Дәріс сабақтардың жоспары пән атауы


Қонаев Дінмұхамед Ахметұлы (1912–1993)



жүктеу 150.63 Kb.
бет15/32
Дата11.02.2022
өлшемі150.63 Kb.
#17173
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   32
Дәріс тарих
Жеке тапсырма теория, тарих 7 апта
Қонаев Дінмұхамед Ахметұлы (1912–1993) — аса көрнекті мемлекет жəне қоғам қайраткері, үш мəрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы, КСРО шет ел ордендері мен медальдарының иегері. Қазақстанның көрнекті мемлекет жəне саяси қайраткері, ғалым, тау-кен инженері

Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2012 жылдың 12 қаңта- рында Алматы қаласында Д.А.Қонаевтың 100 жылдық мерейтойына қатысып, қайраткерге былай деп баға берді: «Қазақ елінің тағылымды тарихында заман жүгін арқалаған талай толағай тұлғалар болды. Аса көрнекті мемлекет жəне қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев — сондай біртуар болмыс иесі... Дінмұхамед Ахметұлын үлкен ішкі мəдениеті, терең білімдарлығы мен мол өмірлік тəжірибесі ерекшелеп тұратын. Ол өзіне біздің халқымыздың, сол уақыттағы қазақ зиялыларының ең жақсы қасиеттерін сіңіре білді»

942 жылдың сəуір айында Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы Н.А.Скворцов Лениногордан Д.А.Қонаевты Орталық Комитетінің қарамағына шақыртып алады да Қазақ КСР Халық комиссариаты төрағасының орынбасарлығына ұсынады. Осыдан бастап Одақтың қарамағындағы өнеркəсіп орындарының жұмысымен айналысатын болды. Д.А.Қонаевқа түсті металлургия кəсіпорындарының қызметін бақылап, көмектесу міндеті жүктелді. Сонымен қоса ол көмір жəне мұнай өнеркəсібін, электр желілері, темір жол тораптары, автокөліктер кəсіпорны мен қорғаныс зауыттарының қызметіне бас-көз болып, сан сал 1952–1955 жылдары Д.А.Қонаев Қазақ КСР-нің Ғылым академиясының президенті қызметін атқарды. Бұл қызметке тағайындалуы өте қиын жағдайда жүзеге асырылды. Ол кезде тарихшы Ермұқан Бекмахановқа «Кенесары Қасымовтың қозғалысын дəріптеді» деген саяси айып тағылып, Орталық Комитет тарапынан туындаған жазалау басталып жатқан еді. Ал Тарих институты Ғылым академиясының бір бөлігі болып табылатындықтан, академия президенті Қаныш Имантайұлы Сатбаевта негізсіз жалған айыпталып, атақты ғалымның басында қуғын-сүргіннің бұлты үйіріледі.алы жұмыстарды ерлікпен атқара білді. Сол кезде жасы небəрі 30-да ғана еді. А.Қонаев 1955–60 жəне 1962–64 жылдары Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы, ал 1960– 1962 жəне 1964–1986 жылдары Қазақстан Коммунистік партиясының Орталық Комитетінің Бірінші Хатшысы болды. Бірнеше мəрте КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. СОКП-ның ХІХ съезінен бастап кейінгі съездерінің бəріне делегат болды. Партия делегациясын басқарып, əлденеше рет шетелдерде болып қайтты. 1956 жылдан бастап СОКП Орталық Комитетінің мүшесі болды. 1966 жылы партияның ХХІІІ съезінде ол СОКП Орталық Комитетінің Саяси Бюросының мүшелігіне кандидат, ал 1970 жылы ХХІV съезде Саяси Бюроға мүше болып сайланды.


жүктеу 150.63 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   32




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет