Дәріс сабақтарының қысқаша мазмұны Тақырып Кіріспе. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы»



жүктеу 108.83 Kb.
бет8/21
Дата17.02.2022
өлшемі108.83 Kb.
#17319
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21
Дәріс (1)
Негізгі әдебиеттер:

  1. Алдажуманов К.С., Козыбаев М.К. Тоталитарный социализм: реальность и последствия. –Алматы, 1997.

  2. Гуревич Л. Тоталитаризм против интеллигенции. А., 1992.

  3. Койгелдиев М.К. Сталинизм и репрессии в Казахстане 1920-1940-х годов. Алматы, 2009

Қосымша әдебиеттер:

  1. Козыбаев М.К. Историческая наука Казахстана. А., 1992.

  2. Народное движение за освоение целинных земель в Казахстане. Сборник материалов. М., 1959

  3. Берденова К.А., Общая и экономическая история Казахстана. – Алматы, «Экономика», 2000.



Тақырып 7.Кеңестік қоғамның саяси, әлеуметтік және экономикалық дағдарысы.

Дәріс жоспары:

1.Идеологиялық тоқырау: зиялылардың астыртын әрекеттері, қазақ жастарының бейресми студенттік үйірмелерінің ұлттық жаңғырудағы рөлі

2. Әкімшіл басқарудың аграрлық саладағы қайшылықтар

3. Халықтың материалдық тұрмыс жағдайы (тұрғын үй, ішкі миграция, паспорттық жүйе, «тіркеу» (прописка), тілдік кемсітушілік (дискриминация), , т.б. мәселелері)



4.Экологиялық дағдарыстар:. Арал қасіреті, Семей ядролық сынақтың қазақ халқына тигізген трагедиялық зардабы

5.Әміршіл басқарудың күшеюінен мәдени және рухани өмірдегі қайшылықтар: ұлт саясатындағы әділетсіздік, Целиноград оқиғасы. Қазақ тілінің қолдану аясын тарылту.

Шартты түрде тоқырау жылдары деп аталып жүрген кезең 60-жылдардың ортасынан бастап 80-жылдардың ортасына дейінгі мерзімді қамтиды. Бұл кезеңде социалистік бағдардағы мемлекеттер арасында жетекші рөл атқарып келген Кеңес Одағының ықпалы бұрынғыға қарағанда солғындады. Жыл өткен сайын КОКП-ның халықаралық аренадағы беделі түсіп, дүниежүзілік арандатушы фактор кейпінде көріне бастады.

Қоғамдық-әлеуметтік даму барысында тоқырау белгілері айқынырақ біліне бастағандықтан, КСРО-ға ең жақын деген мемлекеттер де социализмнің кеңестік жолынан бас тартуға бейім күштер байқалды. Дамудың жаңа бағытына ойысуға деген құлшыныс 1968 жылы Чехославакияда болған оқиғалардан айқын көрініс берді. Бұл елдегі оқиғалар партияны жаңартуға, қатып-семіп бара жатқан қоғамдық жүйені өзгертуге, нарықтық қатынастар жолымен экономикалық реформалар жүргізуге бағытталған шаралар үлгісін көрсетті. 70-жылдардың екінші жартысында социализмнің кеңестік нұсқасынан бас тарту, шын мәніндегі демократиялық қоғам орнату жолындағы Польшада ірі саяси оқиғаларға – бүкіл қоғамда революциялық қай құрулар жүргізуге ұласты. Сол жылдардың өзінде батыл саяси қадамдар жасаған “Ынтымақ” қоғамдық ұйымы бұл елдің 80-жылдардағы дамуына айтарлықтай ықпал етті. 70-жылдардың аяғында Қытай Халық Республикасының экономикасында түбегейлі өзгерістер басталды. Ал КСРО-дағы жағдай бұрынғысынша қала берді. Ішкі істер министрлігінің, МКК-нің және әскердің күшіне сүйенген компартия кез келген бөгде пікірге жол бермеуді қатты қадағалап отырды. Новочеркасскідегі, Грузиядағы, Балтық республикаларындағы оқиғаларға қатысқандар қатал жазаланды және көпшілік назарынан тыс ұсталды. Қалыптасқан режимге наразылықтың бір түрі – шет елдерге қашу етек ала бастады.

1965 жылғы реформалар 70-жылдардың басында-ақ өзінің позицияларынан айрыла бастады, қол жеткен деңгейден одан әрі өрлеу барған сайын қиындады, әрі күрделене түсті. Оған өндірілетін өнімді қымбаттату есебінен ғана жету мүмкін еді, сөйтіп оның әр түрлі амалы іздестірілді. Атышулы жалпы өнім шығару әлеуметтік-экономикалық қызметтің барлық өрісін жайлап алды. Жағдай осылай мүмкін бола тұрса да, Н.С. Хрущевтің кезіндегідей, енді Л.И. Брежневті дәріптеу барған сайын кең өріс алды. Қызметі мақталған сайын наградалар да қардай борады, олардың саны жағынан ол бұрын-соңды құлақ естіп, көз көрмеген деңгейге жетті. Сол кездегі Одақтың тарихында Брежнев тұңғыш рет бейбіт уақытта маршал атанды, төрт Кеңес Одағының Батырларының, Еңбек Ерінің алтын жұлдыздарын омырауына қадады.

Кеңес қоғамының даму үрдісіндегі бітпес қарама-қайшылықтардың табиғаты КСРО-ның 1977 жылы қабылданған Конституциясынан көрініс тапты. Жаңа Конституция 1961 жылы КОКП-ның ХХІІ съезінде қабылданған іс жүзінде орындалмайтын, коммунизм құрудың үш міндетін алға тартты. Кемелденген социализм идеясы да бұл құжаттан қағыс қалмай, коммунизмге өсер жолдағы заңды белес деп танылды. Конституцияда кемелденген социалистік қоғамға қуатты өндіргіш күштер, алдыңғы қатарлы ғылым мен мәдениет, шынайы демократия жетілген қоғамдық қатынастар тән деп көрсетілгенмен, “Кеңес қоғамының басты және бағт беруші күші оның саяси жүйесінің ұйытқысы КОКП” екендігі арнайы бапта аталып өтілді. Осылай Компартияның бүкіл елдегі билігі конституциялық күшке ие болды. Бүкіл Кеңес Одағындай Қазақстанда да Компартия толық үстемдік жүргізді. Республикадағы ең жоғарғы заңды билік органы – Жоғарғы Кеңесі де толық партиялық бақылау астында жұмыс істеді. Қазақстан КП Орталық Комитетінің 1960 жылы қаңтарда болған пленумында республика партия ұйымының бірінші хатшысы болып Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев сайланды. 1962 жылдан бастап екі жыл Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы қызметін атқарған ол 1964 жылдан бастап қайтадан Қазақстан КП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы жұмысына келіп, 1986 жылдың желтоқсанына дейін сол қызметін абыройлы атқарды.



Антидемократия, жариялылыққа жол бермеу, пікір алуандығын болдырмау, адам құқығын аяққа таптау, әр адамның жеке ісіне араласу Кеңес қоғамының саяси жүйесіне тән белгілер болып қала берді. Сөз бен іс бірлігі туралы көп айтылғанмен, іс жүзінде олардың арасындағы алшақтық жер мен көктей еді. Бұл жағдай адамдардың психологиясында енжарлық пен самарқаулық ұялатты. Адамдар қоғамдық белсенділігін жоғалтты, кім билесе, соған көне беретін, қалай айдаса солай жүретін тобырға айналды. Маскүнемдік пен нашақорлық өсе берді. Бірақ ашық айтуға рұқсат етілмеді.

«Тоқырау» кезеңі дейтін 1971-1985 жылдарда Қазақстан экономикасы бұрынғысынша техникалық прогреске қабілетсіз, қарабайыр әдіспен дамыды. 1980 жылға дейін республика 250-ге жуық кәсіпорын, ірі өндірістер мен цехтер іске қосылып өндірістің жаңа салалары пайда болды. Бірақ бұл жылдары Қазақстан КСРО-ның бірыңғай жүйе бойынша жұмыс істегендігімен экономика қалыпты қарқынды дами алмады.Оның басты себептері република экономикасындағы өнеркәсіптер Одақтық және Республикалық бағытта жұмыс істеді. Одақтың министрлерге қарайтын Қазақстанның кәсіпорындарынан жылына 15 млрд. сом табыс тауып отырса, Республиканың бюджетіне не бәрі 31 млн сом қаржы түсті. Бұл барлық түскен пайданың 1%-ақ болатын. Осы себептерге байланысты өнеркәсіп өнімдерінің кейбір түрлерін өндіру жекелеген экономикалық көрсеткіштер бойынша жоспарланған тапсырмалар орындалмады.

Интернационализмді дұрыс түсінбеу Қазақстанда тіл саясатында тек ұлтаралық қатынас тілін ғана қолдап, ал ұлт тілі туралы үндемей қалуға әкеп соқтырды. Орыс тілін республика қазақтарының 60 пайызы меңгерсе, қазақ тілін орыстардың 1 пайызынан азы ғана меңгерді. Қазақ тілі тек тұрмыстық саламен шектеліп, іс жүргізуде, мемлекеттік, дипломатиялық және әскери өмірде сол сияқты жоғары мектептерде қолданылмады. Республикада шыққан кітаптардың 95 пайызы орыс тілінде басылды, теледидар хабарларының 70 пайызы эфирге орыс тілінде берілді.

жүктеу 108.83 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет