Дәріс сабақтардың жоспары пән атауы



жүктеу 150.63 Kb.
бет2/32
Дата11.02.2022
өлшемі150.63 Kb.
#17173
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
Дәріс тарих
Жеке тапсырма теория, тарих 7 апта
Пәнді оқытудың мақсаты: Республикадағы ЖОО-ның тарих емес факультеттері үшін пәннің негізгі мақсаты Қазақстанның қазіргі заман тарихының негізгі тарихи кезеңдері туралы шынайы, толық білім беру; мемелекеттіліктің қалыптасуы мен дамуы, тарихи-мәдени үдерістердің үздіксіздігі мен сабақтастығына білім алушылардың назарын аудару..

Пәнді оқытудың міндеттері: ғылыми дүниетаным мен азаматтық ұстанымды қалыптастыратын Қазақстанның қазіргі заман тарихы білімін жүйелеу; Қазақ халқының этногенезі мәселесін, Ұлы Дала аумағындағы мемлекеттілік пен өркениеттер түрлері эволюциясын, аса маңызды тарихи фактілер мен оқиғалар жиынтығын, тарихтың сабақтары мен заңдарын тұтастай және объективті түрде қарастыруды көздеген қазіргі Отан тарихының ғылыми-негізді тұжырымдамасын жасау; полиэтникалық және поликонфессионалды қазақстандық қоғамды біріктірудің идеологиялық және рухани негіздерін қалыптастыру; жеделдетілген модернизация мен республиканың экономикалық және идеялық-мәдени жетістіктерге қол жеткізген даму моделін шынайы ғылыми тарихи білім мазмұнымен толықтыру; Дүниежүзілік тарих ауқымындағы бүгінгі Қазақстан қазіргі заман тарихының қайталанбас ерекшелігі мен маңыздылығын анықтайтын ғылыми қағидаларын ашу.

2013 жылы 24 сәуірде өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясы кезінде сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы: «Қазақстандықтардың тарихи сана-сезімі топтасуға, өзінің  өткеніне, қазіргісіне және болашағына патриоттық қарым-қатынас қалыптастыруға жұмыс істеуі тиіс. Біздің тарихты тануымыз тұтас, оң сипатта болуға, қоғамды бөлініске салмай, біріктіруге тиіс. Ұлттық рухты қажетті биіктікке көтеру үшін біздің шынайы тарихымыздың, мәдениетіміздің, дініміздің қандай екенін айқын сезінуіміз қажет. Қазақтардың ұлттық тарихы, олардың этногенезі мыңдаған жылдарға созылған бірегей ажырамайтын үдеріс ретінде қарастырылуы тиіс. Осы тұрғыда қазіргі заманғы Қазақстан ұлы дала өркениетінің ежелден келе жатқан шешуші мұрагерлерінің бірі ретінде заңды түрде көрініс табатынын» атап көрсетті. Сондай-ақ «Қазақстан ешқашан оқшауланған емес. Сондықтан да тарихта, оқу пәніндегідей, қазақтар мен өзге халықтардың мәдени және экономикалық қарым-қатынастар үдерісі, түрлі этностардың ел тарихына үлесі лайықты танылуы тиістігі» назардан тыс қалмады.

Бұл бағдарламаның басқа бағдарламалардан айырмашылығы, мұнда тұңғыш рет еліміздің сапалы жаңа тарихи беттерінқұрайтын Қазақстанның қазіргі даму кезеңі дербес қарастырылады. Тарих үшін «қас қағым сәтте» қалыптасқан жас мемлекетіміздің өткен тарихы, өзінің мәні мен ауқымы жағынан «жүз жылға татиды». Алғашқы онжылдықтар тарихы «сындарлы он жыл» және «бейбітшілік пен жасампаздық» жылдары деп аталады. Сындарлы онжылдықта «ұлттық экономикамыз бен мемлекетіміз қалыптасты», одан кейінгі онжылдықта «еліміз өсу, тұрақтану сатысына көтерілді», ал «үшінші, төртінші онжылдықтар біздің еліміз үшін болашаққа қарай тарихи секірісті жылдар болуы тиіс». Елімізде басталған реформалардың жетістіктері мен қоғам дамуының тұрақтылығын сақтауға Президенттің «алдымен – экономика, сосын саясат» қағидасы ықпал етті. Соған сәйкес тәуелсіздік кезеңінде, алдымен елдің әлеуметтік-экономикалық ахуалы, содан кейін саяси жағдайы қарастырылады. Бағдарлама мазмұнындағы тарихи кезеңдердің толық көрінісі мемлекет тарихындағы оқиғалар мен үрдістерді көрсетумен шектелмейді, онда тарихты жасаушы халықтың күнделікті өміріне де назар аударылады. 



Қазақстандық тарих ғылымының дамуы, тарихи зерттеулердің сапасы мен тиімділігінің артуы, олардың қоғамдық дамудың әлеуметтік-саяси және мәдени-тәрбиелік мазмұнына ықпалы белгілі бір дәрежеде тарихнамалық зерттеулермен анықталатындығы белгілі. Сондықтан да қазіргі таңдағы отандық тарих ғылымының дамуы мен өсуін бағамдау мақсатында қазақстандық тарихнама мен олардың әдістемелік зерттеулерінің қалыптасуының өзіндік тарихы бар. Қазақстан тарихнамасы саласы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарының кең көлемде жүргізіле бастауы, сондай-ақ Қоғамдық ғылымдар секциясы мен КСРО Ғылым академиясының Тарих бөлімінің бастамасына орай ҚазКСР Ғылым Академиясының Президиумы 1978 жылы 7 қыркүйектегі № 131 қаулысымен Институтта "Қазақстанның тарихнамасы бөлімін құру туралың қаулысын қабылдайды. Осы жылдың 25 қазанынан бастап құрамында 5 ғылыми-техникалық қызметкері бар бөлім сол кездегі ҚазКСР Ғылым академиясының вице-президенті, академик Байдабек Ахметұлы Төлепбаевтың жетекшілігімен өз қызметін бастайды. Бөлімнің осы алғашқы құрамында аға ғылыми қызметкер, тарих ғылымдарының кандидаты С.Б. Нұрмұхамедов, кіші ғылыми қызметкерлер - Р.В. Колдобская, Л.Н. Катасонова және лаборант В.А. Замаревалар болды. Институтта бөлімнің ашылуы өз тарихнамашы кадрларымызды дайындаудың игі бастамасы болды. Бөлімнің алғашқы тобында қызмет еткен аға ғылыми қызметкер В.К. Янулов КСРО ҒА Ленинградтық бөлімшесінің Ғылыми кеңесінде, аспирант Н. Әлімбаев "тарихнамаң мамандығы бойынша кандидаттық диссертацияларын сәтті қорғайды. Бұл қаулының қабылдануына түрткі болған басты себеп 1976-1979 жылдар аралығында жүргізілуге тиіс мемлекеттік тапсырыстағы "Қазақстанның тарихнамасы" атты Қазақстан тарихының өзекті мәселелері бойынша тарихи ойлардың дамуын зерттеудің алғаш рет қолға алынуы екендігін атап өткен жөн.

Аталған тақырыптың мәдени революция кезеңдерін, оның басты мәселелерін, әсіресе халық ағарту және ғылым тарихы, зиялы қауымның қалыптасуы мен мәдени-ағарту жұмыстарының тарихын зерттейтін маңызды "Қазақстандағы мәдени революция тарихы (1917-1978)" атты бөліміне ҚазКСР ҒА мүше-корреспонденті, тарих ғылымдарының докторы Г.Ф. Дахшлейгер жетекшілік етсе, негізгі орындаушысы тарих ғылымдарының докторы Р.Б. Сүлейменов болды. Бөлім қызметкерлері 2 томдық "Қазақстанның қоғамтанушы ғалымдарының био-библиографиясынң дайындауды қолға алады. Аталған тақырып сол тұстағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының ұзақ мерзім арасында жүргізілуіне орай 1980-1985 жж. қабылданады. Институт басшылығы ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағытына қарай өз құрылымын сол күйінде сақтай отырып, тек кеңестік кезеңдегі зерттеу жұмыстарын үйлестіруді жақсарту мақсатында бұрынғы бөлімдерді секторларға айналдырып, үлкен бір бөлім - Кеңестік Қазақстанның тарихнамасы бөлімін құрады. 1986 ж. "Ғылым" баспасынан "Қазақстан қоғамтанушыларының биобиблиографиясы" жарық көреді. Басылымның жарық көруіне бөлім меңгерушісі академик Б.А. Төлепбаев, аға ғылыми қызметкер, тарих ғылымдарының кандидаты С.Б. Нұрмұхамедов басқарған құрастырушылар тобы - Т.П. Волкова, Ә.Б. Ғалиев, М.П. Коротовский, Р.Ш. Есиркемесова, Л.Н. Катасонова, Р.В. Колдобская, А.И. Нарманбетова және В.К. Януловтар үлкен үлес қосты. Оған пікір жазғандар: ҚазКСР ҒА мүше корреспонденттері - М.Қ. Қозыбаев пен Р.Б. Сүлейменов. Осы тақырыпты орындау және оны баспаға дайындау барысында бөлім қызметкерлері Өзбек КСР ҒА Тарих институтының тарихнама бөлімімен осындай кітап шығару тәжірибесімен алмасу, консультациялар алу мақсатында тығыз байланыс орната алды. Осылардың ішінде қазақстандық археология және этнография, ежелгі және ортағасырлар тарихына қатысты мәселелердің зерттелуі мен Қазақстанның Ресейге қосылу тарихы, революциялық қозғалыстар, қазан революциясы мен азамат соғысы тарихнамасына, Ұлы Отан соғысын кезеңдеу мәселелеріне, тың және тыңайған жерлерді игеру мен қазіргі заман тарихының көптеген өзекті мәселелеріне басты назар аудару қажеттілігі күн тәртібіне қойылады. Осы тапсырысты орындауға бөлімге ҚазКСР ҒА мүше-корреспонденті, тарих ғылымдарының докторы М.Қ. Қозыбаев аға ғылыми қызметерлікке, Н. Әлімбаев аспирант болып қабылданады. Зерттеу мәселелерінің жиынтығы бойынша КСРО ҒА мүше-корреспонденті Б.А. Төлепбаевтың редакторлық етуімен 1983 ж. "Вопросы историографии Казахстана" атты үлкен монографиялық жинақ жарық көреді. 1985-1989 жылдары бөлім меңгерушісі М.Қ. Қозыбаев, жетекші ғылыми қызметкер С.Б. Нұрмұхамедов және ғылыми қызметкер В.К. Янулов Қазақстан индустриясының дамуы және жұмысшы табы тарихы бөлімімен бірлескен "Кеңестік Қазақстанның индустриалды дамуы тарихының тарихнамасы (1917-1980 жж.)" тақырыпты орындауға қатысады. Олар тақырып бойынша көптеген ғылыми мақалалар жариялайды және "История рабочего класса Советского Казахстана" атты үштомдық монографиялық еңбектің жазылуына атсалысады. Ал, 1987-1990 жылдары бөлім меңгерушісі М.Қ. Қозыбаев, аға ғылыми қызметкер Н. Әлімбаев, ғылыми қызметкерлер В.К. Янулов пен Л.Н. Катасоновалар ауыл шаруашылығын социалистік жолмен қайта құру тарихы бөлімімен "Ауыл шаруашылығы және шаруа қожалықтары тарихының тарихнамасы" тақырыбындағы зерттеу жұмыстарына қатысады. Вопросы историографии и источниковедения Казахстана (дореволюционный период). -Алма-Ата, 1988. КСРО ҒА Президиумының тарихнама және деректану жөніндегі Проблемалық Кеңесінің ұсынысымен ҚазКСР ҒА Тарих, археология және этнография институтының Тарихнама және деректану бөлімінің базасында Орта Азия республикалары мен Қазақстан аумағында аталған проблема бойынша аймақтық секция құрылады. Бұл осы проблематика бойынша қазақстандық тарихнамашылардың озық тәжірибесі мен нақтылы базасының қалыптасқандығын танытады. Осы тақырып аясында алғаш рет 1916 жылғы көтерілісті ұлт-азаттық көтеріліс деп қарастыру тұжырымы ұсынылып, ол халықтық қолдауға ие болады. Аталған мәселелермен қатар, қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымы, патшалық Ресейдің отарлау саясатының тарихы да жан-жақты қайтадан қарастырылады. Зерттеліп отырған мәселе бойынша 15 жұмыс жарық көреді, оның ішінде М. Қозыбаевтың "Ақтаңдақтар ақиқаты" атты монографиясы бар. Орындаушылар әртүрлі деңгейдегі конференцияларда 13-тен астам баяндамалар мен хабарламалар жасайды. Осылармен бір мезгілде "Казахстан в начале ХХ века: Методология и историография" атты мақалалар жинағы мен "Казахстан в 1916 году" атты құжаттар жинағы дайындалады.

Осыған орай ХҮІІІ ғ. екінші жартысындағы П.С. Паллас, И.П. Фалька, А.И. Левшин сияқты ғалымдардың еңбектеріндегі қазақ халқы туралы тарихи білімдері мен П.И. Рычков, И.Г. Андреев, т.б. өлкетанушы тарихнамашылардың зерттеулері дерек көздері ретінде қарастырылады. Ал, ХХ ғасырдың басы болса ұлттық зиялы қауым өкілдерінің ғылыми еңбектерінің жанданған тұсы болды. Олардың еңбектерін талдау қазақ тарихнамалық дәстүрінің болғандығын нақтылай түседі. Ә.Бөкейхан, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ш. Құдайдердиев, М.Ж. Көпеев, М. Тынышпаев, Х. Досмұхамедов т.б. еңбектектерін терең зерттеп, зерделеуде басты тарихи көзқарастар аспектілері анықталып, жоғарыда аталған қайраткерлердің тарихнамалық ізденістерінің жалпы бағытынан мәлімет аламыз. Тақырыпты орындаудың ақырғы нәтижесінде 3 монографиялық еңбек: Қозыбаев М.Қ. Тарих зердесі. 2-кітап. -А., 1998; Абылхожин Ж.Б. Очерки социально-экономической истории Казахстана ХХ вв. -А., 1997; Абылхожин Ж.Б. Страна в центре Евразии. -А., 1998 және 1 құжаттар жинағы "Қаћарлы 1916 жыл" жарияланды. Үнемі ғылыми ізденістерде болған бөлім қызметкерлері "Әлемдік тарихнамалық дәстүрлер мен жаңашыл философиялық тарихи зерттеулердегі (историософия) Қазақстанның рөлі мен орны" атты бағдарламалық тақырыпты орындауда да нәтижелі қорытындыларға қол жеткізеді. Сонымен қатар бөлім қызметкерлері іргелі академиялық "Қазақстан тарихының" бес томдығын баспаға дайындауда үлкен үлес қосуда. Зерттеу объектісі ретінде қазақ халқының эпикалық, генеалогиялық материалдары мен ауызша халық шығармашылығындағы ұлттық тарихи ойларын қарастырған "ХҮІІІ-ХІХ ғ. ортасындағы Қазақстан әлеуметтік-саяси тарихының мәселелері жазба дерек көздері мен қазақтардың ауызша тарих айту ескерткіштеріндең тақырыбы бойынша құрамында И.В. Ерофеева мен С.Ф. Мәжитов бар шығармашылық топ революцияға дейінгі қазақ қоғамындағы тарихи ойларды сипаттайтын жаңа деректерді ғылыми айналымға қосты. Қазіргі таңда жетекші ғылыми қызметкер, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Б.М. Сужиков басқаратын Тарихнама және деректану бөлімінде т.ғ.д., профессор, Бас ғылыми қызметкер Ж.Б. Әбілхожин, тарих ғылымдарының кандидаттары, доценттер: жетекші ғылыми қызметкерлер И.В. Ерофеева, С.Ф. Мәжитов (ҚР ҰҒА жас ғалымдар сыйлығының иегері), аға ғылыми қызметкерлер С.Ә. Жакишева, Қ.Ш. Әлімғазинов, кіші ғылыми қызметкерлер М.Р. Сатенова, З.М. Төленова және 1-ші категориялы инженер А.Т. Ракишева ғылым жолындағы ізденістерін жалғастыруда. Бөлімнің ғылыми ізденістеріндегі басымдылықтар: соңғы уақытта тарихнамалық дәстүрде өзінің аналитикалық қорын кеңейту мақсатында тарихты "жаћандастырудағың әлемдік тенденциялар контекстінде қарастыруға ұмтылу анық сезіледі. Өйткені бұл жекелеген елдердің жылнамаларындағы біртұтастық заңдылықтарды бір ізге салу мен іздену әрекеттері жалпы тарихи зерттеулердегі ұлттық бағыттарды байытып және толықтыра түсетіндігін күн санап дәлелдей түсуде. Осыған байланысты Бөлімнің зерттеу жүргізіп отырған тақырыптары ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев ұсынып отырған "жаңа еуроодаққа" бірігу теориясы шеңберінде Қазақстан тарихын зерделеуді тың кешенді ғылыми-зерттеу тақырыптары аясында қарастыруды қолға алып отыр. Зерттеудің басты екі ерекшеліктері бар: біріншіден, коммунистік қоғамның келмеске кетуіне байланысты идеологиялық контекст өзгерді және патриоттық бағыттағы тарихқа сұраныс азайды, екіншіден халықаралық коммуникациялық жүйелердің жедел қарқындауы әр түрлі елдер тарихшыларының өзара пікір алмасуын жеңілдетті және идеологиялық шартқа тәуелді өткенді зерттеуді жандандыра түсті. Мұндай зерттеу тәсілі қазақстандық тарих ғылымдарының алдында тұрған аналитикалық міндеттерін бір арнаға салуға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, талдау және салыстырмалы сараптау әдістерін қолдана отырып, тарихи дамудың баламалы жолдары мен қозғалысын бүгінгі таңдағы озық тәжірибелер негізінде зерттеуге жол ашады. Осындай жаңа әдістер мен ізденістерді қолдану барысында жүргізіліп отырған "Қазақстан тарихнамасы мен деректану ғылымы инновациялық әдістер мен зерттеу технологиялары контекстінде" тақырыбы өзінің сонылығымен ерекшеленеді. Аталған ғылыми-зерттеу жұмыстары алға қойылған міндеттер аясында біртұтас кешенді тақырыпты құрайтын төрт сала (блок) бойынша жүргізіліп келеді. Бөлімде 2004 ж. бастап Институт сайты жұмыс істейді, онда институттың ғылыми қызметі, тарихи әдебиеттер кітапханасы және жиындар мен анностар тақтасы көрініс тапқан. Аталған ғылыми-зерттеу жұмыстарымен қатар бөлім қызметкерлері "Мәдени мұра" Мемлекеттік бағдарламасы бойынша "ХІІ-ХХ ғғ. батыс деректеріндегі Қазақстан тарихы", "Әлемдік тарихи ойлар", "Қазақстан тарихы жөніндегі орыс деректері" тақырыбындағы топтамалар бойынша 30 томдық басылымды орыс және қазақ тілдерінде баспаға дайындау жұмыстарын жүргізуде. Оларға Б.М. Сужиков, С.М. Мәжитов, И.В. Ерофеевалар жетекшілік етеді. Басылымға республикада жарияланбаған қазақ халқының тарихы мен қазіргі кезең, Қазақстан мен көршілес мемлекеттер тарихы жөніндегі шығармалар енеді. Бөлімнің биылғы жылғы ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізінде "Очерки современной историографии Казахстана" атты тарихнама, деректану және тарихи компьютинг (клиометрика) жанрларында отандық тарихтың түбегейлі мәселелерін қамтитын монографиялық еңбек дайындалды


жүктеу 150.63 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет