Дәріс сабақтардың жоспары пән атауы



жүктеу 150.63 Kb.
бет10/32
Дата11.02.2022
өлшемі150.63 Kb.
#17173
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   32
Дәріс тарих
Жеке тапсырма теория, тарих 7 апта
1922 жылдың 30 желтоқсанында Мəскеу қаласында Бүкілодақ Кеңестерінің І съезі өтті. Съезд төрт республика: Ресей, Теріскей Кавказ Федерациясы, Украина жəне Белоруссия бірігіп, Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (КСРО) құрылуы туралы Қаулы шығарды жəне КСРО-ның құрылғаны туралы Декларация мен Шарт қабылдады. Онда республикалардың одақтық мемлекетке бірігуінің принциптері мен шарттары баяндалды [18]. Съезде КСРО Орталық Атқару Комитеті (ОАК) сайланып, оған төрт тең төрағалар болып М.Калинин (Ресей), Н.Нариманов (Теріскей Кавказ), Г.Петровский (Украина) жəне А.Червяков (Белоруссия) сайланды. Бірақ тең төрағалық қағаз жүзінде қалып, аз уақыттан кейін Орталық Атқару Комитеттегі билік толық М.Калининнің қолына көшті.

1923 жылы шілде айында Орталық Атқару Комитетінің ІІ сессиясы КСРО-ның Конституциясын қабылдап, оны Бүкілодақтық Кеңестерінің ІІ съезі 1924 жылдың 31 қаңтар айында бекітті. Конституция бойынша КСРО-ның жоғарғы үкімет органдарының қарауына мынандай мəселелер жататын болды: сыртқы саясат, соғыс жариялау мен бітім жасау, КСРО мен республикалардың шекаралары, КСРО құрамына қабылдау, КСРО Қарулы Күштері, көлік пен байланыс, халық шаруашылығын жоспарлау. Осыған қарағанда Конституция федерациядағы Орталықтың билігін заңдастырды. Əсіресе Конституцияның ІV-тарауы бойынша Орталық үкімет республикалардың ішкі жағдайларындағы барлық мəселелерге араласып тұруға мүмкіншілік жасады. Ал Конституциядағы республикалардың Одақтан шығу құқығы көп жылдары қағаз жүзіндегі бап болып қала берді.

Қазақстанда жаппай ұжымдастыруды жанталаса жүргізді. Ұжымдастыру қозғалысындағы бұрмалаушылықтар үшін айрықша жауапкершілік Қазақстанда «Кіші Қазанды» жүзеге асыру теориясы авторының мойнында жатыр.

Кеңес Одағы Коммунистік партиясының XV съезі (1927 ж 2-19 желтоқсан) шақырылды, ол ауылшаруашылығын мейлінше ұжымдастыру, жаңа техникамен жарақталған социалистік ірі ауылшаруашылық өндірісіне көшу жағдайында қарар қабылдады.

Еріктілік ұстанымы мен қарапайым заңдылықтың бұзылуы әуел бастан-ақ барлық жерге тән сипат алды. Сайлау құқықтарынан айыру “тәрбиелеу мақсатымен” тұрып жатқан жерінен басқа ауданға жер аудару немесе ұзақ уақыт қамауда ұстаумен қорқытуды күшейту тәсілдері – кең тараған түрге айналды. Мыңдаған ауқатты және орташа шаруашылықтар – кулак құйыршықтарының қатарына жатқызылды.



1929 ж. ғана республикада 56498 шаруа жауапқа тартылып, олардың 34 мыңнан астамы сотталды. Кулактарды жою дейтін науқанның зардаптары ауыр болды. Кей жерлерде кедейлер мен орта шаруаларды орынсыз соттау және олардың малын жөнсіз кәмпескелеу меншік құқығынан айыру, тұрақты мекенінен күштеп көшіру орын алды.

Қазақстанда индустрияландыру ісі болашақ өнеркәсіп үшін қажетті табиғи байлықтарды зерттеуден басталды. 1927 жылы Түркістан-Сібір темір жол магистралі салына бастады. Бұл темір жол құрылысы елімізідің тарихына еңбек ерлігінің үздік үлгісі ретінде енді.

20 жылдардың аяғы 30-жылдарда Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдай бүкіл елдегі сияқты тұрақты емес еді. Жазалау толқыны Қазақстанды да жайпап өтті. Алдымен азамат соғысының аяғына қарай Кеңес өкіметі жағына қарай көшіп, кейінгі жылдарда оған шамасы келгенше қызмет ете бастаған қазақ зиялылары зардап шекті. Ә.Ермеков, Х.Досмұхамедов, Ә.Бөкейханов және “Алаш” партиясының көрнекті қайраткерлері мен мүшелері жазаға ұшырады. 1930 жылы сәуірде Қазақ АКСР БМСБ алқасы кеңес әдебиетінің негізін салушылардың бірі Жүсіпбек Аймауытовты атуға үкім шығарды. РКФСР Жоғарғы сотының көшпелі сессиясы дарынды сәулетшілер, инженерлер мен ғалымдар тобын (П.Т.Будасси, С.Б.Голдгор, С.А.Баграков, М.Тынышбаев т.б.) сотқа тартып, тергеу жұмыстарын жүргізді.



1937-1938 жылдарда террор жаппай сипат алды. Оның басты кереғарлығы – Кеңес үкіметінің өзінің қарсыластарын ғана емес, Коммунистік идея үшін күрескендерді де жазалауында еді. Бұл жылдарда Кеңес өкіметін орнату мен нығайтуға қатысқан көрнекті қайраткерлер жаза тартты. БК(б)П Орталық Комитетінің Қазақстанға жіберген көптеген өкілдері, партияның тәжірибелі, адал қайраткерлері де бұл апаттан құтыла алмады.

Репрессия саясатының кең ауқымдылығын түсіну үшін “Үлкен террор” кезіндегі 1937 жылғы ақпан-наурыз пленумында келтірілген баяндамаға назар аудару керек. Онда “басқа державалардың ішінде КСРО жалғыз социализм құрылысындағы мемлекет, шетелдік мемлекеттер, оның ішінде Финляндия, Балтық елдері, Польша, Румыния, Түркия, Жапония елдері Франция және Ұлыбритания елдерінің көмегімен КСРО-дағы социализм құрылысына тосқауыл болуы үшін шпиондар мен диверсант әскерлерін КСРО-ға енгізеді” деген оймен контексте “басқа әлеммен қарым-қатынас жасағандарға, қуғындау ісі жүргізілді” делінген.

ХХ ғасырдың 20-30-жылдардағы репрессиялау науқанында назар аударарлық жағдай – сол кезеңдегі қаулы-қарарларды мерзімді баспасөз беттерінде әр түрлі “шылдықтар”. Ф.Голощекин қазақ зиялыларына “сәдуақасовшылдық,” “қожановшылдық,” “рысқұловшылдық,” “сейфуллиншілдік” тағы басқа “шылдықтар” атын туғызды.

Алаш зиялыларына қарсы күрестің жандануына жоғарыда келтіргеніміздей, 1925 жылы 29 мамырда Сталиннің Қазақ өлкелік партия комитетінің бюросына өлкелік “Ақ жол” газетінің ұстанған бағытын айыптап арнайы жазған хаты себеп болды. Ол хатта газет бетіндегі жариялағанған мақалаларының бұл кезде шет елде эммиграцияда жүрген М.Шоқайдың ойымен “үндес және пікірлес екенін, яғни Алашордашыл ұлтшыл идеяларды жаңғыртатыны” атап көрсетілді. Сондай-ақ, алдағы уақытта осындай көзқарастағы партияда жоқ зиялы қауым өкілдерін жастарды тәрбелеуге жібермеу ескертілді. К атты еңбегінде 1937-1938 жылдары қазақстандықтардың 44 мыңы түрмеде, ал оның 22 мыңы атылған деп айтады. 1936-1938 жылдар арлығында 29 әртүрлі “контрреволюциялық ұйымдар” ашылып, 1937-1938 жылдары 160 мың адам қуғын-сүргінге ұшыраған.

Шабуыл жасаспау туралы (23 тамыз 1939 ж) Совет Одағымен жасаған келісімді бұзып, фашистік Германия 1941 жылы 22 маусымда соғыс жарияламастан КСРО аумағына басып кірді. Ұлы Оотан соғысы осылай басталды.

Соғыстың сипаты - Германия тарапынан бұл соғыс агрессиялық, жаулап алушы, әділетсіз соғыс болды, ал Совет Одағы тарапынан әділетті өз жерін қорғаған, азаттық Отан соғысы болды.

Соғыстың басталуына байланысты ел экономикасын соғыс жағдайына бейімдеу басталды. Республика экономикасы әскери бағытқа көшірілді (милитарландырылды).

Бейбіт мақсаттарға жұмсалатын қаржы мейлінше қысқартылды. Көптеген кәсіпорындар қорғаныс өнімдерін шығара бастады. Өскемен қорғасын – мырыш комбинаты, Қарағанды көмір шахталары сияқты соғысқа қажетті өнімдер шығаратын өнеркісіп құрылыстарын салып аяқтады. Соғыс жүріп жатқан жерлерден және майданға жақын аймақтардан 220 завод пен фабриканы, кәсіпорындары Қазақстанға көшіру жүргізілді.

Қазақстанға майдан өңірінен көптеген мамандар да көшірілді. Мысалы, тек қана Домбасстан 3200– ге жуық шахтер, 2000– дай құрылысшы келді. Майдан өңірлерінен келген инженер– техниктер саны 700 – дай болды.

Қазақстан КСРО – ның негізгі әскери - өнеркәсіп базасына айналды. 1942 жылы Одақта өндірілген қорғасынның 85 % - ын, көмірден 18 % -ын, молибденнің 60 % - ын, оқтанды мұнайдың 1 млн тоннаға жуығын берді.

Брест қамалын қорғаушылар арасында қазақстандықтар А.Наганов, қатардағы жауынгер А.Мүсірепов, саяси жетекші В.Лобанов, кіші сержант Қ.Иманқұлов, зеңбірекші-пулеметші К.Жұматов, В.Фурсов, Т.Тұрдыев, Ш.Шолтыров және басқалар болды. Майдан даласында ұрыс салған мыңдаған қазақстандықтар отаншылдық пен ерліктің үлгісін көрсетті. Мәскеу түбінде генерал-майор И.В.Панфилов қолбасшылық еткен 316-атқыштар дивизиясы ерлікпен шайқасты. 1941 жылғы қарашада Дубосеково разъезі түбінде ұрыс салған 1075-атқыштар полкінің танк жоюшылар тобының ерлігі елге мәлім болды. Осы топта болған ротаның саяси жетекшісі В.Г.Клочковтың: “Ресей кең-байтақ, бірақ шегінерге жер жоқ, артымызда Мәскеу” – деген жалынды сөзі бүкіл майданды шарлаған ұранға айналып кетті. Мәскеу үшін шайқаста И.В.Карпов қолбасшылық еткен атқыштар полкі мен аға лейтенант Бауыржан Момышұлы басқарған батальонның жауынгерлері ерекше табандылық пен қаһармандық көрсетті.

Қазақстандық партизандардың жалпы саны 3,5 мың адамнан асып түсті. Олардың қатарындағы Қ.Қайсенов (кейін Халық Қаһарманы), .Ағаділова, Е.Воробьева, П.Семенова, Д.Ә.Әбдрайымов, Ә.Шәріпов, У.Оразбаев, Ж.Саин, Ж.Нәметов, Т.Жұмабаев т.б. қаһармандық ерліктерімен тарихта қалды. Жүздеген қазақстандықтар шетелдердегі қарсыласулар қозғалысына қатысты. Олардың ішінде Кеңес Одағының Батырлары А.С.Егоров пен З.У.Хусайыновтың есімдері белгілі болды. Тек үш елдің ғана – Францияның, Италияның, Болгарияның қарсыласу қозғалысы күрескерлерінің қатарында 180 қазақстандық ерен ерлікпен шайқасты.


жүктеу 150.63 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   32




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет