Дәріс сабақтардың жоспары пән атауы


Тақырып 6. Қазақстандағы «қайта құру» саясатының сипаты



жүктеу 150.63 Kb.
бет14/32
Дата11.02.2022
өлшемі150.63 Kb.
#17173
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   32
Дәріс тарих
Жеке тапсырма теория, тарих 7 апта
Тақырып 6. Қазақстандағы «қайта құру» саясатының сипаты.

Дәріс жоспары:

1.КСРО-ның әкімшіл-әміршіл жүйесін демократиялық жолмен қайта құруға талпыныстар, басшылықтың реформаторлық қызметі арасындағы қарама-қайшылық.

2. Д.А.Қонаевтың қоғамдық-саяси қызметі

3.Алматыдағы және республиканың басқа қалаларындағы Желтоқсан көтерілісі: себептері, барысы, салдары

4. Қазақстан тәуелсіздік жолында: Алаш қозғалысы қайраткерлерінің ресми ақталуы, жаңа қоғамдық ұйымдар мен партиялардың пайда болуы, Президенттік институттың енгізілуі және тұңғыш президенттің сайлануы. Тіл туралы заңның қабылдануы, Егемендік туралы Декларация

5.1991ж тамыз бүлігі. КОКП қызметінің тоқтатылуы. Кеңестер Одағының ыдырауы және ТМД құрылуы.
ХХ ғасырдың  80-жылдарының орта шенінде кеңестік қоғамда түбегейлі өзгеріс қажеттігі айқын сезіле бастады.1985 жылы наурыз айында КОКП Орталық Комитетінің пленумында Бас хатшы болып М.С. Горбачев сайланды. Ол сол жылдың сәуір айында өзінің “қайта құру” бағытын айқындайды. Кеңестер Одағының  жаңа басшылығының жариялаған әлеуметтік-экономикалық қайта құруға бағытталған бағыт, кейін уақыт көрсеткендей, оның алдындағы өкімет басшылары сияқты өзін демократиялық реформатор етіп көрсетуге бағытталған талпыныс еді. Оның алғашқы төрт жылында (1985-1989 жж.) жеделдету концепциясын жүзеге асыруға бағытталған бірқатар нәтижесіз бастамалар басталды. Жеделдетудің басты қадамы ретінде өндірістік құрылымды, құрал-жабдықтарды, техникалық жүйелерді жаңарту идеясы ұсынылды. 

Бірақ та, іс жүзінде, жеке меншіктің, нарықтық қатынастың толық қанды ендірілмеуі жеделдету тұжырымдамасын қиялға айналдырып жіберді. Өндіріс өнімінің тапшылығы заводтар мен фабрикаларды өндіріс құрал-жабдықтарын жаңартуға ынталандырмады. Өйткені товардың жетіспеушілігі оның сапасына деген сұранысты жоққа шығарды. Сондықтан да заводтар мен фабрикалар шетелдік құрал-жабдықты сатып алу арқылы жеделдетуге бағытталған партиялық бағытты барынша орындамауға тырысты. Шет елдерден валютаға сатып алынған құрал-жабдықтар іске асырылмай, заводтар мен фабрикалар алаңында, темір жол станциялары мен қоймаларда қар мен жаңбыр астында жатты.

Маскүнемдікпен және тәртіпсіздікпен күрес қайта құрудың алғашқы жылында еңбек өнімділігін шамалы ғана арттыруға қол жеткізді. Оның есесіне маскүнемдікпен күрес мемлекеттік бюджетті азайтып, тұтыну саласындағы жағдайды шиеленістіріп жіберді.

 алықаралық аренада кеңестік басшылық өз беделін өсіру мақсатында 1985 жылы ядролық сынақты біржақты тоқтатты. Келесі бір оң қадам 1979 ж. желтоқсанда басталған ауған жанжалын тоқтату болып табылады. Кеңестер Одағы 1988 жылы өз әскерін Ауғаныстаннан шығара бастап, оны 1989 жылы ақпанда аяқтады. Ауғаныстандағы соғыс елге жыл сайын 5 млрд. сом шығын әкеліп отырған болатын. Бұл соғыс Қазақстанға соқпай өткен жоқ. Республикадан оған 21979 адам қатысып, оның 780-дейіқаза тауып, 393-і мүгедек болып, 22-сі хабарсыз кетті. 




жүктеу 150.63 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   32




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет