Дәрістің мазмұны


Дәрістің мазмұны Жазу және жазба тілі



жүктеу 261.5 Kb.
бет5/12
Дата19.06.2022
өлшемі261.5 Kb.
#20642
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Дәріс. Тіл біліміне кіріспе
6 Лекция Кыпшактану

Дәрістің мазмұны

  1. Жазу және жазба тілі.


  2. Жазудың шығуы және оның даму кезеңдері.

  3. Алфавит және графика. Орфография. Орфографиялық прринциптер.

Транскрипция және транслитерация

1.Тіл – қатынас құралы қызметін ауызша да жазбаша да атқарады. Жазба тіл ауызекі тілден кейін пайда болды, яғни жазу шыққаннан кейін пайда болды.Жазба тілдің жасалуының мәдениет атаулының тарихында орасан зор маңызы болды. Адам өзінің қазіргі биігне негізінен жазба тіл арқылы жетті.Адамзаттың жасаған күллі мәдени байлығын ұрпақтан ұрпаққа, дәуірден дәуірге жеткізетін де – жазба тіл.


2. Жазудың тарихы өте ерте замандардан басталған . Жазу жүйесі таңбалар жиынтығынан тұрады. Ол таңбалар бүтіндей сөзді , дыбысты белгілейді. Осыған орай , жазу төмендегінше түрлерге бөлініп қарастырылады: пиктографиялық жазу, идеографиялық, буын, әріптік.
1. Пиктографиялық жазудың ең алғаш түрі бұл суретке негізделген жазу. Пиктографиялық жазу таңбалары пиктограммалар деп аталады. Әрбір сурет өздігінен бүтіндей хабарды білдіре алады , осылай болғандықтан пиктограммалар мағынасын басқа тілде сөйлейтін адамдар түсіне алатын болған. Адам нені айтқысы келсе соның суретін салған . Бұл жазу өте жабайы жазу болды. Күрделі ойды түгелімен жазып жеткізуге мүмкіндік болмады.
2. Идеографиялық жазу- пиктографиялық жазу барысында пайда болды. Идеографиялық жазу таңбалары идеограммалар деп аталады. Бұл таңба немесе жеке сөзді білдіреді. Идеографиялық таңбалар цифрлар тәрізді, олар сөздің мағынасын білдіреді.
3. Жазудың даму барысында буын жазуы пайда болды, бұл жазуда таңба буынды белгілейді. Бұл жазуды 3 түрге бөліп қарастыруға болады. 1. ассиро-вавилон, урарт, сына, майа дыбыстық корей жазуларына жатады. 2. Крит микен , кипр, эфиопия және жапон жазулары. 3. Үнді жазуларының әртүрлі жүйелері.
4. Әріп жазулары буын жазуынан кейін пайда болды. Бұл ең қолайлы жазу. Әріп жазуының таралуы б.з.д. 1 ші мыңжылдықтың алғашқы ғасырларынан пайда болады. Әріп жазуы екі түрде пайда болды Шығыста финики жазуының негізінде пайда болған арамей жазуынан Азия халықтарының әріп жазу жүйесі таралса, батыста финики жазуының негізінде пайда болған грек жазуынан европа халықтарының әріп жазу жүйесі таралған.
3. Тіл дыбыстары жазуда таңба әріптермен таңбаланады. Әрңптердің рет ретімен орналасуын алфавит дейміз. Ал графика деп белгілі бір тілдегі фонемаларды және олардың тіркесін белгілеу тәсілдерінің жиынтығын айтамыз. Графика белгілі бір қағидаға негізделеді ол әртүрлі фонемалар таңбаланбай, олардың әрқайсысының өзіне тән таңбасы болады өте кең тараған алфавит латын және орыс алфавиті. Графика мен орфография тығыз байланысты. Орфография дұрыс жазылу нормаларының жиынтығы, оның 6 принципі бар.
1. Фонематикалық және фонетикалық принцип. Фонматикалық принцип бойынша әр фонема қай позицияда келгеніне қарамастан бір әріппен жазылады. Ал фонетикалық принцип сөз құрамындағы дыбыс айтылуының сақтап жазады.
2. Этимологиялық принциппен дәстүрлі тарихи принцип . Этимологиялық принцип сөздің шығу тегін сақтап жазуға негізделеді ал дәстүрлі тарихи принципте сөз ертедегі айтылуы мен жазылуын өзгертпей сақталатын сөздер.
3. Морфологиялық және иероглифтік принцип. Морфологиялық принципте жазуда сөз түбір тұлғасын сақтайды. Ал иероглифтік принцип бірдей дыбысталатын сөздеді жазуда бір бірінен ажырату үшін қолданылды.
4. Графика ауызекі сөйлеу тілінің дыбыстық жағын оның ерекшелігінің барлығын бере алмайды . Мұндай қызметті трнскрипция атқарады. Транскрипциядан транслитерацияны ажырату керек. Транслитерация жазылғанда бір алфавит екінші алфавитке аударып жазуда қолданылады.
7 -дәріс

жүктеу 261.5 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет