Дәрістің мазмұны



жүктеу 261.5 Kb.
бет3/12
Дата19.06.2022
өлшемі261.5 Kb.
#20642
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Дәріс. Тіл біліміне кіріспе
6 Лекция Кыпшактану

Дәрістің мазмұны:


  1. Тілдің табиғаты, мәні мен қызмет

  2. Тіл және қоғам.

  3. Тіл -әлеуметтік құбылыс. Әлеуметтік лингвистиканың зерттеу нысанасы.

  4. Тіл мен ойлау, сөйлеу

Тіл –қыр-сыры мол, күрделі қоғамдық құбылыс. Тілдің ең басты қасиеті – оның қатынас құралы болуы. Тіл адам баласы ұжымында қатынас жасаудың, пікір алмасу мен сөйлесудің құралы ретінде пайда болды. Тарихта мұндай ұжым алғашқыда ру, тайпа кейін халық, ұлт болып өмір сүрді, осыған орай ру тілі, тайпа тілі т.б. болды. Адамдар ұжымына – мейлі ол ру не тайпа болсын – осылардың бәріне де тіл қатынас құралы ретінде қызмет етті.Тілдің қоғамда қатынас құралы ретінде қызмет атқаруы – оның табиғатын айқындайтын басты қасиеті.Тіл мен қоғам өзара тығыз байланысты. Тілсіз ешбір қоғам өмір сүре алмайтыны сияқты, тіл де қоғам бар жерде өмір сүреді.Қоғамның өмір сүруі үшін, адамдардың бірлесіп еңбек етуі үшін тіл қажет . Қоғам -тілдің өмір сүру шарты.


Тілдің табиғатын анықтауда оның ойды жарыққа шығарудың құралы екенін естен шығармау керек. Бұларға қоса тілдің тағы бір қызметі бар: ол- экспрессивтік қызметі. Тіл - қуатты құрал. Үшінші – прагматикалық қызметі. Біріншісі коммуникативтік және екіншісі когнитивтік-танымдық, үшінші - гносеологиялық (кейде оны экспрессивтік-эмоционалдық қызмет деп атайды, яғни сананың жұмысын жүзеге асыру қызметі). Тілге эмоциялық қызмет (адамның көңіл-күй, әсерлерін, сезімдерін жеткізу) жүктелінген. Тілдің метатілдік (металингвистикалық) тілді терминдерімен сипаттау құралы қызметін орындау. Тілді пайдалану кезінде оның негізгі қызметтері бір-бірімен шартты байланыста болады, бірақ сөйлеудің кейбір жеке үлгілерімен мәтіндерде әртүрлі дәрежеде көрініс табады. Коммуникативтік қызметке байланыс орнату (фатикалық), конативтік (меңгеру), волюнтативтік (ықпал ету) және ұлттық танымды, мәдени дәстүрді, тарихты сақтау және тағы басқа қызметтер жатады. Конативтік қызмет аясында таныммен тарихи қоғамдық тәжірибе, жинақталған білімдерді меңгеру, бағалау (аксеологиялың), сондай-ақ денотация (номинация аталым), референциялық, предикаттық құралдар ретінде пайдаланылады. Тілдің эмоционалдық кызметі, әсіресе поэтикалық, көркем әдеби шығармашылық салаларда орын алады.
Тіл қоғамдық құбылыс бола тұра басқа қоғамдық құбылыстардан айырмашылығы және өзіне тән ерекше белгілері бар құбылыс болып табылады. Ол айырмашылық немесе белгі тіл мен ойлаудың арақатынасы.
1.Тілдің табиғатын (мәнін) танып білу үшін оның ең басты қасиетін айқындап алудың маңызы айрықша. Тілдің табиғатын айқындайтын ең басты қасиеті делініп, оның қатынас құралы болу қызметі аталады. В.И.Ленин “Тіл – адам қатынасының аса маңызды құралы” – дейді. Тілдің қызметін түсінуде бұл анықтаманың маңызы үлкен. Тіл – адам баласы қоғамында қатынас құралы, сөйлесіп, пікір алысудың құралы ретінде пайда болды. Тарихта мұндай коллектив алғашында ру, тайпа түрінде, кейінде халық тілі, ұлт болып өмір сүрді, осыған орай ру тілі, тайпа тілі, халық тілі болды. Адамдар коллективіне – мейлі ол ру немесе тайпа болсын, халық немесе ұлт болсын – осылардың бәріне де тіл қатынас құралы ретінде қызмет атқаруы оның табиғатын (мәнін) айқындайтын басты қасиеті деуіміз де осыдан. Тіл мен қоғамның өз ара тығыз байланысы – екі жақты байланыс . Біріншіден, тілсіз ешбір қоғам өмір сүре алмайды. Тіл жоқ жерде адамдардың қоғамда бірлесіп еңбек етуі, қоғамдық өндірісті ұйымдастыруы, оны дамытуы мүмкін емес. Демек, қоғамның өмір сүруі, адамдардың бірлесіп еңбек етуі үшін қатынас құралы, пікір алысудың құралы – тіл қажет . Тіл – адам баласы қоғамының өмір сүруінің және дамуының қажетті шарты. Екіншіден , тіл қоғам бар жерде ғана өмір сүреді. Қоғам – тілдің өмір сүруінің шарты, қоғамнан тыс, адамдардың коллективінен тыс тіл жоқ. Қоғамның өмір сүруі үшін, адамдардың бірлесіп еңбек етуі үшін тіл қаншалықты қажет болса, тілдің өмір сүруі үшін қоғам да соншалықты қажет.
2. Тілді қоғамдық құбылыстардың қатарына жатқызуға негіз болатын басты белгі оның қоғамға қызмет ету белгісі екендігі жоғарыда айтылды. Бірақ, тілдің қоғамға қызмет етуі басқа қоғамдық құбылыстардың, мысалы, базис пен қондырманың, қоғамға қызмет етуінен өзгеше болады. Базис қоғамға экономикалық жағынан қызмет етсе, қондырма қоғамға саяси, заңдық, эстетикалық және басқа идеялар арқылы қызмет етеді, қоғам үшін тиісті көзқарастардың нормаларын жасап береді. Демек, тілден басқа қоғамдық құбылыстар, мысалы, базис пен қондырма, қоғамға белгілі бір салада қызмет етеді. Ал тілдің басқа қоғамдық құбылыстардан айырмасын көрсететін айрықша ерекшелігі мынада: тіл қоғамға қызмет еткенде, адамдардың қатынас құралы, пікір алысу құралы, бірін-бірі түсінісу құралы ретінде адамдардың ісі мен әрекетінің барлық саласында: өндіріс пен экономикалық қатынастар саласында да, саясат пен мәдениет саласында да, қоғамдық өмір мен күнделікті тұрмыста да бірлесіп жұмыс істеуге мүмкіндік беретін құрал ретінде қызмет етеді. Демек, тіл адамның ісі мен әрекетінің барлық саласын қамтиды, осыған орай, оның қимыл өрісі өте кең және әр жақты болады. Тілдің ерекшелігі оның ең басты қызметі – қатынас құралы болуынан келіп туады.
3. Қоғам мүшелерінің өз ара пікір алысуы тіл арқылы іске асады. Адам өз ойын басқаларға тіл арқылы айтып, не жазып жеткізеді.Тыңдаушы да сөйлеушінің ойын тіл арқылы түсінеді. Ойдың жарыққа шығып, іске асуы, өмір сүруші үшін тілдік материалға негізделуі, сөздер мен сөз тіркестері және сөйлемдер түрінде айтылуы шарт. “Тіл дегеніміз – ойдың тікелей шындығы” (К.Маркс). Ой шындығы тіл арқылы, тілдегі сөздер мен сөйлемдер арқылы көрінеді. Демек, тіл – пікір алысу құралы, ойлаудың қаруы, ойды білдіру құралы. Ой тіл арқылы айтылған мазмұнның негізін құрайды. Ой арқылы, адам миының сәулелендіруші әрекеті арқылы тілдік единицалар объективті дүниенің заттары мен және құбылыстарымен байланысқа түседі, мұнсыз адамдардың бір-бірімен тіл арқылы қатынас мүмкін болмаған болар еді. Белгілі бір тілдің дыбыстық комплекстері ойлауда сәулеленетін объективті дүниенің элементерінің сигналдары ретінде қызмет етеді де, бұл дыбыстық комплекстерде адам танымының нәтижелері орнығып бекітіледі, ал осы нәтижелердің өзі ары қарай танып білуге негіз болады. Сондықтан да тіл ойлаудың қаруы, инструменті ретінде,ал тіл мен ойлаудың байланысы бірлік ретінде сипатталады. Тіл мәдениетпен байланысты, бірақ онымен тепе-тең емес. Тілді қондырмамен теңестіру, бірдей деп есептеу қаншалықты қате болса, тілді мәдениетпен теңестіру, бірдей деп есептеу соншалықты қате болмақ. Мәдениет идеологиялық, яғни қондырмалық құбылыстың қатарына енеді, осыған орай, ол буржуазиялық та, социалистік те болуы мүмкін.Ал тіл қатынас құралы ретінде әрқашан жалпыхалықтық сипатта болып, буржуазиялық мәдениетке де, социалистік мәдениетке де бірдей қызмет етеді алады.
4. Тіл мен ойлау.
1.Тіл мен ойлаудың бірлігі жөніндегі әр түрлі көзқарастар (К.Маркс, Гумбольдт, Л.Блумфилд, З. Харис, Н.Я.Марр)
2.Тілдің категориялары мен ойлаудың категорияларының ара қатынасы.
Дыбыстық тіл де, абстрактілі ойлау да адамға тән құбылыстар.Біріншіден, тіл де, ойлау да - адам миының туындысы, екіншіден, тілде, ойлау да- әлеуметтік құбылыс, өйткені адамның өзі қоғамдық құбылыс болып табылады.
Адам өз ойын басқаларға тіл арқылы айтып, не жазып жеткізеді.Ой шындығы тіл арқылы, тілдегі сөздер мен сөйлемдер арқылы көрінеді. Демек, тіл ойлаудың қаруы, ойды білдіру құралы.
Адам ойлауының хайуанаттар ойлауынан, сонын ішінде адам тәріздес маймылдардың ойлауынан айырмашылығы сол, адамдар обьективті дүниенің байланысы мен қарым-қатынасын танып біледі. Алғашқы адамдар қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсаты мен еңбектеріне байланысты өздерін қоршаған дүниедегі бір затты екінші бір затқа әсер ететіндей етіп пайдаланды.Еңбек процесінде адамның ойлауы пайда болды. Ойлаудың тілмен тығыз байланыста болатының ойлау формаларының бірі пайымдаудың сөйлеммен байланысынан көреміз. Пайымдау сөйлемсіз өмір сүре алмайды. Демек, сөйлем- пайымдаудың нақтылы өмір сүруінің формасы. Бұдан сөйлем мен пайымдаудың бір-бірімен өзара байланысы шығады.
Тілдегі әрбір единицалар- сөз, сөз тіркесі, сөйлем белгілі бір мағынаны, ойды, ұғымды білдіреді. Тіл мен ойлаудың арақатынасын белгілеуде әр түрлі көзқарастар мен пікірлер бар.Кейбір ғалымдар тіл мен ойлау бірдей, тепе-тең нәрсе десе, қайсыбіреулері тіл мен ойлауды бір-біріне байланыссыз – тілді ойлаудан, ойлауды тілден бөліп тастайды. Ал, Н.Я.Мардың пікірі осы екі көзқарастың пікірінен тұрады, яғни тіл мен ойлау тепе-тең олардың арасында ешқандай байланыс жоқ деп дәлелдеді. Марр тілдер мен ойлаудың дамуының үш түрлі сатысы бар. Олар аморофты түрі- тіл мен ойлаудың ең алғашқы түрі болса, флективті түрі- ең дамыған түрі деген қате қорытынды жасайды.
Сонымен, тіл мен ойлауды теңестіру де,олардың бірлігін жоққа шығаруы, бірінен-бірін бөліп тастау- ғылыми негізі жоқ қате көзқарастар.
Тіл мен ойлау әрдайым бірлікте болады. Ойлау тілдегі сөздер мен сөйлемдердің негізінде іске асады,басқаларға белгілі болса, басқаның ойын да тіл арқылы түсінеміз.
Тілдің таңбалық сипаты оның негізгі ерекшелігінің бірі. Тіл білімінде тілдің таңбалық түрлерін айқындауда таңбаның қызметінің сипаты негізге алынады. Тілдік таңбалардың төмендегідей типтері бар:
1.Дифферциялаулы қызметі басым тілдік таңбалар. Бұларға фонемалар жатады;
2. Дифференциялаушы қызметінен теңдестіруші қызметі басым таңбалар. Бұларға грамматикалық морфемалар жатады;
3.Әрі дифференциялаушы, әрі жалпылаушы қызметке ие таңбалар. Бұларға сөздер, сөз тіркесі, сөйлемдер жатады.
Тілден басқа барлық таңбалар жүйесі қолдан жасалады. Тіл - қатынас жасаудың құралы. Қандай да бір таңбалардың жүйесі болсын тілді ауыстыра алмайды, оның атқаратын қызметін де атқара алмайды.
Тіл- белгілі бір қызметі бар, бір бүтін жүйелі құбылыс. Құрылым бүтіннің бойындағы әр тектес элементтердің арақатынасынан және бірлігінен тұрады. Ол элементтер мыналар : а) дыбыстық фонема;
ә) морфема;
б)сөз;
в)сөйлем.
Бұл элементтер бір-біріне сапасы жағынан ажыратылады:
а) Дыбыстар бір сөзді екінші сөзден, бір морфеманы басқа морфемадан ажыратады. Мысалы: күн, түн, жүн; тон, тоң;
ә) Морфема- мағына мен дыбыстардың бірлігінен тұратын ең кіші тілдік элемент. Морфеманың түбір және аффикстік морфема деп аталатын түрлері бар. Мысалы: жылқы + шы = жылқышы.
б) Сөздер заттар мен құбылыстарды, сапа мен белгіні, қимылды т.б атайды. Сөздің бұл қызметі номинативті қызмет
в) Сөйлем ойды білдіреді, хабарлау қызметін атқарады. Сөйлем коммуникативті қызмет атқарады. Құрылымның элементтері бір-бірімен өзара байланыста болады. Тілдің жүйелі сипаты оның барлық салаларынан- көрінеді. Мысалы: дауысты дыбыстардың жүйесі. Жуан және жіңішке, ерінді және езулік, болып бөлінуі тілдің дыбыстық жағында белгілі бір жүйе бар екенің көрсетеді. Осы сияқты сөздердің өзгеруі, түрленуінің белгілі бір формалары мен жүйелері бар. Мұндай жүйелікті тілдің синтаксис, морфология салаларынан да көруге болады. Егер тілде жүйе болмаса, егер ол бір-бірімен байланыссыз, ретке келтірілмеген элементтер күйінде болса, пікір алысудың құралы болмаған болар еді. Тілде жүйелік қасиет болғандықтан да біз басқа бір тілді оқып- үйрене аламыз.
Тіл білімінде тілдің белгілі бір дәуірдегі қалпы (синхрония), тарих бойында өзгеруі мен дамуы ( диахрония) зерттеледі.
Сөйлеу - адамдардың материалдық өзгертуші іс-әрекеті үдерісінде тарихи тұрғыдан қалыптасқан тіл арқылы болатын қарым-қатынас нысаны . Сөйлеу мен тілдің байланысы неде? Бұл сұрақтарға мамандар әр түрлі жауап береді. Кейбіреулері олардың арасында ешқандай айырмашылық жоқ ,- дейді. Келесілері «Сөйлеу – тіл жұптағы түсінікті тек сөйлеу – индивидуалды табиғаттың феномені, ал тіл психологиялық құбылыс емес, сондықтан ол әлеуметтік, оны зерттейтін психолингвистика болып табылады ,-дейді. Ф. де Соссюр "Тіл және сөйлеу мәселесі" мәселесін көтереді. Ол тіл мен сөйлеу бір-бірімен байланысты, бірақ бір-бірінен өзгешеліктері бар, екі бөлек дүние. Сөйлеу - тілді қолданудың нәтижесі, ол - индивидуалдық, ал тіл - қоғам мүшелерінің бәріне бірдей дәрежеде міндетті, өзара байланысты таңбалардың жүйесі. Тіл - әлеуметтік сипатқа ие дейді . Тіл мен сөйлеуді ғалымдар кейде бірге алып қарастырса, кейде екеуін екі бөлек құбылыс деп таниды. Мәселен, немістің көрнекті лингвисі Вильгельм фон Гумбольдт пен орыс лингвисі И.Э.Бодуэн де Куртенэ тіл мен сөйлеуді жеке-жеке ажырата келіп, оларды адамның ойы мен қарым-қатынасына байланысты қажеттіліктен туған үдеріс деп қарастырады . Ф. де Соссюр тіл мен сөйлеуді ажырата келіп, олардың әрқайсысына тән айырмашылықтарды нақтылап көрсетеді. Автордың айтуынша: Тіл- әлеуметтік, ал сөйлесім – жеке-дара құбылыс. Тіл- тұрақты және ұзақ өмір сүретін үдеріс, ал сөйлеу -тұрақсыз және жиі өзгеріп отырады. Тіл – адамның миымен, санасымен бірге өзі қалыптасатын үдеріс, ал сөйлеу - әркімнің өзі дамытып отыратын үдеріс. Тіл- адамның қарым-қатынасында бәріне ортақ, ал сөйлеуде автордың өз қолтаңбасы болады. Тіл – психикалық құбылыс, ал сөйлеу – психо-физикалық құбылыс. Сөйлеу- адамның тіл амалдарын пайдалану арқылы пікір, ой білдіру әрекеті. Сөйлеу – анатомиялық мүшелердің қатысуымен іске асқанымен, негізінен, кісінің психикалық қабілетіне, қоғамдық тәжірибесіне сүйенеді. Сұрақтар мен тапсырмалар: 1.Тіл мен ойлаудың бірлігіне сипаттама беріңіз. Сілтемені қараңыз: http://ffre.ru/polmerbewatyrnaotr.html http://ffre.ru/polmerbewatyrnaotr.html Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А., 2010 2. Исаев . С. Қазақ тіл білімінің мәселелері. Вопросы казахского языкознания. - Алматы, 2011 3. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері: жоғары оқу орындарының филология факультеттеріне арналған оқу құралы / К. Аханов. - Алматы: Өлке, 2010. - 240 б. 4. Сағындықұлы, Берік. Қазақ тілінің тарихы. Жаңа курс: лекциялар. - Алматы: Қазақ университеті, 2011. - 145 б.

4 - дәріс



жүктеу 261.5 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет