Дәріс сабақтардың жоспары пән атауы



жүктеу 150.63 Kb.
бет7/32
Дата11.02.2022
өлшемі150.63 Kb.
#17173
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   32
Дәріс тарих
Жеке тапсырма теория, тарих 7 апта
Дәріс жоспары:

1. 1917 ж. ақпан, қазан төңкерісі жылдарындағы саяси партиялардың қызметі

2.Алашорда және Түркістан автономиясы үкімет орындарының құрылуының тарихи маңызы.

3.Азаматтық қарсыласу жылдарындағы Қазақстан

4.Қырғыз (Қазақ) АСР-ның құрылуы – ұлттық мемлекет құру идея

5.Тұтас Түркістан идеясы және оның жеңіліс табуы

6. ЖЭС-тің басталуы ашаршалықпен күрес. Жер-су реформасы.

Ақпаннан қазанға дейінгі кезеңде Ресейдің шет аймақтарында мұсылман қозғалысы қаулап дамыды, ол бірқатар ислам партияларының құрылуына алып келді. 1917 жылы қыркүйекте мұсылмандар ұйымының съезі тұңғыш мұсылман партиясының – Түркістан федералистер партиясын құрды. Съезд Ферғана, Сырдария, Каспий сырты, Жетісу облыстары құрамындағы Түркістан өлкесін «Ресей Республикасы мен Федерациялық байланыстағы автономиялы ел» деп жариялайтын тұғырнама қабылдады.

Түркістан, Орал және Торғай облыстары мұсылмандарының делегаттары қатысқан, сол тұста өткен съезд «Мұсылмандар одағының партиясының» құрылғанын жариялады. Ол Ресей Республикасы құрамындағы аймақтың автономия идеясын ұсынды. Съезд «Түркістан Федерациялық Республикасы» парламенттік республика негізінде құрылуға тиіс деп белгіледі. Діни сипатына қарамастан, бұл саяси ағымдар сонымен бірге Түркістан мен Қазақстан жерінде тұратын халықтардың жалпы ұлттық мүдделерін де білдірді. Революцияның дамуына, саяси тайталастың өрістеуіне қарай күштердің ұлттық негізде топтасуы жүріп жатты.

1918 жылы сәуірде Ташкентте Түркістан өлкесі Кеңестерінің Төтенше V съезі өтті. Съезд РКФСР-дің ажырағысыз бөлігі ретінде Түркістан автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасын жариялады. Кеңестік Шығыстағы тұңғыш кеңестік ұлттық мемлекеттік құрылым болған оның құрамына Сырдария және Жетісу облыстары да енді.

Коммунистік партия мен Кеңес үкіметі Қазақ АКСР-ін құруға әзірлікке кірісті. Алайда Қазақ АКСР-ін құру жөніндегі жұмыстар интервенция және азамат соғысының басталуына байланысты тоқтап қалды.

Азамат соғысы – мемлекет ішінде билік үшін сол ел азаматының өзара соғысы. Большевиктік билеушілер өздерінің демократияға қарсы саясатымен жағдайды шиеленістіріп жіберді. Большевиктерге қарсы «ақтар» деп аталған күштер бірігіп азамат соғысын бастады.

Азамат соғысы барысында Кеңес үкіметі Алашордамен келіссөз жүргізді. Бір жағынан, Кеңестер алаш қатарындағы буржуазиялық мамандарды өзіне тартқысы келді, екінші жағынан, контрреволюция мен интервенция тарапынан қатыгездік пен зорлықтың күшейтілуі алаш зиялыларының өздерін Кеңес өкіметі қосынына әкеп қосты. Ұлттық келісім тактикасына қол жеткізуге қазақ халқының ағартушысы әрі гуманисі А.Байтұрсыновтың сіңірген еңбегі зор болды.

1919 жылы 10 шілдеде В.И. Ленин «Қырғыз (қазақ) өлкесін басқару жөніндегі революциялық Комитет» туралы Декретке қол қойды. Онда Қазақ революциялық комитеті өлкенің ең жоғары әскери-азаматтық басқармасы ретінде құрылатыны айтылды.

1920 жылғы 9 наурызда өзін «Қазақ елінің үкіметі» деп атаған Алашорданы тарату туралы шешім қабылданды. 1920 жылғы тамыздың 26-сында Кеңес Үкіметі РКФСР құрамында «Қырғыз (Қазақ) Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы» декрет шығарды.

Билік иелері 1921 жылғы наурызда азық салғыртын азық салығымен алмастыру, әскери коммунизмнен Жаңа экономикалық саясатқа (ЖЭС) көшу туралы шешім қабылдады. Жаңа экономикалық саясаттың енгізілуіне байланысты жерді жалға беруге және алуға, жалдамалы еңбекті қолдануға рұқсат етілді, ауылшаруашылық, несие және тұтыну кооперациясын дамыту көтермеленді.

Қазақстанда 1921-22 жылдары ЖЭС аясында жүргізілген шаралардың бірі Жер-су реформасы болды. Реформаның негізгі міндеті 1920 жылы құрылған ҚазАКСР-нің территориясында қазақ жерлерін біріктіру болды. Осыған байланысты қазақ автономиясы құрамында жер саясатын жүргізуші жетекші орган – Жер комитеті құрылды.

1920–1921 жылдар аралығындағы жұттан кейін мал басы 1917 жылмен салыстырғанда 75% кеміді. Азамат соғысының аяқталуына және  елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайының ауыр күйзелісіне  қарамастан,  Кеңес үкіметі күштеуге негізделген азық-түлік саясатын одан әрі жалғастырды.  Орталық үкіметтің 1920 жылы 20 шілдедегі “Сібірдегі артық астықты алу туралы” декретінің күші Қазақстанның солтүстік аудандары мен Семей губерниясына да тарады. Осы декретке  сай 1921 жылдың  тамыз айына дейін бүкіл елдегі шаруаларға 119 млн. пұт (РКФСР көлемінде 423 млн.пұт) төтенше салғырт төлеу жүктелсе, соның ішінде 35 млн. пұт Солтүстік Қазақстанға міндеттелді. 

Жалпы зерттеушілер  2 млн 300 мыңнан аса адам ашықты, 1 млн-ға жуығы аштық пен аурудан өлді деген мәліметтерді келтіреді. Мұсылман зиялы қауымы арасынан мұндай соракылыққа қарсы шыққан Т. Рысқұлов болды.  Ол аштықпен жүйелі түрде күресу үшін, құрамына бірнеше  комиссариаттардың өкілдерін кіргізіп, арнайы ұйым құруды талап етеді. Түрікатқару комитеті  Т. Рысқұловтың  талабын қолдап, аштықпен күресті  өздерінің қызмет жағдайына сәйкес республиканың азық-түлік, жер шаруашылығы, денсаулық сақтау, қаржы, темір жол комиссариаттарына жүктейді.  Аштықпен күресті тікелей басқаратын  ерекше Орталық комиссия ұйымдастырылады.  Оның төрағасы болып  Т. Рысқұлов  тағайындалады.

жүктеу 150.63 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   32




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет