Дәріс сабақтардың жоспары пән атауы


Тақырып 9. Әлеуметтік жаңғыру – қоғамның әл-ауқат тірегі. Дәріс жоспары



жүктеу 150.63 Kb.
бет20/32
Дата11.02.2022
өлшемі150.63 Kb.
#17173
түріСабақ
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   32
Дәріс тарих
Жеке тапсырма теория, тарих 7 апта
Тақырып 9. Әлеуметтік жаңғыру – қоғамның әл-ауқат тірегі.

Дәріс жоспары:

1.Әлеуметтік реформалар және білім жүйесіндегі өзгерістер



2. Салауатты өмір салты - ұлт болашағын қалыптастырудың негізі.  

3. ЖОО-ның инновациялық қызметке көшуі

4. Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасу міндеттеріне сәйкес ғылымның дамуы.
Тәуелсіз Қазақстанның жоғары білім жүйесін бетбұрыстандыру бірнеше кезеңнен тұрды: 1 кезең – жоғары білім жүйесінің заңдық және нормативтік құқықтық базасының қалыптасуы (1991-1994 жылдар); 2 кезең – жоғары білім жүйесін модернизациялау, оның мазмұнын жаңарту (1995- 1998 жылдар); 3 кезең – білім беру жүйесін қаржыландаруды орталықсыздандыру, білім беру мекемелерінің академиялық еркіндігін кеңейту (1999-2000 жылдар); 4 кезең – жоғары кәсіптік білім беру жүйесін стратегиялық дамыту (2001 жылдан бастау алған қазіргі кезең) [1]. Қазіргі қазақстандық білім беру жүйесі «Білім туралы» Заң (1999 жыл), «Білім» мемлекеттік бағдарламасы (2000 жыл), «2010 жылға дейінгі білімді дамыту стратегиясы» (2001 жыл), «2005-2010 жылдарға арналған білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» (2004 жыл) сияқты стратегиялық нысандағы құжаттармен бекітілген [2,3]. Көптеген жоғары білім беру мекемелері Қазақстан Республикасының жоғары білім жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялану міндетінен білім берудің Болондық моделін жүзеге асыруда, ол төмендегідей деңгейлерден тұрады: - жоғары базалық білім/ жоғары арнайы білім: бакалавриат – «бакалавр» дәрежесін беретін жоғары білім беру бағдарламасы; - жоғары ғылыми-педагогикалық білім: магистратура – «магистр» академиялық дәрежесін беретін жоғары ғылыми-педагогикалық бағдарлама; - докторантура PhD – бұрынғы ғылыми-зерттеу кадрларын даярлау жүйесінің орнын басатын бағдарлама.

Әрбір мемлекеттің болашағы, оның азаматтары. Ал әрбір азаматтың денінің саулығы, бұл мемлекеттің де саулығы болып табылады. Бұрын соңды денсаулықты күту әр адамның жеке шаруасы деп қарастырылса, қазіргі таңда бұл мемлекеттік деңгейге дейін көтерілген проблема болып отыр. Себебі соңғы жылдары экономикалық және экологиялық себептерге байланысты Қазақстан азаматтарының денсаулығы нашарлап кеткені мәлім. Бұл орайда елімізде азаматтардың денсаулығын түзеуде үлкен жұмыстар атқарылуда. Емханалар салынып, спорттық кешендер мен мектептер ашылуда. Сонымен қатар мемлекеттік бюджеттен қаржы құйылып, көптеген жұмыстар атқарылуда. Теледидарлар арқылы спирттік ішімдіктердің, нашақорлық пен темекінің зияны мен әкелетін қасіреті жөнінде жарнамалар мен роликтер көптеп көрсетілуде. Бұның бәрі халықтың санасын, өз денсаулығына деген көзқарасын өзгертуге үлкен ықпал етуде. Сондықтан да атқарылып жатырған шаралар мен алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар мемлекетіміздің саулығының кепілі деуге болады. Бұл орайда Президенттің Қазақстан-2030 Стратегиясында көрсетілген «Салауатты өмір салтын қалыптастыр» бастамасы атқарылып жатырған жұмыстардың қайнар көзі деуге де болады. Сонымен қатар Президентіміздің алдағы жылдардың ішінде 100 аурухана салуға берген тапсырмасы, Президенттің өзі спорттың көптеген түрлерімен шұғылданып, халыққа үлгі көрсетуі, тағы бар. Қайткен күнде де, азаматтардың денсаулығы ең бірінші өздеріне байланысты. Зиянды әдеттерге әуестенбей, өз денсаулықтарын күтіп, спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстанса ғана дені сау және ұзақ өмір сүре алады. Жылдан-жылға спортпен шұғылданатын жастар да, үлкендер де көбеюде. Елімізде өткізіліп жатырған спорттық жарыстар мен турнирлердің де саны артуда. Бұл жасөспірімдерді спортқа баулаға бірден-бір себеп. Ал болашақ чемпиондар мен спорт жеңімпаздары осындай жасөспірімдерден шығады. Спорттық ойындарда мықтылығын дәлелдей білген мемлекет, қай-қай жағынан да мықты екені анық байқалады.

1994 жылы Ғылым және жаңа технология министрлігі жанынан ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобаларды мемлекеттік сараптау бөлімі құрылды. Аталған құрылым ғылымға арналған бюджеттік ассигнадиялардан қаржыландыруға қабылданған ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобалардың бөрін дерлік сараптаудан өткізуге тиісті болды. 1996 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында ғылымды басқарудың мемлекеттік жүйесін жетілдіру шаралары туралы» Жарлығы шықты. 1996 жылы мемлекет ғылыми саланы қайта жаңғыртуға, академиялық ғылымның реформалық жолдарын анықтауға бет бұрды. Осы мақсатта Ғылым және жаңа технология министрлігін, Ұлттық академияны, ауыл шаруашылығы ғылыми академиясын біріктіру жүзеге асырылды. Сөйтіп, жаңадан Қазақстан Республикасының Ғылым Академиясы дүниеге келді. •    жылы республикада ғылым мен ғылыми-техникалық саланы дамыту туралы заңдар базасын жетілдіруге арналған жұмыстар атқарылды. Осыған орай, «Қазақстан Республикасында бірыңғай ақпарат кеңістігін құру және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы» Президент жарлығы және Үкімет қаулысы шықты. •    жылы Қазақстан Республикасы Жоғары білім және ғылым министрлігі құрылды. Қазіргі кезде ол Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі деп аталады. 2001 жылы министрлік мақсатты бағдарламаларды қаржыландыруға көшті. Ғылыми-зерттеу институттары мұндай бағдарламаларды қорғап, конкурстық негізде жеңіп алуы тиіс. Зерттеу бағдарламалары республикадағы ғылым дамуының басым бағытына сәйкес келуі қажет. Бағдарлама зерттеушілері істелген жұмыс жайлы жылда есеп беріп, егер ол алдын ала белгіленген талаптарға сай келмесе, қаржыландыру тоқтатылуы мүмкін. Ғылымды қаржыландыруға байланысты мұндай жағдай 2001 жылы қабылданған «Ғылым туралы» Заңда анықталған. Жаңа заң республика дамуының соңғы он жылдығында болған өзгерістерді ескере отырып даярланды. Осылайша бюджеттік қаржыландырудан басқа ғылыми мекемелер мен ғылыми қызметкерлердің өзге де қаржы көздерін тауып, қаражат тартуға мүмкіндіктері бар. Мысалы, грант түрінде арнайы ғылыми және қоғамдық қорлардан ала алады. Сөйтіп, жаңа заң қазір біздің мемлекетіміздегі ғылым мен ғылыми-техникалық саясаттағы өзгерістерге сәйкес келеді. Ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасында ғылым саласын одан әрі жаңартудың 2007—2012 жылдарға арналған стратегиясы белгіленді. Білім беру жүйесі Толық мақаласы: Білім беру жүйесі Қазақстандық ғылымның ертеңі республикадағы білім жүйесіне де тікелей байланысты. Қазақстанда басқарудың тікелей негізгі қағидаларына сүйенген, әрі қаржыландыру жағынан мемлекеттік және мемлекеттік емес болып есептелетін еуропалық типтегі білім беру жүйесі қанат жайып келеді. 1995 жылғы Конституция бойынша (30-бап) баршаға бірдей міндетті болып есептелетін толық орта білім алуды мемлекет тегін жүргізеді. Әйткенмен, мектеп бітірген жас жеткіншектің одан әрі қандай оқуға түсуі (мемлекеттік немесе жеке) өз еркі мен қалауына байланысты. Этностық ерекшеліктердің есепке алынуына орай, республикада оқу, білім алу 7 тілде жүргізіледі. 1997—1998 оқу жылынан бастап жалпы білім беретін мекемелерде ақпараттандыру мен компьютерлендіру бағдарламасын орындау міидеттелінді. 2001жылы мектептерді компьютерлендіру толығымен аяқталды. Республика мектептерінде аталған барлық тілдер бойынша керекті оқулықтар мен әдістемелік әдебиеттерді басып шығару баяғысынша ең маңызды мәселенің бірі ретінде күн төртібінде тұрды. Бүгінгі таңда республика аумағында жеке меншік және мемлекеттік көптеген оқу орындары білім беру жүйесін сыбайлас жүргізуде. 1995—1998 жылдар аралығында жеке меншік оқу орындары 41-ден 88-ге дейін өсті. 2001 жылы жеке меншік мектептер мен олардағы оқушылар саны 1996 жылғымен салыстырғанда үш есеге артты. Мектептер мен жоғары оқу орнындағы жастардың білімін жетілдіру мақсатында республика көлемінде әр түрлі деңгей- дәрежедегі оқу орындарын лицензиялау мен аттестациялаудың нормативі белгіленді. Мамандар даярлауды жаңарту мен жақсарту үшін «Дарын» мемлекеттік бағдарламасы іске асырылу үстінде. Бұл бағдарлама жасөспірімдер мен жеткіншектерге тәрбие мен білім берудегі білім органдарының негізгі стратегиялық іс-шараларын белгілейтін болады. Ерекше дарынды балаларды шетел оқу орындарына жіберіп отыру мақсатында 1993 жылдан бастап «Болашақ» бағдарламасы жұмыс істеп келеді. Бүгінгі таңда шетелге барып білім алу мәселесімен басқа да мемлекеттік емес білім ұйымдары, орталықтар, қорлар айналысуда. Тәуелсіздік алған жылдар ішінде білім берудің қыры мен сыры, мазмұны айқындала түсіп, оларды қаржыландыру мен басқару негізі едәуір өзгерді. Бұл салада жаңаша құқықтық-нормативтік база құрылып, қалыптасты. Білім берудің қосымша және баламалық мекемелері өмірге келді. Осыған орай мемлекеттік оқу орындарын қолдап-қуаттаудың мүлдем жаңа мүмкіндіктері ашылды. Білім алу мен білім берудің ықпалдастық дәрежедегі әлемдік кеңістігі ұлғайды

Тәуелсіз Қазақстанның жоғары білім жүйесін бетбұрыстандыру бірнеше кезеңнен тұрды: 1 кезең – жоғары білім жүйесінің заңдық және нормативтік құқықтық базасының қалыптасуы (1991-1994 жылдар); 2 кезең – жоғары білім жүйесін модернизациялау, оның мазмұнын жаңарту (1995- 1998 жылдар); 3 кезең – білім беру жүйесін қаржыландаруды орталықсыздандыру, білім беру мекемелерінің академиялық еркіндігін кеңейту (1999-2000 жылдар); 4 кезең – жоғары кәсіптік білім беру жүйесін стратегиялық дамыту (2001 жылдан бастау алған қазіргі кезең) [1]. Қазіргі қазақстандық білім беру жүйесі «Білім туралы» Заң (1999 жыл), «Білім» мемлекеттік бағдарламасы (2000 жыл), «2010 жылға дейінгі білімді дамыту стратегиясы» (2001 жыл), «2005-2010 жылдарға арналған білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» (2004 жыл) сияқты стратегиялық нысандағы құжаттармен бекітілген [2,3]. Көптеген жоғары білім беру мекемелері Қазақстан Республикасының жоғары білім жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялану міндетінен білім берудің Болондық моделін жүзеге асыруда, ол төмендегідей деңгейлерден тұрады: - жоғары базалық білім/ жоғары арнайы білім: бакалавриат – «бакалавр» дәрежесін беретін жоғары білім беру бағдарламасы; - жоғары ғылыми-педагогикалық білім: магистратура – «магистр» академиялық дәрежесін беретін жоғары ғылыми-педагогикалық бағдарлама; - докторантура PhD – бұрынғы ғылыми-зерттеу кадрларын даярлау жүйесінің орнын басатын бағдарлама. Жоғары білімнің үш деңгейлік жүйесінің енгізілуі сонымен бірге, білім беру бағдарламаларының диапазонының кеңеюі мен олардың рыноктық экономика талаптарына сәйкес икемділігі мен шоғырлану дәрежесін күшейтуге бағытталған. Жоғары білімнің бұл моделінің жүзеге асырылуы өзінің өміршеңдігі мен өзектілігін көрсетті, сол сияқты оның келешекте әрі қарай өзгертілу қажеттілігін пайымдады. Қазақстан Республикасындағы жоғары білімнің үш деңгейлі моделінің даму бағыттары майда мамандықтар түрін қысқартып, оларды кеңірек пәндерге/ бағдарламаларға біріктіруді, бизнеспен өзара әркеттестікті арттыруды, түлектердің еңбек рыногындағы қажеттілігін қамсыздандыруды қамтиды. Қазақстанның жоғары білім жүйесінің қалыптасуының келесі бір жағымды тұсы – институционалдық құрылымдардың, оқыту бағдарламалары мен формаларының  әртараптандырылуы, олардың университеттік білім беру жүйесіне бейімделуі. Қарастырылып отырған үдерістің маңызды бір тұсы жеке білім беру секторының дамуы мен кеңеюі болды. 2012 жылы  еліміздегі жоғары оқу орындарының саны 139 болса, олардың 66-сы жеке меншік иелігінде болды.

Елбасы тапсырмасы бойынша 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері 30%-ға өсті. Сондай-ақ 1 шілдеден бастап бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысы да 30%-ға артады, нәтижесінде соңғы үш жылда олардың табысы екі есеге ұлғаяды. (ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауынан. – Егемен Қазақстан, 29 қаңтар, 2011 ж.) Қазақстандағыдай зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі ТМД-ның ешбір елінде жоқ. Әлемнің кейбір дамыған елдерінің өзі, мәселен, Германия немесе Франция жинақтаушы зейнетақы жүйесіне өту мәселесін енді қолға алуда. Бізде 13 зейнетақы қоры жұмыс істейді. Оларда 2,3 триллион теңге жинақталған. Соңғы 10 жылда ең төменгі күнкөріс деңгейінен аз табыс табатын тұрғындардың үлесі 4 еседен астам қысқарды.

Білім беру жүйесіндегі жекешелендіру мектеп жасына дейінгі балалар мекемесін күйретті. 1997 жылғы қарай олардың 70 пайызы жабылды. Мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерімен қамтылу 10,6%-ға, ал ауылдық жерлерде 2,6%-ға дейін қысқарды. Сонымен бірге жеке меншік балабақшаларға халықтың тек болмашы үлесінің ғана қолы жететін болып шықты. Орта арнаулы, кәсіптік-техникалық оқу орындары желісі қысқартылды, болмашы түрде қаржыландыру кәсіптік-техникалық, арнаулы орта білім беру жүйесін дағдарысқа ұшыратты.


жүктеу 150.63 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   32




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет