Дәріс сабақтарының қысқаша мазмұны Тақырып Кіріспе. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы»



жүктеу 108.83 Kb.
бет4/21
Дата17.02.2022
өлшемі108.83 Kb.
#17319
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Дәріс (1)
Негізгі әдебиеттер:

  1. Қойгелдиев М.Қ. Алаш қозғалысы. А., 1995.

  2. Малтусынов С.Н. Аграрный вопрос в Казахстане и государственная дума России 1906-1917 гг. А., 2006.

  3. Национально-освободительное движение в Казахстане и Средней Азии в 1916 году: характер, уроки, итоги. Составители: Мажитов С.Ф., Жакишева С.А., Романов Ю.И. А., 1996.

  4. Нұрпейісов К.Н. Алаш һәм Алашорда. А., 1995.

Қосымша әдебиеттер

  1. Қозыбаев М.К. Ақтаңдақтар ақиқаты.-Алматы, 1992.

  2. Мырзахметов М. Қазақ қалай орыстандырылды. –Алматы, 1994.


Тақырып 4.Кеңестік тоталитарлық Қазақстанның қалыптасуы: сипаты, шаралары, сабақтары

Дәріс жоспары:

1.ЖЭС-тің басталуы ашаршалықпен күрес. Жер-су реформасы

2.Қазақстанды индустрияландыру идеясы және оның отарлық мазмұны

3.Ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыру, әдістері, дәстүрлі шаруашылық жүйесінің күйреуі. Ұлт-азаттық қозғалыстар



4. Сталиндік «үлкен» қуғын-сүргін, оның ауқымы мен ауыр салдарлары. Мәдениет пен ағарту саласындағы қайшылықтар, келеңсіздіктер

Азамат соғысы жылдарында демографиялық ахуал келеңсіз өзгерістерге ұшырады. Мал саны күрт азайып кетті. Көптеген адамдар мекендерін тастап, көшіп кетуге мәжбүр болды. Қатыгездік пен зорлықтың күшеюі ертеңгі күнге сенімсіздік туғызды. Солай бола тұра, Азамат соғысы жағдайында Қазақстан еңбекшілері күйзеліске, ашаршылыққа қарсы одан әрі жанқиярлықпен күресе берді.

Қазақстандағы «Әскери коммунизм» саясаты (1918-1920 ж., наурыз). Кеңес республикасының экономикасы майдан мұқтаждарына жұмыс істеді. 1919 жылы қаңтарда астық дайындау мен бөлу монополиясына азық салғырты қосылды. Өлкенің адам және материалдық байлықтарын барынша игеру экономикалық әдіске жатпайтын күштеу әдістерімен (реквизициялау, наряд арқылы) жүргізілді. Әскери коммунизм саясаты жергілікті бюджеттерді жоюдан, оларды біріңғай мемлекеттік бюджетке қосып, біртұтас қазына құрудан, ұсақ және майдагерлік өнеркәсіпті мемлекет меншігіне алудан көрініс берді.Билік иелері 1921 жылғы наурызда азық салғыртын азық салығымен алмастыру, әскери коммунизмнен Жаңа экономикалық саясатқа (ЖЭС) көшу туралы шешім қабылдады. Жаңа экономикалық саясаттың енгізілуіне байланысты жерді жалға беруге және алуға, жалдамалы еңбекті қолдануға рұқсат етілді, ауылшаруашылық, несие және тұтыну кооперациясын дамыту көтермеленді.

Қазақстанда 1921-22 жылдары ЖЭС аясында жүргізілген шаралардың бірі Жер-су реформасы болды. Реформаның негізгі міндеті 1920 жылы құрылған ҚазАКСР-нің территориясында қазақ жерлерін біріктіру болды. Осыған байланысты қазақ автономиясы құрамында жер саясатын жүргізуші жетекші орган – Жер комитеті құрылды.

Ф. Голощекин «ауылды кеңестендіру» ұранымен Қазақстанда «жаңа революция» жүргізудің идеялық-саяси негізін жасады. Бұған наразылық білдірген Т. Рысқұлов және басқа ұлт зиялылары БК(б)П Орталық Комитеті қарамағына шақырылып алынды, ал С.Садуақасов, С.Сейфулин, С.Қожанов, Ж.Мыңбаев ұлтшыл деп айыпталды. Бұрынғы ұлттық зиялылардың шағын тобы да қуғынға ұшырады.

Қазақстан Орталық Атқару Комитеті мен Халық Комиссарлары Кеңесі 1928 жылы «Аса ірі бай шаруалары мен жартылай феодалдарды тәркілеу және жер аудару» туралы декрет шығарды.

Қазақстанда жаппай ұжымдастыруды жанталаса жүргізді. Ұжымдастыру қозғалысындағы бұрмалаушылықтар үшін айрықша жауапкершілік Қазақстанда «Кіші Қазанды» жүзеге асыру теориясы авторының мойнында жатыр.

Кеңес Одағы Коммунистік партиясының XV съезі (1927 ж 2-19 желтоқсан) шақырылды, ол ауылшаруашылығын мейлінше ұжымдастыру, жаңа техникамен жарақталған социалистік ірі ауылшаруашылық өндірісіне көшу жағдайында қарар қабылдады.

Еріктілік ұстанымы мен қарапайым заңдылықтың бұзылуы әуел бастан-ақ барлық жерге тән сипат алды. Сайлау құқықтарынан айыру “тәрбиелеу мақсатымен” тұрып жатқан жерінен басқа ауданға жер аудару немесе ұзақ уақыт қамауда ұстаумен қорқытуды күшейту тәсілдері – кең тараған түрге айналды. Мыңдаған ауқатты және орташа шаруашылықтар – кулак құйыршықтарының қатарына жатқызылды.



1929 ж. ғана республикада 56498 шаруа жауапқа тартылып, олардың 34 мыңнан астамы сотталды. Кулактарды жою дейтін науқанның зардаптары ауыр болды. Кей жерлерде кедейлер мен орта шаруаларды орынсыз соттау және олардың малын жөнсіз кәмпескелеу меншік құқығынан айыру, тұрақты мекенінен күштеп көшіру орын алды.

Қазақстанда индустрияландыру ісі болашақ өнеркәсіп үшін қажетті табиғи байлықтарды зерттеуден басталды. 1927 жылы Түркістан-Сібір темір жол магистралі салына бастады. Бұл темір жол құрылысы елімізідің тарихына еңбек ерлігінің үздік үлгісі ретінде енді.

20 жылдардың аяғы 30-жылдарда Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдай бүкіл елдегі сияқты тұрақты емес еді. Жазалау толқыны Қазақстанды да жайпап өтті. Алдымен азамат соғысының аяғына қарай Кеңес өкіметі жағына қарай көшіп, кейінгі жылдарда оған шамасы келгенше қызмет ете бастаған қазақ зиялылары зардап шекті. Ә.Ермеков, Х.Досмұхамедов, Ә.Бөкейханов және “Алаш” партиясының көрнекті қайраткерлері мен мүшелері жазаға ұшырады. 1930 жылы сәуірде Қазақ АКСР БМСБ алқасы кеңес әдебиетінің негізін салушылардың бірі Жүсіпбек Аймауытовты атуға үкім шығарды. РКФСР Жоғарғы сотының көшпелі сессиясы дарынды сәулетшілер, инженерлер мен ғалымдар тобын (П.Т.Будасси, С.Б.Голдгор, С.А.Баграков, М.Тынышбаев т.б.) сотқа тартып, тергеу жұмыстарын жүргізді.



1937-1938 жылдарда террор жаппай сипат алды. Оның басты кереғарлығы – Кеңес үкіметінің өзінің қарсыластарын ғана емес, Коммунистік идея үшін күрескендерді де жазалауында еді. Бұл жылдарда Кеңес өкіметін орнату мен нығайтуға қатысқан көрнекті қайраткерлер жаза тартты. БК(б)П Орталық Комитетінің Қазақстанға жіберген көптеген өкілдері, партияның тәжірибелі, адал қайраткерлері де бұл апаттан құтыла алмады.

жүктеу 108.83 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет