Дәріс сабақтарының қысқаша мазмұны Тақырып Кіріспе. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы»



жүктеу 108.83 Kb.
бет1/21
Дата17.02.2022
өлшемі108.83 Kb.
#17319
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Дәріс (1)

Дәріс сабақтарының қысқаша мазмұны
Тақырып 1.Кіріспе. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәнінің мақсаты мен міндеті, өзекті мәселелері. Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жағдай – тәуелсіздік үшін күрестің алғышарттары

Дәріс жоспары:

1.Пәннің мақсат, міндеті

2.Қазақ жеріне қоныстандырудың күшеюі және қоныс аударушыларға колдау шаралары

3.Қазақ қоғамының дәстүрлі шаруашылығындағы өзгерістер. Аграрлық қатынастардың шиеленісуі



4. Қазақ жерінде өнеркәсіп ошақтарының қалыптасу ерекшеліктері және оның отарлық сипаты

ХІХ ғасырдың 60 жылдарының аяғына қарай қазақ даласы тұтастай Ресей империясына бағынышты болды және жаңа заңдар қабылданып, Ресейлік басқару жүйесіне қарай жақындатылды.

XIX-XX ғасырлар шегіндегі Қазақстанның әлеуметтік экономикалық қатынастары. XX ғасыр басында Қазақ өлкесі алты облыстан екі генерал губернаторлықтан тұрды:

- Түркістан генерал губернаторлығы (Сырдария облысы мен Жетісу облыстары). орталығы Ташкент қаласы.

- Дала генерал губернаторлығы (Ақмола облысы, Семей облысы, Орал облысы, Торғай облысы). Орталығы Омбы қаласы.

XX ғасырда Қазақстан көп ұлтты елге айналды.Ресей империясының ішкі аймағынан көшіп келушілер есебінен Қазақстан халқы күрт өскенімен қазақтардың үлес салмағы кеміп кетті.

Халық өсімі Столыпиннің аграрлық реформасынан кейін қоныс аударушылардың жаппай келуіне байланысты артты.

Бірінші дүние жүзілік соғысқа Ресей империясының қатысуына байланысты, Қазақстан Ресей империясының отары болғандықтан соғыстың бар ауыртпалығы қазақ халқының басына түсті.

Қазақ халқының жерлерін тартып алу, соғыс қажеті үшін киімдерін, малын және азық-түлік өнімдерін мемлекет есебіне деп еріксіз алынды.

Соғыс салығы түріндегі барлығы 10-ға жуық әр түрлі салықтар салынды.

1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске патшаның 19 жастан 43 жас аралығында еңбекке жарамды халықты майданның қара жұмысына алу туралы 25 маусымдағы жарлығы сылтау болды. 1916 жылғы көтерілістің ірі орталытарының бірі Торғай облысы болды. Мұнда қазақтардың күресі ұзаққа созылды.



Торғай көтерілісі 1917 жылы Ақпан революциясына дейін созылды. Сонымен қатар көтерілістің ірі орталықтарының бірі Жетісу жері болды.

жүктеу 108.83 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет