Дәріс сабақтардың жоспары пән атауы


Халықтың әлеуметтік жағдайы



жүктеу 150.63 Kb.
бет12/32
Дата11.02.2022
өлшемі150.63 Kb.
#17173
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   32
Дәріс тарих
Жеке тапсырма теория, тарих 7 апта
Халықтың әлеуметтік жағдайы .

Соғыстан кейін 1946-1953 жылдары халықтың әлеуметтік жағдайы үшін аса бір ауыр кез болды. Соғыстан кейін елімізде қалыптасқан орасан зор қиыншылықтарға, әсіресе ауыл шаруашылығында болған орасан зор қиыншылықтарға қарамастан, кеңес халқының әл-ауқаты бірден-бірге жақсара берді. 1947 жылғы желтоқсанда елімізде бұрыннан қолданылып келген, халықты азық-түлікпен мөлшерлі қамтамасыз ететін карточкалық жүйе жойылды. 1947 жылғы ақша реформасының нәтижесінде сомның сатып алу қөбілеті едәуір жоғарылады. Нан және наннан жасалған өнімдердің, еттің, сүттің, өнеркәсіп өкімінің бағасы арзандады. Кооперативтік сауданың дамуы нәтижесінде базар бағазы да төмендеді. Төртінші бесжылдықта жалпы алғанда баға үш рет арзандатылды. Сомның сатып алу құнының көтерілуімен қатар еңбекшелердың жалақысы да өсті.



1945 жылы қазан айында КСРО үкіметі Қазақ КСР Ғылым академиясын құру туралы шешім қабылдады. Қ.И.Сәтбаев бастаған Қазақстан ғалымдары қара, түсті және сирек кездесетін металлдарды, жанатын пайдалы қазбаларды, су және энергетика қорын майдан қажеттеріне жұмылдыру бағытында жұмыс жүргізді. Қ.И.Сәтбаевқа Жезқазған мыс кен орындарына сіңірген көпжылдық еңбегі үшін 1942 жылы Мемлекеттік сыйлық берілді, көшіріліп әкелінген Мәскеу авиация институты, Мәскеу түсті металдар мен алтын институты, Киев және Харьков біріккен мемлекеттік университеті білікті кадрлар даярлап шығара бастады. Соғыс кезінде Алматыда Мемлекеттік шет тілдер педагогика институты, Шымкент технология институты, Қазақ Мемлекеттік консерваториясы, Қазақ мемлекеттік Қыздар педагогика институты (2008 жылдан бастап Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті), Дене шынықтыру институты құрылды. Әдебиет пен өнер соғысып жатқан халықтың қуатты идеялық қаруы болды. Қазақстаннан 100-ге жуық жазушы мен ақындар соғыс майдандарында шайқасты. М.Әуезовтің көптомдық “Абай” эпопеясының бірінші кітабы, С.Мұқановтың өмірбаяндық “Өмір мектебі” повесі, Ғ.Мүсіреповтің “Қазақ солдаты”, Ғ.Мұстафиннің “Шығанақ”, Ә.Әбішевтің “Жас түлектер” повестері бүкілодақтық оқырмандарға қазақ кеңестік прозасының идеялық және көркемдік жағынан кемеліне келгенін көрсетті. Қазақ әдебиеті С.Мәуленов, Ж.Молдағалиев, Б.Момышұлы, М.Ғабдуллин сияқты жаңа есімдермен толықты. Майдангер-офицер Б.Бұлқышевтің публицистикалық мақалалары елеулі құбылыс болды. Ж.Сайн, Қ.Аманжолов майданда жүріп жалынды жырлар жазды. Жамбылдың “Ленинградтық өренім” өлеңінің маңызы бүкілодақтық дәрежеге көтерілді.

Біз Б.Сүлейменовті Е.Бекмахановтың кітабын «топас және ұятсыз қаралаған» Т.Шойынбаев, Х.Г.Ай­­да­ро­­ва, М.В. Жиз­нев­­­­ский, А.Нұрқанов, М.Б. Ақын­жанов және т.б. тобына жатқызуға болмайды деп есеп­тейміз. Дара тұлға – Бегежан Сүлейменов бұл мәселеде де айрықша тұрды, өзінің ерекше орны болды. Сонымен қатар, Бегежан Сүлейменов жоғарыда көрсетілген ғалымдардың көп­ші­лігімен дүрдараз, тіпті дұшпандық қа­рым-қат­ы­наста болатын. Осыған байланысты, «Қазақстан тарихы мәселе­лерін маркстік-лениндік тұрғыда қарас­тыру үшін» мақа­ласынан кейін (Прав­да, 1950 ж. 26 жел­тоқсан), сонымен қоса буржуазиялық ұлт­шылдарды «әшке­релеу» науқаны Қазақ­станда кеңінен етек алған соң, Бегежан Сүлейменов аса күр­делі және ауыр жағ­дайларға душар болды. Кенесары Қа­сым­ұлы қозғалысы бойынша 1940 жылдардан созылып келе жатқан пікір-таластардың қаншалықты қатаң қуғын-сүргіндер әкелуі мүмкін екенін сезген ол өз ұстанымдарын өзгерте бастайды. Қазақ КСР Жоғарғы соты коллегиясы 1952 жылғы 17 шілдедегі қаулысында: «Егер 1948 жылы (Бегежан Сүлейменов) Кенесары Қасымовтың феодалдық-монархиялық көтерілісін ұлт­шылдық түрінде бағаласа, 1951-1952 жылдары Қазақ КСР Ғылым академиясындағы ғылыми талқылаулар барысында ашық түрде қарама-қарсы көз­қарасты қабыл­дады», – деп көрсетіл­ген. Бұдан бөлек ол қазақ әдебиетінің классигі Мұхтар Әуе­зовті, ірі абайтанушылар Ә.М.Жиреншин мен Қ.М. Мұха­мед­­ха­нов­ты белсенді түр­де қорғады. Атап айт­қанда, 1951 жылғы 7 сәуірде Қазақ КСР ҒА Тарих, археология және этнография институты мен Тіл және әдебиет инсти­тутының Біріккен Ғылыми кеңе­сін­де, Қ.Жұма­ли­ев­тің М.Әуезовке жасаған айыптауларына жауап ретінде, ол: «Абайтану мәсе­леле­рін­де Мұхтар Әуезов жаңа­лық енгізуші болып табылады және өзінің соңғы туындыларында маркстік ұстаным­да тұр. М.Әуе­зовтің үл­кен еңбегі сол, ол берік позицияға көте­ріл­ді және біз ол туралы соңғы жұмыс­та­ры бойынша шешім шығаруымыз қажет»,  деп атап өтті.

50-жылдар мен 60-жылдардың ортасы Қеңес елінің өміріндегі маңызды кезең болды.

КСРО ОК-нің Бас секретары, КСРО министрлер Кеңесінің төрағасы И.В.Сталин 1953 жылы 5 наурызда қайтыс болды. Сталиннің өлімімен тұтас бір дәуір аяқталды. Сталин қайтыс болысымен-ақ елде болуы мүмкін өзгерістердің мәні туралы үш бағыт айқын көрінді: бірінші бағыт өкімет басына Берияның келуімен байланысты болса, екінші бағыт Молотов немесе Булганин, үшінші бағыт Хрущевтің өкімет басына келумен байланысты еді. Жағдай Хрущевтің пайдасына шешілді.

1953 жылы қыркүйекте Н.С.Хрущев КОКП Орталық комитетінің бірінші хатшылығына (1953-1964 жж.) сайланды. «Жылымық жылдары» аталған 50-жылдардың екінші жартысынан бастап елде игі істер атқарылды. 1953 жылғы шілдеде КОКП ОК-нің пленумында бұрынғы КСРО-ның Ішкі істер халық комиссариатының халық комиссары, КСРО Министрлер Кеңесі төрағасының бірінші орынбасары, қуғын-сұргінді ұйымдастырушы, саяси авантюрист Л.Берия (1899-1953 жж.) ісі қаралып, барлық лауазымды қызметтерінен босатылып, атылды. Осылай Кеңестер Одағында ширек ғасырға созылған тоталитарлық дәуір аяқталды.

1954–1956 жылдары тың игерушілердің күнделікті өмірінің кейбір мәселелері Соғыстан кейінгі жылдары елде ауыл шаруашылық күйзеліске түсіп, көптеген «совхоз» деп аталған кеңестік шаруашылықтар дағдарысқа ұшырады. Халыққа азық-түлік жетіспеді, адамдар нан алу үшін үлкен кезекте тұруға мәжбүр болды. Азық-түлік жетіспеушілік тапшылығынан арылу үшін, халықты астықпен қамтамасыз ету мақсатында 1954 жылы СОКП ОК елде ары қарай астық өнімін ұлғайтуға, тың және тыңайған жерлерді игеруге шешім қабылдады. Қазақстанда 1954–1960 жылдары 25,5 млн. га тың және тыңайған жерлер жыртылды, соның 17 млн. Қостанай, Целиноград, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Көкшетау облыстарының аумағында болды. Игеру науқанына еліміздің басқа аймақтарынан еріктілер ағыла бастады.

1966 ж. басталған экономикалық реформа бастапқы кезде экономикалық дамуға белгілі дәрежеде серпін берді. Тоғызыншы бесжылдықтың басына дейін жоспарлау мен экономикалық ынталандырудың жаңа жүйесі бойынша Қазақстандық 1578 кәсіпорын немесе олардың жалпы санының 84 проц.жұмыс істеді. Жоспар сегізінші бесжылдыңтың негізгі көрсеткіштері бойынша орындалды: өнеркәсіптің жалпы өнімі 56, ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 56, ауыл шаруашылығың жалпы өнімі 52 проц.артты. Өнеркәсіптің барлық саласы тиімді жұмыс істеді. Бірақ белгілі жәрежедегі радикализмге қарамай, экономикалық реформаның бірінші қаламынан бастап-ақ оның жүйесіздігі, жартыкештігі көрініп тұрды. Тоталитарлық жүйе оның өмір сүріп отырған экономикалық құрылымының шеңберінен шығуына жол бермеді, бұл құрылым өз дамуында тауарсыз социализмнің үстемдік құрып отырған лепірмесінің құрсауында болатын.

Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдарда КСРО-да экологиялық жағдай күрделі проблемалардың біріне айналды. Бұл проблемадан Қазақстан да тыс қалған жоқ. Әлем тарихында «қырғи қабақ соғыс» («холодная война») соғыс аталған империалистік мемлекеттер мен социалистік мемлекеттер арасындағы жанталаса қарулану бәсекесі XX ғасырдың 2-ші жартасында дүниені шарпыды. Бұл бәсекеде басты орында АҚШ пен КСРО тұрды. Ең алдымен бұл екі мемлекет ядролық қарудың ошағына айналды.



Қазақстан КСРО қорғаныс кешенінің ең ірі ядролық полигоны болды. Қазақстан жеріне осы және тағы басқа әскери қару-жарақ кешендерін салу барасында ешкімнің мүддесі ескерілмеді. Қазақстанда ең ірі Семей полигоны болды. Семей, Павлодар, Қарағанды облыстары түйіскен жерде орналасқан бұл полигон 8372 км2 жерді қамтыды. 1949 жылы 29 тамызда Семей полигонда алғаш рет ядролық қаруды сынады. Семей полигонда барлығы 500-ге жуық ядролық сынақ өткізілді. Ол кезде полигонның халыққа, қоршаған ортаға деген зияны туралы еш нәрсе айтылмады. Полигонда өткізілген әрбір сынақтың адам өміріне келтіретін зияны өте көп болды. Адамдар арасында түрлі аурулар көбейді. өмірге келетін сәбилердін кемтар болып тууы жиіледі. Жер қыртыстары жарамсыз болып қалды.

1962-1989 жылдар арасында Семей полигонындағы Дегелең тауының жер астындағы шахталарында 340 жарылыс жасалды. Бұл арада жыл сайын 14-18 ядролық сынақ өткізіліп тұрды.

1989 жылдың ақпанында Семейдегі атом полигонын табу үшін күресті бастауға ұйғарған «Невада - Семей» қозғалысының алғашқы митингісі өткізілді. Оны басқарған – белгілі қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменов. Сол жылдың 6 тамызында Семей облысының Қарауыл ауылында ядролық қаруды сынауға мораторий жариялау жөніндегі ұсынысты КСРО және АҚШ Президенттеріне үндеу қабылданды.

Қазақстан Республикасының егемендігі туралы Декларацияда ел ауағы ядросыз аймақ деп жарияланды. Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев Семей полигонын жабу туралы Жарлық шығарған күні – 1991 жылдың 28 тамызы.

Арал тенізі - Қазакстаныың інжу-маржаны, шөл белдеміндегі бірден-бір көгілдір су айдыны еді. Оның апатқа ұшырағанға дейінгі көлемі -1066 км2, тсреңдігі - 30-60 метр, тұздылығы - 10-12 % болған. Қойнауы кәсіптік бағалы балықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50-150 мын балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген.

Арал өңірінін тұрғындары 1970 жылдарга дейін әлеуметтік-экономикалық тұрғыда жақсы қамтамасыз етілген тіршілік көшті. Теңіз өңіріндегі елді мекендерде 17 балық колхозы, 10 балық өңдейтін зауыт және 2 балық комбинаты тұрақты жүмыс істеген.

1960 жылдардан бастап Арал өңірін игеру қолға алынды. Осы аймақтағы игерілетін жер көлемі бұрынгыдан Өзбекстан мен Тәжікстанда 1,5, Түрікменсанда 2,4, Қазақстанда 1,7 есеге өсті. Ал Әмудария мен Сырдария бойындағы халықтың саны 1960-1987 жылдар аралығында 2,2 есеге артты. Халық санының өсуіне орай суға деген кажеттілік те артты. Осыған орай, 1970-1980 жылдар аралыгында Аралға құйылатын су мөлшері азайды. Онын негізгі себептері - антропогендік факторлар еді. Екі өзен бойындағы суды мол кажет ететін күріш пен мақта есіру ісі каркындап дамыды (Шардара).

Оның үстіне ауыл шаруашылығының басқа да салалары барынша дамыды. Өзен бойлары игеріліп, суды ысырапсыз пайдалану жүзеге асты. Мәселен, Аралға 1960-1965 жылдар арасында 44 мың м3 су кұйылса, бұл көрсеткіш 1974-1978 жылдары 13 мың м3, ал 1990 жылдары екі есеге қысқарды. Нәтижесінде, Арал теңізінің деңгейі 23 метрге дейін төмендеп, оның су айдыны 30-200 км-ге дейін қусырылды. Судың тұздылығы 40 пайызға дейін артты. Оның үстіне екі өзен бойындағы шаруашылықтарда тыңайтқыштар мен химиялык препараттарды қолдану бүрын-соңды болмаған көрсеткішке жетті. Тыңайтқыштарды қолдану 10-15 есеге өскен. Осындай антропогендік факторлар Арал өңірін экологиялық апатқа ұшыратты. Құрғап қалған теңіз түбінен жыл сайын айналаға зияндылығы өте жоғары 2 млн. тұзды шаңдар көтеріліп, желмен тарай бастады. Сонымен, Арал апатына себеп болған факторларға:

- жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшсліктерін ескермеу;

- ауыл шаруашылығын дүрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау;

-  суды өте көп қажет ететін күріш, мақта дақылдарып барынша көбейтіп жіберу; -  жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және суды үнемді пайдаланбау;

- табиғат ресурстарын пайдаланудағы жіберілген қателіктср мен оны меңгерудің ғылыми түрғыдан негізделмеуі болып табылады.

Соғыстан кейінгі кезенде білім, ғылым және әдебиетпң дамуында бірқа-тар жетістіктерге қол жеткізілді. 1946 жылы Қазақ КСР Ғылым Академиясы ашылды, оның ұйымдастырушысы әрі тұңғыш президенті Қ. Сәтпаев болды. 1950 жылдың соңында Қазақ КСР-ның Ғылым Академиясы жүйесінде 19 ғылы-ми-зерттеу институты жұмыс істеді. 1947 жылы М. Әуезов «Абай жолы» эпопеясының екінші кітабын жазып бітірді, ал 1949 жылы оған КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді. Қазақ әдебиетінде бұл жылдары С. Мұқановтың «Сырдария», Ғ. Мұстафиннің «Мил-лионер» және И. Шуховтың романдары, Т. Жароковтың шығармалары және т.б. құнды еңбектер жарық көрді. Соғыстан кейінгі жылдарда, бір өкініштісі, зиялы қауымға қарсы сталиндік қуғын-сүргін саясатының жаңа толқыны басталды. Ленинград пен Мәскеуде идеологиялық тапсырма непзшде қолдан жасалған «Ленинград ісі", «Дәрігерлер ісі», ал Қазақстанда «Бекмаханов ісі» ұйымдастырылды. Е. Бекмаханов талантты тарихшылардың бірі еді. Соғыс жылдарында белгілі ғалымдармен, тарихшылармен бірге ғылыми шығармашылық жұмыспен белсенді айналыс-ты. Мысалы, соғыс жылдары А. Кучкин, А. Панкратова, Б. Греков, Н. Дружи-нин сынды белгілі ғалымдар енген авторлық ұжымның құрамында «Қазақ КСР тарихын» жазуға қатысты. Бұл аса құнды еңбек 1943 жылы жарық көрді. 1947 жылы Е. Бекмаханов «XIX ғасырдың 2о10 жылдарындағы Қазақстан» атты іргелі ғылыми монографиясын дайындады. Алайда еліміздің идеоло-гия саласын басқарып отырған адамдар Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық кетеріліске қатысты ғалымның көзқарасы ұлтшыл әрі саяси зиянды деп бағалады. Сол себепті 1952 жылы Е. Бекмаханов 25 жылға сотталып, тек И. Сталин өлгеннен кеиін ғана, 1954 жылы көктемде ақталды. Саяси айып тағылып, ғалымдар қатарында А. Жұбанов, Қ. Жұмалиев, Б. Сүлейменов, Қ. Мұхамедханов, жазушы Ю. Домбровский және т.б. қудаланды. Қ. Сәтбаев пен М. Әуезов саяси қысымның нәтижесінде еріксіз Қазақстаннан Мәскеуге кетуге мәжбүр болды.




жүктеу 150.63 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   32




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет