Тақырып: Лексикология және лексикогрфия. Лексиклогия және оның түрлері, салалары



жүктеу 261.5 Kb.
бет6/12
Дата19.06.2022
өлшемі261.5 Kb.
#20642
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Дәріс. Тіл біліміне кіріспе
6 Лекция Кыпшактану
Тақырып: Лексикология және лексикогрфия. Лексиклогия және оның түрлері, салалары

Дәрістің мазмұны:


  1. Лексикологияның салалары.

  2. Сөз, оған тән белгілер.

  3. Сөздің лексикалық мағыналарының типтері (номинативті, фразеологиялық байлаулы, синтаксистік шартты).

  4. Сөздің ауыспалы мағынада қолданылу тәсілдері.

Табу сөздер мен эвфемизмдер, десфемизм

Тіл білімінің лексикология саласы тілдегі сөздердің жиынтығы- сөздік құрамды зерттейді. Сөз лексикада басты элемент ретінде қаралады. Лексикологияны жалпы лексикология және жеке лексикология деп ажыратамыз.


Жалпы лексикология тілдің лексика- семантикалық жүйесін, тілдік единицалардың ішінде сөздің алатын орнын, сөз бен ұғымның бірлігін, сөздің лексика және грамматикалық байланысы және т.б мәселелерді қарастырса, жеке лексикология белгілі бір тілдің сөздік құрамын, тарих бойында даму тұрғысынан немесе белгілі бір дәуірдегі қалпы тұрғысынан қарауы мүмкін Осыған орай лексика тарихи лексикология және сипаттамалы лексикология болып бөлінеді.
Тарихи лексикология сөздік құрамның замандар бойында қалыптасуы және дамуы, лексиканы құрастырушы арналар және олардың тарихын зерттесе, сипаттамалы лексикология жеке тілдердің лексикасының осы заманғы қалпы, сөздердің активті және пассивті топтары, сөздердің қолдану аясы, сөздердің топтасуы т.б. мәселелерді қарастырады.
Тарихи лексикологияның бір саласы- этимология-сөздің шығу тегін зерттеп,олардың ең алғашқы мағынасын айқындайды, сондай-ақ кірме сөздердің ену тарихы мен оның жолдарын қарастырады.
Лексикологияның келесі бір саласы- салыстырмалы лексикология. Ол туыстас тілдердің сөздік құрамын салыстыра отырып зерттейді, оларды тарихи даму, өзгеру тұрғысынан қарастырады. Бұл ғылымды кейде салыстырмалы- тарихи лексикология деп те атайды.
Лексикологияның арнаулы, ең басты, маңызды бір саласы-семасиология- сөздердің мағыналық жақтарын, семантикалық заңдылықтарын зерттейді. Семасиологияның лексикографиялық жұмыстарда маңызы зор. Лексикологияның семасиология тарауымен тығыз байланысты бір саласы- ономосиология зат немесе құбылыс ұғымының белгілі бір сөзбен аталуының себебін қарастырады.Ономосиологияның диалектологияға қатысы бар.Бұл лингвистикалық географиядан айқын аңғарылады, диалектілердің таралу шегі көрсетіледі. Ономосиологияның айрықша бір саласы- ономастика- жалқы есімдерді зерттейді.Ономастика өз ішінде екі салаға- антропонимика- кісі аттарын зерттесе, екіншісі топонимика- жер- су аттарын зерттейді.
Ал лексикология арнаулы саласы- фразеология тұрақты сөз тіркесі, олардың құрамы мен құрылысын, жасалу жолдарын қарастырады. Бұндай тіркестерді сөздік құрамнан көптеп кездестіреміз. Қаны қайнау (ашулану), ағаштан түйін түйген ( өте шебер) т.б.
Лексикологияның бұл салалары іштей бір-бірімен өзара байланыста болумен қата, лексикологияның өзі тіл білімінің арнаулы бір саласы ретінде фонетика, грамматикамен байланыста дамиды. Мысалы: әрбір сөз дыбыстардың тіркесімен айтылып, белгілі бір мағынаны білдіреді. Ал тілдегі сөздер номинативті қызметпен бірге грамматикалық қызмет те атқарады, яғни сөздер жеке дара күйінде емес, өзара байланыста қолданады. Сондай-ақ сөз тудыру тәсілдерінен айқын көрінеді. Мысалы: сөздердің бірігуі, қосарлануы, аффикстердің жалғануы.
Алайда, тіл білімінің әр түрлі саласының өзара байланыста қарым- қатынаста болуы ол салалардың дербестігін жоққа шығармайды. Олардың әрқайсысының өзінің зерттеу объектісі бар.
Қорыта айтқанда, тіл білімінің лексикология саласы сөзді біріншіден – мағынасы жағынан, екіншіден- шығу тегі жағынан, үшіншіден- қарым-қатынас жасауда қолданылу аясы жағынан, төртіншіден- стильдік сипаты мен қызметі жағынан қарастырып зерттейді.
2. Сөз- күрделі тілдік единица. Сөздің екі жағы бар: оның бірі- дыбысталу жағы, екіншісі- сөздің мағыналық жағы. Бұл екеуі бір-бірінен бөлінбейтін бөлшектер. Демек, сөз дыбысталу мен мағынаның бірлігінен тұратын тілдік дербес единица.
Бізді қоршаған дүниедегі заттар мен құбылыстар адам санасында бейнеленеді.Олар туралы ұғым пайда болады.Ұғым- зат немесе құбылыстағы басты белгілерінің ойда қорытылып, жалпыланған бейнесі. Ұғым тілде сөз арқылы айтылады. Мысалы: орман, тау, қала т.б.Зат пен құбылыс немесе олардың ұғымы болмаған жерде сөз де болмайды. Адам баласы өзінің қоғамдық өмірі мен тәжірибесінде, еңбек процесінде оларды танып біледі, ең басты қасиеттеріне, ерекше белгілеріне қарап ат қояды. Қандай бір сөзде белгілі бір мағына болады, бірақ сөздердің барлығы бірдей ұғымды білдіре бермейді. Мысалы: одағай, шылау сөздер белгілі бір мағынаны біддіргенмен ешқайсысы да ұғымды білдірмейді. Сөзде эмоциялық бояу болса, ұғымда бұл қасиет жоқ. Сөз бірнеше ұғымды білдірсе, керісінше, бірнеше сөз бір ұғымның атауы ретінде жұмсалады. Мысалы:сұлу, әдемі, көрікті.
Сөзге тән және оны тілдегі басқа единицалардан ажырататын белгілер:
1.Сөз белгілі бір дыбыстық құрылымның бірлігінен тұрады. Бұл бірлік тілдің фонетикалық заңдылықтарына орайласып жасалады. Қазақ тілінің фонетикалық заң бойынша сөз басында екі дауыссыз дыбыс тіркесіп келмейді;
2. Сөз дыбысталу мен мағынаның бірлігінен тұрады. Қандай сөз болсын, ол белгілі бір мағынаны білдіреді;
3. Сөз сол тілдің грамматикалық заңдары бойынша өзгеріп, өзіне тән формалардың бірінде көрінеді;
4. Сөз құрылымдық тұйықтылығымен ерекшеленеді, яғни сөздің ішіне, оның мағыналық бөлшектерінің аралығына басқа бір сөз ене алмайды; Мысалы: ауыл- ауылға бару, ауылға дейін бару.
5. Сөздің морфема, сөз тіркесі, сөйлемнен айырмашылығы- сөз белгілі бір сөз табына қатысты болады. Мысалы: оқушы, студент- зат есім; қызыл, ақ- сын есім т.б. Бұл сөздің басты белгісі;
6. Сөз сөйлеу кезінде жасалмайды, даяр тұрған тілдік единица.
3.Тілдегі сөздерді әр түрлі топтарға бөліп қарастырамыз. Сөздердің басым көпшілігі өмірдегі сан алуан құбылыстарды белгілейді, атауларды білдіреді. Бұндай сөздерді атауыш сөздер немесе толық мағыналы сөздер деп атайды. Атауыш сөздерде толық лексикалық мағына және логикалық ұғым болады. Оларға зат есім, сын есім, етістік, үстеу сөздер жатады. Атауыш сөздерге қарама-қарсы сөздер тобы- көмекші сөздер. Оларға: жалғаулықтар, демеулік, септеулік шылаулар, көмекші етістіктер жатады. Сөздердің осы екі түрінің аралығынан орын алатын сөздер де бар. Олар: есімдік, сан есім және одағай сөздер. Бұлардың көмекші сөздерге қарағанда дербестігі басым болса, көмекші сөздерге жаөындығы- бұл сөздер атауыш сөздердің көлеңкесін сағалап, солардың шылауында көрінеді. Есімдік есім сөздердің орнына жүреді, ал сан есім басқа сөздермен тіркеспей тұрғанда тек жалпы ұғым береді де, заттық мағынадағы сөздермен тіркескенде ғана нақтыланады, ал одағай сөздер әр түрлі эмоцияны білдіреді. Тілдің лексикасын құрастырушы негізгі топ, сөздік құрамның негізгі тірегі, ұйытқысы- атауыш сөздер. Бұл сөздер туынды сөздердің жасалуына ұйытқы болады.
Сөздердің типтерімен бірге фонетикалық, морфологиялық варианттары бар:
1. Сөздердің фонетикалық варианты, яғни бір сөздің түрліше дыбысталуы. Мысалы: оқиға / уақиға т.б. алғашқында бір сөздің фонетикалық варианты ретінде қолданылатын сөздер қазір өз алдына мағынасы бар, бөлек лексикалық единицалар ретінде ұғынылуда; Мысалы: өкімет (власть), үкімет (правительство) т.б.
2. Морфологиялық вариант, яғни бір сөздің морфологиялық құрылысы әр түрлі болғанымен семантикалық жағынан айырмашылығы жоқ сөздер;Мысалы: бастық- басшы.
4.Сөздік құрамдағы сөздердің бірнеше лексикалық мағынасы да болады. Сөз негізгі мағынасына қоса, туынды мағынаға да ие болып, әр түрлі мағынада қолданылады. Бір сөздің мұндай көп мағынаға ие болуын тіл білімінде полисемия құбылысы деп атайды. Мысалы. Көз( адамның мүшесі, иненің көзі, күннің көзі, терезенің көзі).
Сөз мағыналары негізгі мағына және туынды мағына деп аталатын екі түрге бөлінеді. Мысалы. Бас- дене мүшесі- негізгі, бір нәрсенің жоғары жағы, бұлақтың басталар жері, бір нәрсенің айналасы- туынды мағыналары, яғни кейіннен пайда болған мағыналар. Сондай-ақ сөздің тура және келтірінді мағыналары болады. Мысалы: қараңғы «еш нәрсе көруге болмайды» деген мағынасы- тура мағына да, «оқымаған, сауатсыз» деген мағынасы келтірінді мағына.
Академик В.В.Виноградов сөздің лексикалық мағынасының 3 түрлі типін көрсетеді. Олар: 1)сөздің тура немесе номинативті мағынасы
2)фразеологиялық мағына
3) синтаксистік шартты мағына
1.Сөздің тура немесе номинативті мағынасы заттар мен құбылыстардың аттарын, олардың әр түрлі белгілеріне байланысты болады.Сөз номинативті мағынасында алуан түрлі сөздермен байланысқа түсіп, емін-еркін тіркесе алады. Мысалы: үй, биік, бару деген сөздердің әрқайсысының номинативті мағынасы бар. Үй -затты тікелей атаса, биік- сапаны, бару- қимылды атайды.
2.Фразеологиялық байлулы мағына белгілі бір тұрақты сөз тіркестеріне телініп, соған маталып байланады. Мысалы: су жаңа, тастай қараңғы
3.Синтаксистік шартты мағына сөздің сөйлемде белгілі бір синтаксистік қызмет атқаруына байланысты туған лексикалық мағынасы.Мысалы: түлкі- аң (тура мағынасы), ал ол бір түлкі дегендегі түлкі- қу деген мағынаны білдіреді, бұл синтаксистік шартты мағынасы. Сөздің синтаксистік шартты мағынасы көбіне белгілі бір эмоцияны білдіреді.
5.Қоғамның даму барысында жаңадан табылған заттар мен құбылыстарды атау тілде әр түрлі тәсілдер арқылы іске асады.Сөз мағынасының өзгеруі метафора, метонимия, синекдоха тәсілдері арқылы болады.
1.Метафора – заттардың тұлға, түс, қимыл ерекшелігінің ұқсастығына негізделеді, яңни белгілі бір ұқсастығына қарай бір заттың немесе құбылыстың басқа бір заттың немесе құбылыстың атауымен аталуының негізінде сөз мағынасының ауысуын атайды. Мысалы. Сөздің төркіні- қыздың төркіні (1-де мәні, 2-де ата-ана мағынасын білдіреді; 1-де туынды мағына , 2-де негізгі мағына). Метафора- әр түрлі тілдердің бәрінде де бар, әсіресе, ақын- жазушылардың тілдерінде көркемдеуші құрал ретінде көп қолданылады. Мысалы: Гималай-көктің кіндігі
Гималай- жердің түндігі.(І.Жансүгіров)
2.Метонимия- бір заттың немесе құбылыстың атауының екінші затқа немесе құбылысқа олардың өзара іргелестігі, шектестігі негізінде атау болып ауысуын атаймыз. Мысалы: Үйі мәз боп, қой сойды сүйіншіге шапқанға (Абай). (үйі- баспана дегенді емес, бір үйдің адамдары, отбасы дегенде білдіреді.)
3.Синекдоха- бүтіннің орнына бөлшекті, жалпының орнына жалқыны, үлкеннің орнына кішіні қолданылуының негізінде сөз мағынасының ауысуын айтамыз. Мысалы: Басың нешеу? ( бас сөзі бөлшек ретінде (адма дене мүшесі) бүтіннің орнына(адам) қолданылады)
6.Тіл-тілдің лексикасында дыбысталуы бірдей, мағыналары әр басқа сөздер бар. Мұндай сөздер омонимдер деп аталады. Омоним гректің «бірдей, біркелкі» деген мағынасындағы сөзден жасалған. Мысалы: өкпе – дене мүшесі; өкпе- реніш, наз; той- жиын, той- етістік т.б. омонимдердің айрықша түрі бар, олар: омофондар мен омографтар. Омофон – біркелкі айтылып, бірақ түрліше жазылатын сөздер. Мысалы: асшы- ас даярлайтын адам, ащы- астың дәмі, бұл екеуінің де айтылуы – ашшы.
Ал омографтар – біркелкі жазылып, екпіннің алмасып түсуіне байланысты түрліше айтылатын сөздер. Мысалы. « үйдің бөлігі» бөлме- «бөл» деген етістіктің болымсыз түрі, тартпа- суырма, тартпа- тарт деген етістіктің болымсыз түрі.
Омофондар да омографтар да таза омонимдер емес, өйткені олардың біреуі айтылуда бір-бірінен ажыратылса, екіншісі жазылуы жағынан ажыратылады.
Мағыналары бір-біріне жақын , өара мәндес сөздер болады.оларды синонимдер деп атайды. Өзара мәндес сөздерден синонимдік қатар құрылады. Синонимдік қатарды құрастырушы сөздер бір-бірімен мағыналық жақтан жақын,мәндес болумен бірге, барлығы бір сөз табына қатысты сөздерден жасалуы шарт. Әр түрлі сөз табына қатысты сөздерден синрнимдік қатар жасалмайды. Мысалы: адам- кісі; ардақты-құрметті-аяулы; тез-шапшаң- лезде-сәтте, тіл –тілде әсіресе зат есім, сын есім, етістік сөздерінен болатын синонимдер жиі кездеседі. Кейде өара мәндес сөздер бір-бірімен тіркесіп не бірігіп қолданылады. Бұндай сөздерді плеонизм немесе плеонастикалық сөз тізбегі деп атайды.Мысалы: ежелгі ескі досы келді. Сондай-ақ тұрақты сөз тіркестері де бір-бірімен синонимдес болып келеді: тайға таңба басқандай- соқырға таяқ ұстатқандай;т.б. Синонимдердің молдығы – тілдің байлығын, дамыған тіл екендігін аңғартатын көрсеткіштердің бірі.
Мағынасы бір-біріне қарама-қарсы сөздер антоним деп аталады. Кез келген сөздер өзара антонимдес бола бермейді. Мысалы: киім, дәптер, қарлығаш деген сөздерге қарсы мәндес сөздерді табу мүмкін емес. Антоним болатын сөдердің басым көпшілігі сын есімдер. Ал зат есімнен болатын антонимдер бірен- саран. Мысалы: бай-кедей т.б.Үстеуден жасалған санаулы ғана антонимдер бар. Бері-әрі, ерте-кеш т.б. Антонимдердің стилистикалық қызметі өте күшті.Қарама-қарсы құбылыстарды салыстыруда, оларды қатар қойып шендестіруде айрықша қызмет атқарады. Антонимдер әсіресе мақал- мәтелдерде жиі қолданылады.
7. Ерте замандағы адамдар әр түрлі қате түсінік, теріс ұғымдардың салдарынан кейбір заттардың аттарын тікелей атауға тиым саалып, оларды басқаша атаған. Бұл құбылыс табу деп аталады. Мысалы адам аттары. Қошқарбай, Қамысбай, Бөрібай, Қасқырбай т.б. ( келіндері аталарының аттарын атамаған)
«Салдыраманың ар жағында, сарұыраманың бер жағында, маңыраманы үлыма жеп жатыр екен, жаныманы білемеге білеп-білеп жіберіп, бауыздап келдім» деді- міс.
Ал кейбір нәрсенің не құбылыстың атын тікелей айту дөрекілеу, қолайсыздау болып көрінгенде, олар басқа сыпайы, майда сөздермен ауыстырылып айтылған. Бұл құбылыс эвфемизм деп аталады. Мысалы: өтірік айту- қосып айту, өлді- жүріп кетті т.б.
8.Этимология тілдегі сөздердің шығу тегін зерттейді. Сөздің этимологиясын айқындау өте қиын әрі кұрделі құбылыс. Сөздің шығу тегін анықтай үшін ғылыми этимологияда генеологиялық, фонетикалық, морфологиялық, семантикалық, этимологиялық деп аталатын принциптер қолданылады.
1) Генеологиялық принцип- сөздердің шығу тегін айқындауда тілдердің шығу тегінің бірлігіне қарай топтастырылуына негізделуді талап етеді. Мысалы: қазақ тіліндегі төл сөздердің шығу тегі басқа тілдердегі мысалы герман тілі мен роман тіліндегі сөздер емес, түркі тіліндегі өзмен түбірлес, төркіндес сөздермен салыстыру қажет.
2)Фонетикалық принцип- фонетикалық заңдылықтарға сүйенуді, туыстас тілдегі дыбыстардың өзара сәйкес заңдылыңын арқау етуді талап етеді.Мысалы: түркі тілдеріндегі сөз аяғындағы ғ дыбысына қазақ тіліндегі у дыбысы сәйкес келеді, ұйғырша- тағ, туваша- дағ, қазақша – тау т.б.
3)Морфологиялық принцип- сөздің құрамындағы морфологиялық өзгерісті есепке алады. Қазіргі тілдегі өйткені, әйтпесе деген сөздердің құрамы ажыратылмайтын, түрлі морфемаларға бөлінбейтін бір бүтін сөз ретінде ұғамыз. Ал тарихи тұрғыдан алғанда бұл сөздер екі сөзден жасалған: өйткені- олай еткені, әйтпесе- олай етпесе деп өзгеріске ұшыраған.
4)Семантикалық принцип- сөз мағыналарын сөздің семантикалық жақтан өзгеруін даму жолдарын есепке алуды талап етеді. Мысалы: сағы сыну тіркесіндегі сақ хақас тілінде күш деген мағынаны білдіреді. Қазақ тілінде оңтүстік диалектілерде « тәуірлену, сауығу» деген мағынада жұмсалатын сақаю сөзіде осы сөзін жасайды.
5)Этимологиялық принцип- белгілі бір сөздің тууына себепші болған тарихи жағдайды жете білуді талап етеді. Бұл принцип тарих. Этнография т.б. ғылымдардың деректеріне сүйенеді. Мысалы құрал атауы – біз- деген сөз ертеректе «бігіз» түрінде дыбысталған. Этимологиялық зерттеуде кірме сөздер топонимикалық атаулар да айрықша орын алады. Мысалы. Ташкент, Шымкент дегендегі «кент» сөзі иранша «қала» дегенді білдіреді.

8 - дәріс



жүктеу 261.5 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет