Дәрістің мазмұны



жүктеу 261.5 Kb.
бет4/12
Дата19.06.2022
өлшемі261.5 Kb.
#20642
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Дәріс. Тіл біліміне кіріспе
6 Лекция Кыпшактану
Тақырып: Фонетика және фонология саласы

Дәрістің мазмұны:


  1. Фонетика және оның салалары (жеке және жалпы, теориялық, практикалық, эксперименталдық).

  2. Дыбыстау мүшелері және олардың қызметі.

  3. Тіл дыбыстары, олардың түрлері (дауысты, дауыссыз, дифтонгтар, дифтонгоидтар).

  4. Дыбыстардың акустика- артикуляциялық тұрғыдан мінездемесі.

1.Адам баласының тілі – дыбыстық тіл. Тіл дыбыстары, дыбыс заңдары тіл білімінің арнаулы саласы – фонетиканың зерттеу обьектісі болып табылады. Фонетика ғылым ретінде жеке фонетика, жалпы фонетика болып бөлінеді.
Жалпы фонетика- тіл білімінің бір саласы ретінде адам сөйлеу аппаратының дыбыстық мүшелерін айқындап, тіл дыбыстары классификасының принциптерімен белгіленеді. Жалпы фонетика ғылымның басқа салаларымен акустикамен, физиологиямен және психологиямен тығыз байланысты.
Жеке фонетика белгілі бір тілдегі дыбыстық құрамын, ондағы дыбыстық заңдылықтарды зерттейді. Ол зерттейтін мақсатына қарай: сипаттамалы және тарихи болып бөлінеді.
Сипаттамалы фонетика тілдің өмір сүріп тұрған дәуіріндегі дыбыстық құрамын, фонемалар жүйесін қарастырады.
Тарихи фонетика белгілі бір тілдің даму тарихының әр түрлі дәуірлерінде оның дыбыстық құрамының өзгеруін және себептерін айқындайды.
2. Дыбыс- дыбыстау мүшелері арқылы жасалады. Олар мыналар: өкпе, тамақ, көмей, дауыс шымылдығы, ауыз қуысы, мұрын қуысы, тіл, кішкене тіл, таңдай, тіс, ерін. Дыбыс мүшелерінің жиынтығы сөйлеу аппараты деп аталады.
Өкпе→ кеңірдек→тарам(бронхи)→тамақ→көмей→жұтқыншақ→мұрын немесе ауыз қуысы арқылы өтеді.
Дыбыстарды айтқанда, әсіресе, дыбыс шымылдығы мен тіл айрықша қызмет етеді.
Дауыс шымылдығы керіліп тұруынан діріл пайда болады ды, үн шығады.
Тілдің бірде ілгері, бірде кейін жылжуынан, бірде жоғары көтерілуі, бірде төмен түсуінен немесе оның артқы, орта, ұшының қимылынан әр түрлі дыбс жасалады. Мысалы, тіл арты дыбыстары: к, қ, г, ғ.
Ерекше қызмет атқаратын мүшенің бірі- ерін. Еріннің дауысты, дауыссыз дыбыстар жасалуына да қатысы бар. Мысалы, еріндік дауыстылар: о,ө,у. Екі еріннің өзара жымдасуынан ерін дауыссыздары: м, б, п жасалады.

3. Тілдің барлығында да дыбыстарды дауыссыздар мен дауыстылар деп бөледі. Бұлайша топтастыруға негіз болатын жалпылама ортақ белгі – олардың буын құрау қызметі. Дауыстылар буын жасай алатын негізгі ұйтқы, басты тұлға, ал дауыссыздар өздігінен буын жасай алмайды, дауыстыларға көмекші элемент ретінде қолданылады.


Дыбыстарды дауыстылар және дауыссыздар деп топтағанда олардың акустикалық жақтары мен физиологиялық жақтары да есепке алынады.
Дауыстыларда- үн, дауыссыздарда-салдыр басым. Бұдан дауыссыздарда үн жоқ деген ұғым тумаса керек. Мысалы, үнді дауыссыздарды айтқанда үн қатысады :л, м, н, ң.
Ал физиологиялық тұрғыдан алып қарағанда, дауыстыларды айтқанда ауа кедергіге ұшырамай, тосқауылсыз еркін шығады, дыбыстау мүшелеріне күш түспейді. Дауыссыздарды айтқанда ауа кедергіге ұшырап, тосқауылмен айтылады, дыбыстау мүшелеріне күш түсіп, ауаның шығу қарқыныы күшті болады. Бұл- дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажыратудағы негізгі белгі.
4. Дауысты дыбыстар деп қандай дыбыстарды айтамыз?
Дауысты дыбыстар тілдің қатысына, еріннің және жақ пен шектің қатысына қарай топтастырылады.

  1. Тілдің артқы таңдайға қарай жиырылып жуан дауысты дыбыс жасалса: а,о,ұ,ы,у.

Тілдің таңдайдың алдыңғы жағына жуықтап айтылуынан жіңішке дауыстылар жасалады: ә,ө,ү,і,е,э,и,у

  1. Ерін қатысына қарай: еріндік, езулік болып бөлінеді. Еріндік

Дауыстылар еріннің алға сүйірленуінен жасалса: о,ө,ұ,ү,у Езулік дауыстылар еріннің кейін тартылып, езудің жиырылуынан жасалады:а,ә,е,ы,і,и

  1. Жақтың, шектің ашылу қалпына қарай дауысты дыбыстар ашық,

қысаң болып бөлінеді. Ашық дауыстылар жақтың кең ашылып, иектің төмен түсуінен жасалса:а,ә,о,ө,е; қысаң дауыстылар жақтың болар-болмас ашылуынан жасалады:ы,і,и,ұ,ү,у. (о,ө,е-аралық дауыстылар) Тағы басқа дауысты дыбыстар жүйесі вокализм деген терминмен аталады.
5. Қай-қай тілде де дауысты дыбыстарға қарағанда дауыссыз дыбыстар көп.
Дауыссыз дыбыстар деп қандай дыбыстарды айтамыз?
Ендеше, дауыссыздарды айтқанда үн мен салдыр қатысады екен. Олай болса дауыссыздар қатаң, ұяң, үнді болып бөлінеді.
Қатаң(тек салдырдан)-к,қ,п,ф,с,т,ч,ц
Ұяң(үннен салдыр басым)-б,в,г,ғ,д,ж,з
Үнді(салдырдан үн басым)-л,м,н,ң,р,й,у
Дауыссыз дыбыстардың біреулерін айтқанда ауа кілт шығады, енді біреулерін айтқанда ауа сүзіліп шығады. Осыған байланысты шұғыл дауыссыздар: п,б,т,д,к,қ,г,ч.ц; ызың дауыссыздар:в,р,с,ғ,з,ш,щ,ж,х,һ
Дауыссыз дыбыстар жасалу орнына қарай
1)ерін немесе лабиаль дауыссыздар: б,п,м.
2)Тіл алды дауыссыз :л,н,р,й,ш,ч,ж,т,с,д,з
а)Тіс дауыссызы немесе денталь:т,д,с,з,нғл
ә)тіл ұшы дауыссызы немесе альвеоляр:ч,ш,р,х
3)Тіл ортасы:к,г
4)Тіл арты: қ,ғ,х,һ
5)Көмей дауыссызы(фарингеналь):һ
Тағы да басқа дауыссыз дыбыстар жүйесі консонантизм деп те аталады.
6.Дифтонгтар-дауыстылардың айрықша түрі. Гректің di – «екі», «қосарланған» және phtonos- «дыбыс» «дауыс» деген сөздерінен алынған. Сонда бұл термин екі дауысты деген мағынаны білдіреді. Қазақ тілінде басқа түркі тілдестердей е,о,ө фонемалары сөздің басында дифтонг түрде айтылып тұрады. Мысалы, ер,ол,өр сөздеріндегі е-йэ түрінде, о-ұо, ө-ұө түрінде естіліп тұрғанын байқауға болады.
7.Дауыс құбылысының бінеше толқынмен бөлшектеніп үзіліп-үзіліп айтылуындағы ауаның бір толқынын буын дейді. Кез-келген дыбыс буын құрай бермейді. Буын жасайтын –дауыстылар. Дауыстылар жеке дара күйінде де, дауыссыздармен тіркесіп те буын құрай береді. Кейбір тілдегі дауыссыз дыбыстар да буын құрайды. Мысалы: чех, серб тілдерінде. Дыбыс құрылысы жағынан буын үш түрге бөлінеді: ашық, тұйық, бітеу.
1)Ашық буын – бір дауыстыдан немесе дауыссыздан басталып, дауыстыға біткен. Мысалы: а-ла, ә-ке, қа-ра
2)тұйық буын –дауыстыдан басталып, дауыссызға біткен буын- он, ол, ант,ас т.б.
3)Бітеу буын- ортасы дауысты болып, екі жағы дауыссыз дыбыспен тұйықталған – күн,кыс, түн, т.б.
Буын дыбысқа бөлінеді. Дыбыс- ең кішкене фонетикалық бірлік.
8.Сөз ішінде бір буынның өзге буындардан ерекшеленіп күшті айтылуын екпін дейді. Екпін түскен буын басқа буындардан негізгі үш тәсіл арқылы ажыратылады: 1)Буынның біреуі басқа буындардан айрықша күшті айтылуы арқылы ажыратылады. Екпіннің бұндай түрі лебізді екпін не динамикалық екпін деп аталады. Динамикалық екпін көптеген тілдерге тараған. Екпіннің бұл түріне ие тілдер мыналар: славян тілдері ( орыс, украин т.б.), түркі тілдері
( азірбайжан, башқұрт, қазақ т.б.).
2)Енді бір буын басқа буындардың ішінен дауыс шымылдығының дірілінің жиеленуіне негізделеді. Екпіннің бұл түрі тоникалық немесе музыкалды екпін деп аталады. Екпіннің бұл түріне мына тілдер: қытай, корей, дүнген, т.б. тілдер жатады.
3)Тағы бір буын басқа буындардың ішінен өзінің құрамындағы дауыстының созылыңқы айтылуы арқылы ажыратылады. Бұл – квантативті екпін деп аталады. Тілде екпінің түрлері араласып келеді де, оның бір түрі басым болады. Кейбір тілде динамикалық екпінге квантативті екпіннің қосылуы мүмкін. Мұндайда динамикалық екпін негізгі болады да, квантативті екпін қосымша, көмекші қызмет атқарады. Мысалы: орыс тілі динамикалық екпінге ие тілдердің тобына жатады. Солай бола тұрса да, оған квантативті екпіннің қатысы бар. Олай деп тұруымыздың себебі орыс тілінде сөз құрамындағы екпін түскен буын,
1- ден жоғары қарқынмен, көтеріңкі айтылса, 2-ден ондағы дауысты дыбыс басқа буындардағы, яғни екпін түспеген буындардағы дауыстыға қарағанда созылыңқы айтылады. Демек, орыс тіліндегі екпін түскен буын квантативті сипатта болады. Сонымен қатар екпін кейбір тілдерде арнаулы бір буынға байланбай,ыңғайына қарай әр басқа буынға түсе беретін болса, ондай екпін жылжымалы екпін деп аталады. Мысалы орыс тіліндегі екпін жылжымалы екпін. Сол сияқты кейбір тілдерде екпін көбіне арнаулы бір буынға байланып, басқа буындарға жылжи бермейді. Екпіннің мұндай түрі тұрақты екпін деп аталады. Оған мысалы түркі тілдері ие. Қазақ тілінде екпін көбінесе сөздің соңғы буынына түседі.
Тіл- тілде сөз екпінінен басқа фразалық екпін болады. Сөйлеу процесінде бір-бірімен тіркесіп айтылған сөздердің әрқайсысы әрқашан бірдей екпінге ие болуы шарт емес. Кейбір сөз тіркестерінің құрамындағы сөздердің әрқайсысы өз алдына дербес екпінмен дараланбай, айтылу жағынан жігі жымдасып, бір ғана екпінге ие болады. Мұндай сөз тіркестеріндегі екпін фразалық екпін деп аталады.Фразалық екпіннің, әсіресе, сөздер бір-бірімен қосымшалар арқылы емес,орын тәртібі және дауыс тоны арқылы байланысатын және солар арқылы бір – бірінің жігі ажыратылатын түбір тілдерде айрықша мәні бар. Түркі тілінде соның ішінде қазақ тілінде, бір ғана екпінге бағынып айтылатын сөздердің тіркесі кездесе береді. Мысалы: ит-құс, ине-жіп т.б.
Сөзде белгілі бір буынның екпін түсіп, ерекшеленіп айтылатыны сияқты, кейде сөйлемде бір сөзге айрықша назар аударылып айтылатыны бар. Сөйлемде бір сөз басқа сөздерге қарағанда ерекше әуенмен айтылады. Мұндай екпін логикалық екпін деп аталады.Қазақ тілінде логикалық екпін көбінесе баяндауыштың алдындағы сөзде болады. Мысалы: Болат қаладан кеше келді- Кеше қаладан Болат келді.
5-дәріс Тақырыбы: Фонетикалық процестер мен заңдылықтар

  1. Дыбыстардың сөйлеу кезіндегі бір-біріне әсері.

  2. Фонетикалық заңдылықтар

.Тіл дыбыстары жеке дара күйінде айтылмай, сөз ішінде не сөз аралығында бір-бірімен тіркесіп, бір- бірне ықпал етіп айтылады.Дауыстылар да дауыссыздар да үндеседі. Мысалы:тау+лар; қонақ+қа т.б. Дауыстылардың бір-бірімен үндесуі сингармонизм деп аталады. Дауыссыздардың өзара үндесуі ассимиляция деп аталады. Тіл- тілде сингармонизм мен ассимиляциядан басқа диссимиляция деп аталатын дыбыс өзгерістері де бар.


а) Сингормонизм:
1)лингвальдық синтаксис сөз ішінде дауыстылардың не бір өңкей жуан, не жіңішке үндесуін айтады;
2) ерін үндестігі немесе лабиальдық синтаксис бастапқы буындағы ерін дау-ның ыңғайына қарай, соңғы буындарда ерін дауыстыларының келуі яғни дауысты дыбыстардың ерін қатыс жағынан үндесе айтылуы. Бұл үндестік түркі тілдерінің ішінде қырғыз тілінде күшті. Ал қазақ, ноғай, татар тілінде ерін үндестігі әлсіз түрінде ұшырасады;
3) Сөз ішінде не сөз аралығында дауыссыз дыбыстардың бірі екіншісіне ықпал етіп, өзара үндесуі ассимиляция деп аталады.
Көрші дыбыстардың не кейін не ілгері ықпал етуіне қарай: прогрессивті және регрессивті ассимиляция деп бөлінеді.
Прогрессивті ассимиляция – алғашқы дыбыстың кейінгі дыбысқа ықпал етіп, оны өзіне бағындыруы. Ал регрессивті ассимиляция- кейінгі дыбыстың алғашқы дыбысқа ықпал етіп, оны өзіне бағындыруы.
Диссимиляция бір тектес дыбыстардың арасында болады.Біркелкі не өзара ұқсас дыбыстың әр басқа не сәл ғана ұқсас дыбыс болып өзгеруі диссимиляция. Диссимиляция ассимиляцияға қарама-қарсы құбылыс, диссимиляция құбылысы қай тілде де ассимиляцияға қарағанда сирек ұшырасады.
.Белгілі бір фонетикалық жағдайда дыбыстардың әлсіреп, көмескеленуі нәтижесінде олардың дыбысталуының өзгеруі редукция деп аталса, дыбыстардың мүлдем түсіп қалуы элизия деп аталады. Дауыстылардың ішінде көбінесе редуксияланатын- қысаң дауыстылар. Мысалы: орын- орны, ауыл- аулы т.б.
Элизия: торы ат- торат,қайын аға- қайнаға
Диэреза- көп жағдайда ассимиляцияға негізделеді, яғни сөздерге түрлі аффикстер жалғанғанда соңғы сыңарлардың ығысуы не түсіп қалуы
Эпентеза- екі дыбыс аралығына қосалқы дыбыстың келіп кіруін айтады. Мысалы: метр- метрі т.б.
Протеза- дыбыс сөздің алдынан қосылады. Мысалы: шкаф- ышқап т.б.
Эпитезада дыбыс сөздің соңынан қосылады: киоск-киоскі
Апокопа- кейбір сөздердің соңындағы дыбыстардың түсіп қалуы.
Метатеза- дыбыстардың орын ауысуы. Мысалы. Дерезе-терезе-дәрәзә
Сөздерді айтудың жалпыға бірдей ортақ және қалыптасқан бірыңғай формалары жайындағы ережелердің жиынтығы орфоэпия деп аталады.
Тіліміздегі сөздер мен сөз тіркестерінің жазылуы мен айтылуы бірдей бола бермейді. Сондықтан да орфоэпия заңдылыңына сүйену керек. Әрбір сауатты адамға сөйлеуде үндестілікті сақтап айту қағидалардан ауытқымау қажет.
Тілдегі фонетикалық құбылыстар және олардың өзгеруі мен дамуының белгілі бір заңдылықтары бар Түркі тілдері дауысты дыбыстың біркелкі жуан не жіңішке болып үндесуі- әбден қалыптасқан фонетикалық заңдылық. Сондай-ақ дауыссыздардың да біркелкі қатаң не үяң болып үндесуі де заңдылық.

№6- дәріс


Тақырып: Жазу теориясы мен тарихы.

жүктеу 261.5 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет