Дәріс сабақтардың жоспары пән атауы


Тақырып 2. Қазақстандағы тәуелсіздіктің тарихи алғышарттары: ұлттық мемлекет құру идеяларының кезеңдері. Дәріс жоспары



жүктеу 150.63 Kb.
бет5/32
Дата11.02.2022
өлшемі150.63 Kb.
#17173
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
Дәріс тарих
Жеке тапсырма теория, тарих 7 апта
Тақырып 2. Қазақстандағы тәуелсіздіктің тарихи алғышарттары: ұлттық мемлекет құру идеяларының кезеңдері.

Дәріс жоспары:

  1. ХХ ғасыр басындағы Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жағдай.

Қазақ жеріне қоныстандырудың күшеюі және қоныс аударушыларға қолдау шаралары. Аграрлық қатынастардың шиеленісуі.

2. Қазақ халқының ұлттық қозғалысының басталуы, қазақ зиялыларының қалыптасуы, құрамы, білімі. Қазақ интеллектуалды элитасының қоғамдық – саяси қызметі.

3.Қазақ өлкесі бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында. Ұлт-азаттық қозғалыстардың басталуы, барысы, негізгі кезеңдері

4.1917 ж. ақпан, қазан төңкерісі жылдарындағы саяси партиялардың қызметі

5. Жаңа заман дәуіріндегі ұлттық идея, мемлекеттіктің қалыптасу эволюциясы. ЮНЕСКО шешімімен Алаш қозғалысының көшбасшысы Ә.Н.Бөкейхановтың 150 жылдық мерейтойының атап өтілуі.
XX ғасырдың басы Ресей империясында әлеуметпк қайшылықтардың шиеленісуімен, Қазақстанда отарлық саясаттың күшеюімен ерекшеленді. Отарлық саясат, әсіресе аграрлық салада пәрменді жүргізілді. Өйткені аграрлық мәселе қоныстандыру саясатына тығыз байланысты еді. Қазақ өлкесі бірнеше қоныстандыру аудандарына бөлінді: Торғай-Орал, Семей, Сырдария, Жетісу. Патша өкіметі «Қоныс аудару қорына» (Переселенческий фонд) қуру үшін Қазақ өлкесіндегі «артық» жерлерді анықтайтын қоныстандыру басқармаларын құрды.

Қоныстандыру басқармалары әрбір қазақ отбасы 15 десятина жер үлесін алуға құқылы деген ереже енгізіп, ал қалған жердің барлығы Мемлекеттік меншік министрлігі басқаратын қоғамдық жер қорына берілетін болды. Мұндай тәртіптер қазақ халқының дәстүрлі мал шаруашылығының күйреуіне әкеп соқтырды. Агроном А. Кауфманның есебі бойынша, мал шаруашылығының қалыпты өмір сүруі үшін, әрбір көшпелі шаруашылыққа, мысалы, Сырдария ауданында 145 десятина жер, ал Жетісуда 110 десятина жер қажет еді. «Қоныс аудару қорына» қазақтардың жайылым, суат, мал айдау жолдарын, қыстақтарын тартып ала бастады. Сонымен бірге, Қазақ өлкесінде Орынбор, Орал, Сібір, Жетісу казак әскерлері де орналасқан болатын. XX ғасыр-дың басына қарай казактардың саны 1 миллион он бір мың адамға жетті және олар 15,6 миллион гектар ең құнарлы деген жерлерге иелік етті Ресейдегі аграрлық саладағы езгерістердің жаңа кезеңі «Столыпин реформаларымен» тығыз байланысты болды. 1906 жылы Ресейдің премьер-министрі болып тағайындалған П.Столыпин елде аграрлық реформа жүргізуді қолға алды. Қазақ жеріне Ресейден келген шаруаларды қоныстандыру мен кулак шаруашылықтарын құру үшін оларға жеңілдіктер беру жүйесі енгізілді.



1902 жылы барлығы 18695 жұмысшы еңбек ететін 197 өндіріс орны жұмыс істеген. Тау-кен өндірісімен бірге өнім өңдейтін шағын кәсіпорындар жүйесі де қалыптаса бастады. Бұл кезеңде өлкеде 690 кәсіпорын болса, ал онда 7297 адам жұмыс істеген. XX ғасырдың ең ірі деген өндіріс орындарына Қарағанды кемір шахталары, Қазақ өлкесінің шығыс және орталық аудандарындағы түсті металлургия, Орал-Ембі мұнай өңдеу кәсіпорындары кірді. Ісжүзінде бұл өндіріс орындары шетел кәсіпкерлерінің, негізінен ағылшын, француз, американдықтардың қолында болды. «Спасск мыс кеніші» акционерлік қоғамының төрағасы ағылшын парламентінің мүшесі Артур Фелл, ал төрағаның орынбасары Франция президентінің жиені Эрнест Жан Карно болды. Орыстық-Азиялық деп аталатын Риддер мен Екібастұз кеніштерінің корпорациясы ағылшын компаниясының иелігіне беріліп, оған болашақ АҚШ президенті Герберт Гувер мен ағылшын қаржыгері Уркварт қаржы салды. Қазақ жері арқылы өтетін теміржолдарды салу нәтижесінде теміржол жұмысшыларының саны өсе бастады. Мысалы, Орынбор-Ташкент темір жолының ұзындығы 1656 км құраса, ал онда істейтін жұмысшылардың саны 30 мыңға жетті. Бұл теміржол 1901-1905 жылдары салынып, Қазақ өлкесіндегі ең негізгі магистральге айналды. Жол бойында Шалқар, Қазалы, Перовск, Түркістан сияқты ірі бекеттер жұмыс істеді. XX ғасыр басында Ресейде болсын, Қазақ өлкесінде болсын жұмысшылардың әлеуметтік жағдайы өте ауыр еді. Әсіресе қазақ жүмысшыларының әлеуметпк жағдайы ешбір сын көтермейтін дәрежеде болды. Олар жұмыстың ең ауыр түрлерін және жалақы аз төленетін бөліктерінде істеді. Өйткені  қазақ жұмысшыларының кәсіби мамандықтары болмады, көпшілігі маусымдық жүмыстарға жалданды. Өндіріс басшылары мен жергілікті патша әкімшілігі қазақ жұмысшыларының орыс тілінде еркін сөйлей алмайтындықтарын пайдаланып, үнемі олардың азаматтық әрі әлеуметтік қүқықтарын бұзып отырды. Кәсілорындар техникалық қауіпсіздік талаптарын орындамады, құрал­ жабдықтармен қамтылмаған күйде жұмыс істеді. Оның үстіне еңбекші халыққа шетел мамандары да астамшылық көрсетіп отырды. Мұның бәрі жұмысшылардың өз жағдайларын жақсарту үшін күреске шығуға итермеледі.

ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамының озық ойшылдары қоғамды, адамдардың өздерін күш қолданатын революция емес, қоғам мүшелерінің санасын өзгерту мен адамдардың бүкіл қоғамды жаңғырту практикасына тартылуы ғана өзгерте алады деп санап, қоғамдық сананы қалыптастыру процесін нақты жүзеге асырды. ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ қоғамында Қазақ газеті мен Айқап журналы төңірегіне топтасқан жас қазақ интеллигенциясы осындай интеллектуалдар тобы болды. Ұлттық зиялы қауым ХХ ғасырда біршама тарих сынынан өтті. Монархтық Ресейдің ХIХ ғасырда жүргізген отаршылдық саясаты күрескер, ұлтшыл азаматтардаң өмір сахнасына шығуына себеп болды. Аталған режим өз бағытын негіздеу үшін қазақ даласында орыс-қырғыз школдарын ашып, ұлт интелигенциясын ықпалында ұстағысы келді. ХХ ғасырдың басындағы, қазақ халқының идеологиялық өкілдері рөлін атқарған қазақ ұлттық демократиялық интеллегенциясы өзінің алдына халқын дағдылы санадан бостандықтың, тәуелсіздіктің ең жоғары мұраттарына бастайтын нақты жолды міндет етіп қойды. Қазақ интелегенциясы саяси қызметінің қорытындысында «Алаш» партиясы құрылды. Саяси күреспен қатар қазақ интелегенциясы ағартушылық қызметті де кеңінен өрістетті. ХХ ғасырдың басындағы қазақ интелегенциясы дәрігерлердің, саясатшылардың, судьялардан, ақын- жазушылардан қаралып, мұның өзі қазақ ғылымының орнығып, алғашқы қадамдар жасауы үшін А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ә. Бөкейханов, Х. Досмұхамедов, М. Тынышбаев, Ж. Ақбаев ж.б. қыруар істер тындырды.[5] Мәселен, Ә. Бөкейханов қазақ халқының саяси және құқықтық санасезімін қалыптастыру жөнінде көп іс тындырған тамаша саясатшы ғана емес, сонымен қатар ғұлама экономист, әдебиетші және тарихшы болған. Оның қазақ халқының тарихын, әлеуметтік- экономикалық жағдайы мен мәдениетті зерттеуге арналған монографиялық мәні бар «Қазақтар» атты мақаласы 1910 жылы Петербургте жарияланды. Қазақ интеллегенциясының шығармаларында қоғамның негізгі идеялары, ой- пікірлері мен көзқарастары қарастырылған. Олар өз мақалалары мен кітаптары арқылы өз халқын ғасырлар бойы мүлгіген тіршіліктен оянуға, оны экономикалық және рухани тәуелділіктен азат етуге, өркениетті даму жолын нұсқауға ұмтылды. Қазіргі кезге дейін құнын жоғалтпаған А. Байтұрсыновтың «Маса» және М. Дулатовтың «Оян, қазақ» кітаптары нақ сол мақсатқа арналды. 1917 жылғы Ресейдегі төңкеріс Алаш қозғалысына тұтқиылдан соққы болып тиды. 1919 жылдан бастап зиялылар күрес тактикасын өзгертті. Оқу-ағарту, баспасөз саласында жүріп халықтың деңгейін көтеруге тырысты. 1926 жылы мемлекеттік ұлт театрын құрды, 1920-1929 жылдары ғылымның барлық саласы бойынша оқулықтар жазды. Қазақ ән-күйлері нотаға түсіріліп алғашқы киносценарий жазылды, фольклорлық мұралар жинастырылды. Академиялық орталық құрылды. Осы істерге Әлихан, Ахмет, Міржақып, Смағұл, Тұрар, Сұлтанбек, т. б. ұйытқы болды. 20 жылдардың соңы мен 30 жылдары ұлт интеллигенциясы жаппай репрессияланды. Алаш зиялылығының тоталитаризм кезеңінде шет елде жалғасып, үмітті өшірмеген уақыты да болған. Бірақ эмиграцияға кеткен қазақ саусақпен санарлықтай. Алғаш шетке кеткен (1918) Мұстафа Шоқай 1941 жылы өлтірілді. Сонда жүріп ызбарлы Кеңеске қарсы біраз еңбек жазғанымен, барын бере алмай кетті. Зәки Уәлиди секілді естелік жазуға да ғұмыр бұйырмады. 1922 жылы Қытай асқан Райымжан Мәрсековтің онда немен айналысқаны бізге белгісіз. Бірақ ол да сонда 1937 жылы өлтірілді. Анығы: Мұстафа, Райымжан сынды рухы күшті жандар алаштың келешегі үшін басын бәйгеге тіккені.[8] 50-60 жылдары ғылыми-шығармашыл интеллигенцияның өрісі кеңейді. Мұхтар, Сәбит, Ахмет, Шәкен, Әлкей, Қаныш, Әбілхан т.б соңынан мол шәкірт ерді. Қорытындылай келе айтарым қазақ даласындағы ұлттық қозғалысқа интеллигенция жаңа тыныс берді. Тарихи тәжірибенің дәлелдеп отырғанындай, әлеуметтік күрт өзгерістер кезеңдерінде әрқашанда интеллигенция белсенділігімен, дербес бастамасымен ерекшеленіп отырған. Әлеуметтік, интеллектуалдық және адамгершілік сезімі жоғары интелигенция жеке адамның қоғамда алатын жағдайы туралы, оның санаға және сана-сезімге қатынасы туралы мәселе туралы мәселе көтерді.
Бірінші дүние жүзілік соғыс.

Бірінші дүниежүзілік соғыс 1914 жылғы 19 шілдеде (1 тамызда) басталды.Оған 38 мемлекет тартылды. Соғысқа қатысушы басты елдер (одақтар): Үштік одақ (Германия, Австрия-Венгрия, Италия). Антанта (Англия, Франция, Россия). Соғыстың сипаты- басқыншылық, агрессиялық, империалистік соғыс болды. Соғыстың себептері: Империализмнің барлық қайшылықтарының күрт шиеленісуі. Капиталистік өндіріс тәсілінің әркелкі және секірмелі болуы. Империалистік державалардың бөлініп қойған дүние жүзінің шекараларын қайтадан бөлуге тырысуы. Бірінші дүниежүзілік соғысқа Россия дайындықсыз, әскери - өнеркәсіптік әлеуеті (потенциал) төмен, көлігі нашар дамыған жағдайда кірісті, армия әскери-техникалық жағынан нашар қамтамасыз етілген еді.

Бұл соғыс (империалистік) барлық халықтарға, соның ішінде Қазақстанға да аса ауыр зардаптарын тигізді. Қазақстан майданды шикізатпен қамтамасыз ететін ірі өңірлердің біріне айналды. Соғыс қажетіне жергілікті халықтан алынатын салық 3-4 есе көбейді. Россияның дүниежүзілік империалистік соғысқа кірісуі Қазақстанды тонауды күшейтті. Соғыс қажетіне деп өлке еңбекшілеріне 10-ға жуық салығы енгізілді:

1. 40899244 пут мақта 

2. 38 мың шаршы аршын киіз 

3. 3 млн. пут мақта майы 

4. 229 мың пут сабын 

5. 300 мың пут ет 

6. 473928 пут балық 

7. 70 мың жылқы 

8. 12797 түйе алынды 

9. 14 мың киіз үй салынды

Ресей империясының барлық саяси жүйесіне тән дағдарыстың салдары болып табылатын 1917 жылғы Ақпан революциясының нәтижесінде патша үкіметі құлатылды. Ол Ресей халықтарының, оның алдыңғы қатарлы күштерінің патша билігіне, крепостниктік құрылысқа және отарлық езгіге қарсы көп жылдық күресінің жеңісімен аяқталды.

1917 ж. 24 қазанда (6 қарашада) Петроградта қарулы көтеріліс басталды. Келесі күні көтерілісшілер қаланың ең маңызды объектілерін басып алды. 1917 ж. 25 қазанда (7 қарашада) Әскери-революциялық комитет Уақытша үкіметтің билігінің жойылғандығын жариялады. Осылайша Қазан төңкерісі жеңіске жетті.

2016 жылы Алаш көсемі, қоғам және мемлекет қайраткері, журналист, ғалым, халқымыздың ардақты ұлы Әлихан Бөкейханның 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтеді. ЮНЕСКОның 2015 жылы 18 қарашада Парижде аяқталған Бас конференциясының 38-ші сессиясында осындай қаулы қабылданды.


жүктеу 150.63 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет