Дәріс сабақтарының қысқаша мазмұны Тақырып Кіріспе. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы»


Тақырып 11.Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси өмірінің демократиялануы және жаңаруы Дәріс жоспары



жүктеу 108.83 Kb.
бет15/21
Дата17.02.2022
өлшемі108.83 Kb.
#17319
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21
Дәріс (1)
Тақырып 11.Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси өмірінің демократиялануы және жаңаруы

Дәріс жоспары:

1. Қоғамдық-саяси дамудағы алға басулар: қазақтардың тұңғыш дүниежүзілік құрылтайы, қоғамдық қозғалыстар мен саяси партиялар

2.Ұлтаралық татулық – Қазақстан Республикасында тәуелсіздік пен демократияны нығайтудың негізі

3. ҚР-ның ақпараттық саясаты, БАҚ-тың дамуы, Құқық қорғау және сот органдарының қызметін жетілдіру

1992 жылғы 28.09-04.10 аралығында Алматы қаласында Дүниежүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайы өтті. Бұл – еліміз егемендік алғаннан кейін ғана мүмкін болып отырған елеулі оқиға еді. Оған Азия, Африка, Еуропа және Американың 70-ке жуық елдеріндегі 3200 мың қазақ диаспорасының (дүние жүзіндегі бар қазақтың 32 пайызы) өкілдері қатысты, барлығы – 33 елден, сондай-ақ Қазақстан облыстарынан келген өкілдер – 800-ден асты. 30 қыркүйекте Республика сарайында болған Құрылтайдың ресми ашылуындағы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев “Құшағымыз бауырларға айқара ашық” деген баяндамасында қазақтың өткен тарихына шолу жасады.

1991 жылдан Қазақстанда белсенді миграциялық үрдістер басталды. Қазақстан Республикасында Көш-қон туралы заң қабылданды, Көш-қон және демография жөніндегі агенттік құрылды. Солай болса да миграциялық үрдістер бірізділікке түсе қоймады.



Тәуелсіздік Қазақстанның демографиялық жағдайына үлкен өзгерістер алып келді. Миграциялық жылжу екі бағытта тезірек жүрді. Оның біріншісі-кезінде республика аумағынан еріксіз кетуге мәжбүр болған жергілікті халық өкілдерінің тарихи отанына қайтып оралуы болды. Бүгінде 800 мыңға жуық отандастарымыз Отанына оралып,«Нұрлы көш» бағдарламасының шеңберінде қоныстану көмегін алуда.Екінші бағыт, өкінішке орай, Қазақстанда тұратын орыс, украин, беларусь, неміс диаспоралары өкілдерінің өздерінің тарихи отандарынан көрініс берді. Олардың арасында республиканың халық шаруашылығына қажетті мамандар, зиялы қауым өкілдері көп еді.

Дүниежүзі қазақтарының Құрылтайында қабылданған шешімдер аясында атқарылған іс-шаралар нәтижесінде ат қазығын байлар атамекенге 20 жыл ішінде 300 мыңға жуық отбасы көшіп келді. Осылайша ел халқының саны 1 миллионнан астам қандасымызбен толықты. Президенттің Жарлығымен 2008 жылдан бастап қандастардың жыл сайынғы көшіп келу квотасы 20 мың отбасыға өсті. Елге ағылған ағайынның көшін жүйелеу мақсатында «Нұрлы көш» бағдарламасы қабылданып, мемлекет қазынасынан қомақты қаражат бөлінді. Аталған бағдарламаның 2-ші кезеңінің жобасы жоспарланып, қолға алынды.

Н.Ә.Назарбаев ел ішінде ұлтаралық қатынасты сақтау және оны одан әрі нығайту үшін Республикада жаңа қоғамдық институт ашудың пісіп-жетілгенін, Президент жанындағы кеңес беруші орган ретінде Қазақстан халықтары Ассамблеясын құру уақытының келгенін айтты. Осылайша, Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылы 1 наурыздағы Жарлығымен «Қазақстан халқы Ассамблеясы» құрылды. ҚХА-ның төрағасы –ҚР Президенті. ҚХА-ның мақсаты – республикадағы оқиғаларға баға беру және саяси жағдайларға болжам жасау негізінде қоғамдағы ынтымақты қамтамасыз ететін іс-тәжірибелік ұсыныстарды ойластыру, ҚР Президентінің республика азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілі ретіндегі қызметіне атсалысу болып табылды. Оның негізгі міндеттері арасынан мыналар бөліп көрсетілді: Ассамблея мәдени-ағартушылық – тілдер мен ұлттық мәдениеттерді, салт-дәстүрлерді қайта жаңғырту және насихаттау; тәрбиелік – қазақстандық және ұлттық отан сүйгіштікті қалыптастыру; ұлтаралық қатынастарды қадағалау негізінде ұлтаралық татулық пен келісімді нығайту; Қазақстанды мекен еткен ұлт өкілдері арасында достық қарым-қатынастардың дамуына негіз болатын мемлекеттік саясат жүргізу жөнінде ұсыныстар дайындау.

ҚХА-ның жемісті жұмыс істеуі үшін 2002 ж. 26 сәуірде Елбасы «Қазақстан Халқы Ассамблеясының стратегиясы мен ережесі туралы» жарлығын шығарды. Аталған құжатта Қазақстан халқының бірлігін, қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді нығайтудағы Қазақстан Халқы Ассамблеясының рөлін одан әрі көтеру мақсатындағы қаулысында Қазақстан халықтарының 2011 жылға дейінгі стратегиясы, мақсат-міндеттері, мемлекеттік ұлттық саясатты қалыптастыру мен іске асыру жөніндегі тиісті іс-шаралар қолданылуы сияқты мәселелерді көтерді. Одан кейінгі жылдарда да қабылданған Жарлықтарда ұлтаралық қатынастар саласындағы жұмыс басшылыққа алынып, Қазақстандағы ұлттық қарым-қатынасты дамытудағы жалпы азаматтық тенденцияларды күшейту іс-шаралары қойылды.

ҚХА 2011 ж. дейін қызметі барысында ХVІІ сессия өткізілді. ҚХА Қазақстанда өмір сүріп жатқан барлық халықтардың мәдениетін, тілін дамытуға қолайлы жағдай жасау бағытында Қазақстан халықтарының фестивальдерін, тілдер фестивальдерін, жексенбілік мектеп оқушыларының мемлекеттік тіл мен ана тілін білу дәрежесін анықтайтын байқауларын, тіл саясаты мәселелері бойынша халықаралық және республикалық ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарлар, т.б. өткізеді. ҚХА Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының құрылымдарымен тығыз іскерлік байланыстар орнатқан. Осы ұйымның қолдауымен Ассамблея ұлтаралық қатынастар мәселелерін зерттейтін талдау орталығын құрды.



Сонымен, Қазақстан халқы Ассамблеясы – еліміздің этноұлтаралық қарым-қатынасын дамытудың іргелі институтына, татулық пен сыйластықтың берекелі бекетіне айналды.

Қоғамды демократияландыру барысында жаңа саяси институттар – парламент, 1993-ші және 1995 жылдардағы конституциялар қабылданды, тәуелсіз сот билігі қалыптасты. Қазақстанда көппартиялық жүйе пайда болды.

2000 жылғы 25 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» Конститутциялық заң қабылданды. Елде сот құқықтық реформаны одан әрі дамыту мақсат етті.

2002 жылы 20 қыркүйекте Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасы құқықтық саясатының тұжырымдамасын бекітуімен елімізде құқықтық реформаның жаңа кезеңі басталды. Бұл тұжырымдамада азаматтық және қылмыстық құқықтың, қорғалуға тиіс әлеуметтік құндылықтардың жаңа сипаты негізделген. Ол мемлекеттің құқықтық жүйесін халықаралық құқықтың негізінде одан әрі жетілдіре беруді көздейді. Қазақстандағы құқықтық реформаны жүзеге асыру бағытындағы маңызды қадамдар – Қазақстан Республикасы бойынша өкілдік институттарын (Омбудсмена) енгізілуі мен сот жүйесіндегі алқа билер сотының тәжірибеге енгізілуі мен сот жүйесіндегі алқа билер сотының тәжірибеге енгізілуі болды. Сондай-ақ Қарулы күштер мен Ішкі істер министрліктерінің басшылығына азаматтық министрлердің тағайындалуы да құқықтық реформадағы тәжірибелердің бірі болып табылады.

Кез келген қоғамның мәдени және саяси өмірінде бұқаралық ақпарат құралдарының (БАҚ) алатын орны ерекше. Соңғы жылдары қазақстандық БАҚ қызметінде демократиялық үрдістер мен жариялылық ұстанымдары анық байқала бастады. Осылай, тәуелсіз Қазақстан Республикасы бар даусымен өзін демократиялық ел ретінде жариялай отырып, саяси-экономикалық және әлеуметтік-рухани салаларды қамтыған проблемаларын шеше отырып, қомақты жетістіктерімен ғасыр тоғысына таяп келе жатты.

жүктеу 108.83 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет