Дәріс. Электрөлшеу құралдарының мақсаты мен түрлері. Электрмагнитті жүйе аспаптары. Электрдинамикалық жүйе аспаптары. Бақылау-өлшеу аспаптары



жүктеу 80.32 Kb.
бет1/2
Дата15.02.2022
өлшемі80.32 Kb.
#17266
  1   2
Дәріс 11.02

Дәріс. Электрөлшеу құралдарының мақсаты мен түрлері. Электрмагнитті жүйе аспаптары. Электрдинамикалық жүйе аспаптары.

Бақылау-өлшеу аспаптары — процестердің тиімді жүруі үшін оның көптеген параметрлері белгілі шекте болуы қажет. Оны қамтамасыз ету үшін әр түрлі бақылау-өлшеу аспаптары қолданылады. Олар шамалардың тегіне қарай, мынадай түрлерге бөлінеді: амперметр, вольтметр, омметр, мегомметр.

Электр тізбектеріндегі ток күштерін өлшеу үшін әр түрлі жүйелі амперметрлер,милиамперметрлер және микроамперметрлер қолданылады ( 1-сурет). Оларды тізбекке тізбектеп жалғайтындықтан, тізек арқлы өтетін барлық ток аспап арқылы да өтеді.


1-сурет. Амперметр 2-сурет. Вольтметр


Түрлі электрлік өлшеулер жүргізгенде өлшеуіш аспаптардың оны жалғаған тізбектегі электрлік режимді мейлінше аз өзгерткені өте маңызды. Соған байланысты амперметрдің кедергісі тізбектің кедергісімен салыстырғанда елеусіз болуға тиіс.

Амперметрді ток көзінің полюстеріне жүксіз қосуға болмайды, өйткені амперметрдің кедергісі аз орамаларынан үлкен ток өткенде оның жанып кетуі мүмкін. Сондай ақ, амперметрді жүкке параллель жалғауға болмайды . Кейбір электр өлшеуіш аспаптардың орамалары және жеке элементтері арқылы, оларды істен шығарып алмауы үшін, елеулі үлкен ток өткізуге болмайды. Әсіресе, магнитті электрлік аспаптардың спираль серіппесімен жылжымалы орауышын ескерген жөн.

Вольтметр — тұрақты және айнымалы ток тізбектеріндегі электрлік кернеуді өлшеуге арналған аспап (2-сурет). Вольтметр түрлері: аналогты (тілді көрсеткішімен және жарықты көрсеткішімен), цифрлы (механикалық, электрмеханикалық және электрлік индикаторлармен) болады. Тізбектегі жүктемеге немесе электр энергия көзіне параллель қосылады.

Электронды вольтметр - электр кернеуді өлшеуге арналған электрондық аспап. Электронды вольтметр электрондық жиынтықтан (түзеткіштен, күшейткіштен) және түрақты токты өлшсу механизмнен тұрады. Электронды вольтметр әсерлейтін және орта кернеуді өлшейтін түрі, сонымен электронды вольтметр өлшенетін синусоналды кернеудің амплитудасына немесе қисығының ауытқу түрінің ең биік моні сәйкес келетін кернеудің амплитудалық мәнін өлшейтін түрі болады. Электронды вольтметр импульсті түрі де болады. Онымен аз уақыттағы (0,1 ... 300 мс) амплитуданы өлшеуге болады. Өлшеу шегін кеңейту кернеу бөліктерін қолдану арқылы жүргізіледі. Электронды вольтметрдің негізгі артықшылықтары: іс жүзінде өзі қуат пайдаланбайды және жиіліктерінің аумағы кең.



Кедергілерді омметрмен өлшейді (3-сурет). Кедергілерді өлшеу мүмкіндіктерді кернеу тұрақты болған жағдайда ток күші кедергіге байланысты болып келетініне негізделген. Осы тәуелділік негізінде тізбектің кедергісін ондағы ток күшіне қарай айыруға болады. Омметрдің тілі шкала бойынша омметрдің қысқыштарына жалғанған кедергінің шамасын көрсетеді.

3-сурет. Омметр


4-сурет. Омметрдің үлгі ретіндегі кедергімен тізбектей (а) және параллель (б) жалғану схемалары

Омметрдің параллель жалғану схемасын аз кедергілерді өлшеу үшін ал тізбектей жалғану схемасын үлкен кедергілерді өлшеу үшін қолданады.

Электрөлшеуіш аспаптың шартты белгілері:

Әрбір электр өлшеуіш аспаптың шкаласында шартты белгілер мен аспаптың құрылымы және пайдалану жөніндегі қажетті мәлімет көрсетіледі.

Бұл ұсыныстар Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік құжаттарына, өндірушілердің нормативтік құжаттарына, өндірістік нұсқаулықтар мен еңбек қорғау бойынша нұсқауларға сәйкес өлшемдердің бірлігін және талап етілетін нақтылығын қамтамасыз ету үдерісін және құрал-жабдықтардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді.


жүктеу 80.32 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет