Дәрістің мазмұны



жүктеу 261.5 Kb.
бет1/12
Дата19.06.2022
өлшемі261.5 Kb.
#20642
түріКонспект
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Дәріс. Тіл біліміне кіріспе
6 Лекция Кыпшактану

ПӘН БОЙЫНША ДӘРІСТЕРДІҢ КОНСПЕКТІСІ
1 - дәріс
Тақырып: Тіл және тіл туралы ғылым. Тіл білімінің нысаны және пәні, ғылымдар жүйесінде алатын орны.

Дәрістің мазмұны:


1. Тіл білімінің зерттеу нысаны.
2 Тіл білімінің басқа ғылымдар арасында алатын орны.
3. Тіл білімі, түрлері және оның салалары.
4. Тіл білімінің теориялық және практикалық мәні.


1. Тіл білімі (лингвистика) – адам баласының тілі жайындағы ғылым. Тіл -тіл білімінің зерттеу нысаны.Тіл қоғамдағы адамдардың өзара сөйлесіп бірін-бірі түсінуіне мүмкіндік береді, олардың іс-әрекеттерінің барлық саласында қолданылады. Тіл сөздік құрам мен грамматиканың, фонетиканың бірлігінен құралады. Тілдегі лексикалық, грамматикалық,фонетикалық құбылыстар белгілі заңдылықтарға бағынады.Тіл білімі осы заңдылықтарды зерттеп, олардың сырын ашады. Сонымен, тіл туралы ғылым тіл білімі немесе лингвистика деп аталады.
Тілдің жеке-жеке қасиеттері тіл білімінің әр саласында қарастырылады.Тілдегі сөздер, олардың жиынтығы – сөздік құрам- тіл білімінің лексикология саласында, сөздердің өзгеруі, олардың бір-бірімен тіркесуінің заңдылықтары- грамматика саласында, тілдің дыбыстық жүйесі- фонетика саласында қарсатырылады. Тілдің бұл салалары бір-бірімен соншалықты тығыз байланыста болады.
Тіл білімі ғылым ретінде XIX ғ. басында тарихи салыстырмалы грамматиканың негізінде жасалады.Әрине, бұған дейін де тіл білімі болған. Бірақ тілдегі сан алуан құбылыстардың шығуы, дамуы, себептері айқындалмай, тек сипаттама берумен қатар шектелді. XIX ғасырдың бірінші ширегінде ғана тілдердің өзгеру немесе даму заңдары ашылып, айқындалып, туыстас тілдерді салыстыра зерттеудің барысында тіл білімі ғылым ретінде жасалып қалыптасты. Тіл білімі жалпы тіл білімі және жеке тіл білімі болып қарастырылады. Жалпы тіл білімі-тіл туралы ғылымның жалпы теориялық саласы, яғни бір ғана тілдің емес, көптеген тілдердің деректерін есепке алады, жалпы теориялық топшылаулар мен қорЫтындылар жасайды.
Жеке тіл білімі- нақты бір тілді (орыс,қазақ,ағылшын), сонымен бірге туыстас тілдер тобын ғылыми тұрғыдан тану болып табылады, яғни тіл біліміне кіріспе деп аталатын курс- жалпы тіл білімінің бастама курсы.
Ғылым атаулы, әдетте, екі топқа бөлінеді: оның бірі-жаратылыстану ғылымдары, екіншісі-қоғамдық ғылымдар. Ғылым атаулының бұлайша екі үлкен топқа бөлінуі, сайып келгенде, олардың нені зерттейтіндігімен байланысты. Шындық болмыстағы құбылыстардың бір тобы материалдық құбылыстар, жаратылыс құбылыстары болса, екінші тобы – қоғамдық құбылыстар. Материалдық құбылыстарды, жаратылыс құбылыстарын жаратылыстану ғылымдары (физика, химия, биология, математика және осылардан бөлініп шыққан басқа ғылымдар) зерттесе, адам баласы қоғамындағы құбылыстарды (яғни қоғамдық құбылыстарды) қоғамдық ғылымдар (тарих, философия, саяси экономия, заң ғылымдары және т.б.) зертейді.
Тіл білімі ғылымдардың осы аталған екі тобының қайсысына жатады? Бұл мәселе ғылым тарихында түрліше қаралып, осыған орай, түрліше шешіліп келеді. Мысалы, XIX ғасырда кейбір ғалымдар тілді жаратылыс құбылыстарының қатарына жатқызды да, осыған орай, тілді зерттейтін тіл білімін де жаратылыс тану ғылымындарының қатарына қосты. Неміс лингвисі Август Шлейхер (1821-1868) дәл осындай пікірде болып, тілді тірі организм сияқты құбылыс деп есептеді.Оның пікірінше, тіл де тірі организмше туады, өседі, қартайып тозады, өледі. Август Шлейхер тілді биологиялық құбылыстардың қатарына жатқыза келіп, оны (тілді) зерттейтін тіл білімін де жаратылыстану ғылымдарының қатарына қосты. Алайда, Август Шлейхердің бұл тұжырымы мүлдем қате. Бұлай дейтініміз: тіл мен тірі организмнің арасында түбірлі айырмашылықтар бар. Тірі организмнің өлуі биологиялық тұрғыдан болмай қойылмайтын шарасыздық. Ал тіл қандай бір тірі организмнен болсын анағұрлым ұзақ өмір сүреді. Тіл өз дамуының ішкі заңдары бойынша дамып отырады, бірақ оның тірі организм сияқты өлуі шарт емес.Тірі организм биологиялық құбылыстардың қатарына жатса, тіл қоғамдық құбылыстардың қатарына жатады. Демек, Август Шлейхердің тілді тірі организм деп, табиғат құбылыстарының қатарына жатқызуы қаншалықты қате болса, тіл білімін қоғамдық ғылымдардың емес, жаратылыстану ғылымдарының қатарына қосуы соншалықты қате. Тіл – қоғамдық құбылыс, сондықтан оны зерттейтін ғылым – тіл білімі де қоғамдық ғылымдардың қатарынан орын алады.
2. Тіл білімінің ғылымдар жүйесінде алатын орнын және оның басқа ғылымдармен байланысын жете түсіну үшін, қазіргі замандағы ғылымның сипаты туралы мәселеден хабардар болу өте-мөте қажет.Қазіргі заманда бір жағынан, ғылымның бұрын болмаған жаңа салалары жасалып, ғылымда диференциация процесі жүріп жатса, екінші жағынан, екі немесе бірнеше ғылымның өз ара түйіскен жерінен сол ғылымдардың бәріне ортақ, бәріне бірдей қатысты проблемаларды бірлесе зертейтін дербес ғылыми дисциплиналар жасалып, ғылымда интеграция процесі жүріп жатыр.
Ғылым атаулының осылайша даму барысында тіл білімі де басқа көптеген ғылымдармен байланысқа түсіп, солармен қанатаса дамып келеді. Ол, ең алдымен, қоғамдық ғылымдармен тығыз байланысты. Бұлай болатыны мынадан: тіл білімі тілді қоғамның тууымен бірге туып, қоғамның дамуымен бірге дамитын қоғамдық құбылыс ретінде, қоғам мүшелерінің пікір алысу, қатынас жасау құралы ретінде қарастырады.Тіл білімі тілдің шығу тегін, жасалуын және дамуын зерттегенде, тарих ғылымының деректерінде пайдаланатыны сияқты, тарих ғылымы халық тарихын, қоғам тарихын зерттеу барысында тіл білімінің деректері мен жетістіктерін де пайдаланады. Сондай-ақ , тіл білімі археологиямен де, этнографиямен де байланыста болады. Бұл байланыс мынадан: тіл талай заманның жемісі, қазіргі тілдің элементтері өте ерте заманда жасалған. Ал археология болса, ол халықтардың ежелгі көне мәдениетін зертейді,этнография халықтардың ерте кездегі тұрмысы мен әдет ғұрпын зертейді.Осыған орай, археология мен этнографияның деректері тіл тарихына қатысты мәселелерді зертеуде, айқындауда өте құнды материал ретінде қызмет ете алады.Тіл білімінің бір саласы - этнолингвистика тілді сол тілдің иесі- халықтың мәдениетімен байланысында зерттейді.Тіл білімінің археология мен этнографиямен байланысы бір жақты байланыс емес, екі жақты байланыс. Бұлай дейтініміз: археологиялық және этнографиялық деректер лингвистика үшін қаншалықты пайдалы болса, лингвистикалық деректер археология этнография үшін соншалықты пайдалы болмақ.
3. Тіл білімі қоғамдық ғылымдармен қатар жаратылыстану ғылымдарымен де тығыз байланысты. Тілдің дыбыстық жағын тіл білімінің фонетика саласы, физиканың акустика саласы қарастырады. Сөйлеу процесі дыбыстарды айту және тіл дыбыстарын қабылдаумен тікелей байланысты.Ал бұл процесті дыбыстардың артикуляциясы ( сөйлеу мүшелері арқылы тіл дыбыстарының жасалуы) жағынан және сөйлеуді есту мүшесі арқылы қабылдау жағынан физиология зертейді.Тілдің күрмелу себебін медицина мамандары атап айтқанда, психиаторлар, дефектологтар, логопедтер зертейді. Мұның үстіне, элоктронды машинамен аударма жасаудың, инфармация теориясының және кибернетиканың бірсыпыра мәселелерінің тікелей тіл біліміне қатысты болуы лингвистика мен математика ғылымдарының байланысын тудырып отыр.
Бұл айтылғандар тіл білімінің дербес ғылым бола отырып, әр түрлі қоғамдық ғылымдармен де, жаратылыс тану ғылымдарымен де қарым-қатынаста, өз ара байланыста болатынын және жалпы білімдік үлкен мәні бар екендігін көрсетеді

жүктеу 261.5 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет