Дәріс сабақтардың жоспары пән атауы



жүктеу 150.63 Kb.
бет11/32
Дата11.02.2022
өлшемі150.63 Kb.
#17173
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   32
Дәріс тарих
Жеке тапсырма теория, тарих 7 апта
Негізгі әдебиеттер:

  1. Қазақстан тарихы. 5 томдық. 1-5-томдар. –Алматы., 1996, 1997, 2000, 2010.

  2. Қазақстан (Қазақ елі) тарихы. – 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышарттары және қалыптасуы. 4 кітап/ Т.Омарбеков, Б.С.Сайлан, А.Ш.Алтаев және т.б.. – Алматы, Қазақ университеті, 2016. – 264 с.

  3. Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. – Алматы: Атамұра, 1999

  4. Аяған Б.Ғ., Әбжанов Х.М., Махат Д.А. Қазіргі Қазақстан тарихы. – Алматы, 2010.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Назарбаев Н.Ә. Тәуелсіздік белестері. – Алматы, 2003.

  2. Назарбаев Н.А. Ғасырлар тоғысында. – Алматы, Өнер, 1996. – 272 б.

  3. Омарбеков Т., Омарбеков Ш. Қазақстан тарихына және тарихнамасына ұлттық көзқарас. –Алматы: Қазақ университеті, 2004. – 388 б.

  4. Алаш қозғалысы: Құжаттар мен материалдар жинағы: сәуір 1920-1928 жж. /Бас ред.: Қойгелдиев М.Қ.; Жауапты құраст.: Грибанова Е. М., Жағыпаров Н. Р. – Алматы: Ел-шежіре, 2007. – 304 б.

  5. Алаш қозғалысы. Құжаттар мен материалдар жинағы. 1905 – 1917 жж. Т. 1. – Алматы: 2004-2007. I-IV Т.

  6. Койгелдиев М.К. Сталинизм и репрессии в Казахстане 1920-1940-х годов. Алматы, 2009.

  7. Рыскулов Т.Р. Собрание сочинений в 3-х томах. (Составители Асылбеков М.Х., Балакаева Л.Т. и др.) - Алматы, Казахстан -336с.

  8. Қозыбақова Ф.А.Қазақстандағы кеңестік әкімшіл-әміршіл жүйенің аграрлық саясаты және оның салдары (1920-1930 жж.). учебное пособие. – Алматы, 2011 5,4 п.л.

Тақырып 5. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы кеңестік реформалардың қайшылықтары мен зардаптары.



Дәріс жоспары:

1.Соғыстан кейінгі Қазақстан халық шаруашылығындағы қиыншылықтар мен проблемалар.

2. Соғыстан кейінгі білім мен ғылымдағы жағымды өзгерістер.

3. Партиялық бақылаудың күшеюі, тарихи зерттеулерден ұлтшылдықты іздестіру (Е.Б.Бекмахановтың, Қ.И.Сәтбаевтың, Б.Сүлейменовтың т.б еңбектері)

4. Н.Хрущевтың «жылымығы» және экономиканы басқару саласындағы тиянақсыз реформалары.

5. Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игерудің кезеңдері, табыстары, экологиялық және демографиялық зардаптары.

6. 1965 – 1966 жж. экономикалық реформалардың аяқсыз қалуы.

7. Экологиялық дағдарыстар. Арал қасіреті. Семей ядролық сынақ полигоны (1949-1991).

8.   Мәдениет пен ғылым және рухани өмірдегі қайшылықтар.
II дүниежүзілік соғыс КСРО шаруашылығына өте көп зиян әкелді. Кеңес одағы 679 миллиард сом материалдық зиян шекті. Басқыншылардың КСРО халық шаруашылығына жасаған жалпы зияны – 2 триллион 569 миллиард сом болды. 1710 қала, 70 мыңнан астам селолар мен деревнялар, 32 мың өнеркәсіп орындары, 65 мың км темір жол қиратылды, 4 мың темір жол станциясы толық немесе ішінара талқандалды. 2 млн. адам қираған үйде тұруға мәжбүр болды. Киев, Ленинград, Станиград, Минск т.б. қалалардың көп бөлігі талқандалды .

Соғыстан кейін қираған экономиканы, халық шаруашылығын қалпына келтіру Кенес үкіметінің алдында тұрған басты міндет болды. Бұл бағытта ең алдымен жұмыс күшінің жетіспеуі кедергі жасады. Өндірістегі жұмыс қолының жетіспеуін толықтыру мақсатында 11 млн. 365 мың адамдық Кенес Армиясы қатарынан 8 млн. 500 мың адам босатылды. 1945 жылдың шілде қыркүйегі бірінші кезекте халық шаруашылығына қажетті мамандар жіберілді.

1946 жылы 18 наурызда қабылданған төртінші бесжілдыққа (1946-1950 жж.) арналған жоспар бойынша соғыстан бүлінген аудандарды қалпына келтіру, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының соғыстан бұрынғы дәрежесіне жетіп, одан едәуір асып түсу міндеті белгіленді. Сонымен бірге онда Қазақстан экономикасын өрге бастыруға үлкен мән берілді.

Республикада ауыр өнеркәсіпті қалпына келтіріп, тез дамыту, сондай-ақ женіл тамақ және тоқыма өнеркәсібін одан әрі өркендету көзделді. Халықтың материалдық қажеттерін қанағаттандыру ісі екінші кезектегі мәселе болып саналды. Төртінші бесжілдық жоспарда Қазақстанның халық шаруашылығы мен мәдениетін дамытуға мән берілді. Ауыр өнеркәсіпке, темір жол желісін салуға, ауылшаруашылық дақылдарының өнімін арттыруға қаржы бөлінді. Қазақстанға бөлінген күрделі қаржы одақ бойынша үшінші орында болды. Төртінші бесжылдықта бүкіл елде өнеркәсіп өнімі 1940 жылғымен салыстырғанда 40%-ға өсетін болып белгіленсе, Қазақстанда ол 2,2 есе артатын болды.




жүктеу 150.63 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   32




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет