Дәріс сабақтарының қысқаша мазмұны Тақырып Кіріспе. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы»



жүктеу 108.83 Kb.
бет2/21
Дата17.02.2022
өлшемі108.83 Kb.
#17319
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Дәріс (1)
Негізгі әдебиеттер:

  1. Алексеенко И.В. Население дореволюционного Казахстана. А., 1981.

  2. Восстание 1916 г. в Средней Азии и Казахстане. М., 1960.

  3. Қойгелдиев М.Қ. Алаш қозғалысы. А., 1995.

  4. Национально-освободительное движение в Казахстане и Средней Азии в 1916 году: характер, уроки, итоги. Составители: Мажитов С.Ф., Жакишева С.А., Романов Ю.И. А., 1996.

  5. Нұрпейісов К.Н. Алаш һәм Алашорда. А., 1995.

  6. Сулейменов Б.С., Басин В.Я. Казахстан в составе России в XVIII-XX вв. А., 1981.

Қосымша әдебиеттер

  1. Галузо П.Г. Аграрные отношения на юге Казахстана в 1867-1917 гг. А., 1965.

  2. История Казахстана: белые пятна.-Алма-Ата, 1991.

  3. Мырзахметов М. Қазақ қалай орыстандырылды. –Алматы, 1994.


Тақырып 2.Ұлттық мемлекет құру жолындағы қозғалыстар

Дәріс жоспары:

1.Қазақ халқының ұлттық қозғалысының басталуы, қазақ зиялыларының қалыптасуы, құрамы, білімі

2. Қазақ саяси элитасының(Ә.Н.Бөкейханов, М.Дулатов, А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамедов, Ш.Құдайбердіұлы, М.Тынышбаев, А.Бірімжанов пен Б.Қаратаевтың және т.б.) қоғамдық – саяси қызметі

3.Қазақ өлкесі бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында. Ұлт-азаттық қозғалыстардың басталуы, барысы, негізгі кезеңдері

4.1917 ж. ақпан, қазан төңкерісі жылдарындағы саяси партиялардың қызметі

5. Жаңа заман дәуіріндегі ұлттық идея, мемлекеттіктіңқалыптасу эволюциясы. .ЮНЕСКО шешімімен Алаш қозғалысының көшбасшысы Ә.Н.Бөкейхановтың 150 жылдық мерейтойының атап өтілуі.

Қазақстандағы революциялық қозғалыстың айтарлықтай өрлеуі 1905 жылғы қазан-қараша айларында өрледі. Оларды дала өлкесінде Омбы қаласындағы 19 қазанда өткен митингі мен басқа да оқиғалар бастап берді, оны ұйымдастырушылардың бірі ұлт-азаттық қозғалысының көшбасшысы Әлихан Бөкейханов (1870-1937) болатын.

Ә.Бөкейханов « барлық митингілер мен петициялардың және үкіметке қарсы үгіттердің ұйытқысы, даладағы... қазақтардың барлық діни-саяси қозғалысының көшбасшысы және жетекшісі» болды. Бұл күндерде Оралда Б.Қаратаев пен Ж.Сейдалин, Қарқаралыда А.Байтұрсынов, Бекметовтер және Ж.Ақбаев және т.б. ерекше белсенділік көрсетті.

Ж.Ақбаев саяси «бостандықты манифест бойынша патша өз еркімен беріп отырған жоқ, одан күшпен тартып алынды» деп атап көрсетті және халықты отаршылдық әкімшілікке бағынбай, қайта оған қарсы күресуге шақырды.Кейіннен Қарқаралы оқиғаларының басшылары қуғынға ұшырады, кейбір шенеуніктер жұмыстан босатылды немесе басқа жерлерге ауыстырылды, қалғандары қашып кетті, ал Ж.Ақбаев Якутияға жер аударылды.

Қазақстан халқының саяси ой-өрісінің дамуында Мемлекеттік Думаға сайлау жүргізу науқаны маңызды рөл атқарып, онда қазақ зиялыларының көптеген өкілдері белсенді қызметімен көрінді.

1916 жылғы 25 маусымда патша үкіметінің «Түркістан мен Дала өлкесінен 19-43 жас аралығында 500 мың адамды қара жұмысқа алу туралы» жарлығы шықты.Қазақ даласында патша жарлығына әртүрлі қозғалыс қалыптасты:

1.Феодалдық басшы топтардың көпшілігі және жергілікті әкімшілік жарлықты қолдап іске асыруға көмектесті.

2.Ұлт-азаттық қозғалыс топ басшылары (Ә.Жангелдин, А.Иманов, Т.Бокин, Б.Әшекеев, Ж.Мәмбетов, Ұ.Саурықов) қара жұмысқа барудан бас тартып, халықты көтеріліске шақырды.

3. Либералдық демократиялық зиялылар (Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов т.б.) қазақтарды тыл жұмысына шақыруды дайындық жұмыстарынан кейін жүзеге асырып, уақыт ұту, қарусыз халықты патша жазалауының құрбаны етпеу, ұлттық автономия құру талаптарын ұсынды.

1917 жылы экономикалық дағдарыс пен күйзелістіңшарықтау шегіне жетуі, майдандардағы орыс әскерлерінің жеңілістері, жұмысшы қозғалысының күшеюі, ұлт-аймақтардағы ұлттық-азаттық жолындағы өтерілістің орын алуы ақпан төңкерісінің алғы шартын қалыптастырды.

1917 жылы 27 ақпанда Ресей буржуазиялық – демократиялық төңкерісінің нәтижесінде патша тақтан құлады. Бұл Ресей халықтарымен, отарлық езгіге қарсы ұлт-азаттық күрестердің көп жылдық нәтижесі жеңіспен аяқталды. Елде қос өкімет орнады:

І.Уақытша үкімет бағыты – реформистік жолмен капитализмді дамыту .

ІІ.Жұмысшы, шаруа, солдат депутаттары Кеңесінің бағыты-социализм құру.

1917 жылғы сәуір айында Түркістан өлкесін басқару үшін Түркістан комитеті құрылды. Бұл комитетінің құрамына қазақтардан Мұхамеджан Тынышбаев, Әлихан Бөкейханов кірді. Ә.Бөкейханов сонымен бірге Торғай облысының комиссары болды.

Елдегі революциялық қозғалыстың өсуіне байланысты ұйымдардың кейбіреулері большевиктер жағына шықса, кейбіреулері “Алаш” партиясын қолдап, автономия идеясын жақтады.Ақпан революциясы ұлт мәселесін шешкен жоқ.



ХХ ғасырдың басындағы демократияшыл қазақ зиялыларының бүкіл азаттық қозғалысы сияқты, бұл газеттің де жетекші бағытын белгілеуде қазақ халқының бостандығы жолындағы аса көрнекті күрескер, саясатшы , экономист, тарихшы, этнограф, әдебиеттанушы, статистик-социолог,көсемсөзші, энциклопедиялық тұрғыдағы ғұлама Ә. Бөкейханов зор рөл атқарды. Біртұтас болып біріккен ғажайып үштік- А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ә. Бөкейханов қалың қазақ елінің мүддесін білдіріп, оның шамшырағы болған ғасырдың ұлттық газетін құра білді. Олар «Қазақ» газетінің төңірегіне қазақ демократиялық зиялыларының бүкіл бетке ұстарларын, соның ішінде Шәкәрім Құдайбердиев, Мағжан Жұмабаев, Ғұмар Қарашев, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Жүсіпбек Аймауытов , Бейімбет Майлин, Жақып Ақбаев, Халел Досмұхамедов, Сәбит Дөнентаев, Мұстафа Шоқай, Мұхамеджан Тынышбаев және басқа да көптеген көрнекті қайраткерлерді топтастыра алды. Дегенмен де, негізгі идеялық-теориялық салмақты А.Байтұрсынов, М. Дулатов, Ә. Бөкейханов көтерді.

жүктеу 108.83 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет