ДƏріс бернияз Күлейұлы (1899-1923)



жүктеу 70.43 Kb.

Дата08.09.2017
өлшемі70.43 Kb.

 

101

 

12-ДƏРІС 

 

Бернияз

 Күлейұлы (1899-1923) 

1. Шығармашылығы 

2. Ақындық əлемі 

1)  ХХ  ғасыр  басындағы  қазақ  əдебиетінің  көрнекті  өкілі 

ақын  Бернияз  Күлейұлы  1899  жылы  бұрынғы  Торғай 

облысы,  Ақтөбе  уезіне  қарайтын  Бөрте  болысының 

бесінші 


ауылында 

(қазіргі 

Ресей 

Федерациясының 



Орынбор  облысы)  туған.  Дəстүрлі  қазақ  қоғамына  тəн 

Бернияз  мұсылманша  сауат  ашып,  медресе,  мектептерде 

білім  алады.  1917  жылы  күзде  Орынбордағы  қазақ 

мұғалімдер  семинариясына  түседі,  бірақ  ұзақ  уақыт  оқи 

алмайды.  Оған  Ресейдегі  Ақпан.  Қазан  төңкерістері  басты 

себеп  болады.  1918  жылы  Торғай  облысының  кеңестік 

съезінде облыстық комитетке, оқу бөлімнің президиумына 

мүше  болып  сайланды.  1919  жылы  Орынбода  құрылған 

революция  комитетінің  Ақтөбе  қаласындағы  төтенше 

комисары  болады.  1920  жылдан  өмірінің  соңына  дейін 

Қазақ  АССР  Халық  ағарту  комиссариятының  кітаптарды 

бастырушы  өкіоі  ретінде  Қазан  қаласында  қызмет 

атқарады.  Абай,  Мағжан,  Сұлтанмахмұт  шығармаларын 

жырыққа  шығаруға  ерекше  үлес  қосады.  «Абайдың 

тұңғыш жинағына енбеген өлеңдерін толық қамтуды, оның 

қарасөздерін 

енгізуді, 

ақын 


өміріне 

байланысты 

иллюстрациялар  беруді,  өмірбаянын  толықтырып,  кеңінен 

қамтып  жазуды  мақсат  етеді»  (А.Нұрқатов).  1923  жылы 

ақын  сүйгені  Зейнеп  ханым  Ахмероваға  қосыла  алмау 

салдарынан  атылып  өледі.  Ақын  қазасына  орай  жазылған 

«Бернияз Күлеев» атты мақаласында Мағжан Жұмабайұлы 

«Бернияз 

төңкеріс 

заманында 

туған 

ақын, 


бірақ 

төңкеріспен  бірге  дүниеге  шыққан  шағы  бір  келгені 

болмаса,  төңкеріс  туғызған  ақын  емес.  Тегінде,  əдебиет 

көктен түсетін пайғамбарлық емес. Əдебиет елдің жанында 



 

102

 

жүре 


бастаған 

толқындардың 

жарыққа 

шыққан 


жаңғырығы.  Төңкеріске  шейін  жаңа  ояна  бастаған  жас 

баладай  елімізді  əдебиеті  алдынан  тəй-тəйлап  жетектеп 

келе  жатты.  15-20  жыл  бұрын  еліміздің  көзі  жасты  еді. 

Əдебиетіміздің  де  көзі  жасты  болды.  Бірақ  алдында  келе 

жатқандығын ақытап, жұбата білді. Соңғы 10-05 жылдарда 

елімізге  елдік  сезімі  кіре  бастады.  Алыста  үміт  елестей 

бастады.  Сондықтан  əдебиетіміз  де  екпінді,  отты  мінез 

алды.  «Кекті  кектей»,  алыстағы  үмітті  жырлай  бастады. 

Əдебиетіміздің  жүріп  келе  жатқан  табиғи  жолы  осы  еді. 

«Ұшқын» 


бетінде 

жарыққа 


шыққан 

жас 


Бернияз 

əдебиетіміздің  сол  табиғи  жолымен  шықты»  деп  жазды. 

Мағжан  Бернияз  ақындығын  сол  дəуір  əдебиеті  дамуы 

ерекшелігі  тұрғысынан  бағалай  отырып,  ерте  өшкен 

дарынның даралық сипатын терең зерделейді 

«1914-1916  жылдар  –  Бернияздың  ауылда  өскен 

шағы.  Балғын  жастың  толғаныстары  мен  ойлары,  айнала 

дүниені  танып-білуі,  арман-тілегі  тіпті  ерте  есейген  əрі 

терең.  Адамның  дəл  осы  шағында  өзінің  болмысына,  жан 

дүниесіне терең үңіліп, оны жалпы өмірмен байланыстыра 

толғануы,  зерделі  ойлар  түю  жиі  кездесе  бермейтін 

құбылыс» 

(Р.Батырбекова). 

Осы 


ретте 

ақынның 


«Ойдағым»,  «Өзім»,  «Зарлық»,  «Апама  хат»  өлеңдерінің 

рухы  соны  айқын  аңғартады.  Ақынның  шығармашылық 

толысуы, 

көркемдік 

ізденісіндегі 

шиыршық 


атқан 

қадамдары  1917-1918  жылдары  жазылған  өлеңдерінен 

айқын 

танылады. 



Қоғамдық 

өмірдегі 

күрделі 

де 


қайшылықты 

оқиғалар 

«1917-жылға», 

«Бостандық 

күнінде»,  «Бұлт»,  «Бостандықтан  бұрын,  Бостандық 

болған  соң»,  «Жорықтан  соң»,  «Соғыс  майданында»,  «Ел 

ерлеріне»,  «Алға»,  «Жастар  үшін»,  «Ертеректе  ер 

жүрегім»,  «Ер  жігітке»,  «Кім  бар»  өлеңдерінде  көрініс 

тапты. 

Лирикалық  «меннің» 



басты 

көңіл 


аңсары, 

эстетикалық  мұраты  тұтас  елдің  ұлы  мұрат-мақсаты 



 

103

 

еркіндік  арнасында  өрістейді.  Мысалы,  «Ардақты  жыл, 

атақты  жыл,  жанды  жыл,  Ұмытылмас  жыл,  өмірі  ұзақ 

мəңгі  жыл.  Теңдік,  теңдік  –  тіршіліктің  тұтқасы,  Бірлік, 

ерік  бостандықпен  атқан  гүл.  Көптің  күткен  дəл  кезінде 

келген  жыл,  Көп  тілегін  көлдей  қылып  берген  жыл.  Елге, 

жұртқа бірднй болған Азаттық Күн қызығын көппен бірге 

көрген  жыл»  («1917-жылға»).  «Қосылып  жұртпен,  Үлгілі 

ұлтпен. Біз де алға басалық. Надандық, қорлық Тұрса, қор 

болдық  –  Жылдам  алыс  қашалық.  Бас  көтерер  күн  жетті, 

Күндер осы міндетті.  Ұстаса, қолда қолда қалатын болма, 

Өзіңе ерік берік бол. Көзіңді ашсаң, Ілгері бассаң, Саған да 

тұр  беріп  жол.  Осы  емес  пе  дəл  уағың  –  Берілетін 

алмағың...Өлмеймін  десең,  Ел  қамын  жесең,  Біз  де  саған 

серік.  «Қайнайды  қаным»  «Ашиды  жаным»,  Өткен  күнді 

көріп,  Елім-*жұртым,  қазағым,  Құтты  болсын  қадамың!» 

(«Бостындық  күнінде»).  «Аз  шыдасаң,  елді  жаудан 

ашарсың,  Жау  жүрегін  жасқанбастан  басарсың,  Біріктіріп 

бес бөлегін жалғанның, Мəңгі-бақи елмен еркін жасарсың» 

(«Ел  ерлеріне»).  Ақын  шығармашылықпен  1913-1914 

жылдары  айналыса  бастанғанмен,  ең  бір  жемісті  кезеңі 

1918-1922  жылдар  аралығы.  Бұл  жылдары  40  жуық 

өлеңдері жазылған.  

2)Бернияз  сыршыл  да  нəзік  сезімнің  ақыны.  Абай, 

Мағжан  дəстүріндегі  көркемдік-эстетикалық  нəрді  өз 

поэзиясына  дарытқан  дарынның  табиғат,  махаббат,  көңіл-

күй лирикасы ХХ ғасыр басындағы қазақ сөз өнерінде өмір 

құбылыстарын айшықты бояуларымен, əдемі өрнектерімен 

суреттеуде  өзіндік  із  қалдырған  туындылар.  Табиғат 

лирикасындағы «Қызықты жаз», «Бұлт», «Түн », «Жаздың 

алды», «Жазғы дала», «Таң алдында», «Жапыраққа қарап», 

«Əдемі  түн»,  «Жаз»,  «Күз»,  «Жас  теректің  жапырағы» 

өлеңдері  Бернияз  ақындығының  эстетикалық  əлемін, 

поэтикалық 

қуатын 


танытатын 

ғажайып 


дүниелер. 

«Жайнаған дала, Ойнаған бала, Жайылған малмен жабулы. 



 

104

 

Керілген көкте Қаңқылдар текке Қаз, қу, ырна ағулы. Бала 

мен  мал  –  жер  жаны,  Көктің  сəні  –  құс  əні...Күлімдеп 

жайнап, Жанданып жайрап, 

   Бəйшешектер  бас  иед.  Жел  жүрсе  жылжып,  Гүл  біткен 

құлбып,  Көрінеді  қасиет.  Жалынды  жүрек,  жанды  жас, 

Көкірегіңді  гүлге  бас.  Қол  былғап  күліп,  Керілген  тынық 

Даланы  жарып  бұлаңдап,  Толқысып  тасқан,  Тасқынын 

басқан Дариядай сырлап сылаңдап, Шын сұлудай албырап, 

Көрінер  сағым  бұлдырап»  («Жазғы  дала»).  «Ойды  қозғап, 

бойды  алады  таңдағы  Бозторғайдың  жүз  құбылған 

сайрағы.  Ішке  түскен  ыстық  жүрек  дертімен  Қайғы-зарды 

қозғатады  қөайдағы»  («Таң  алдында»).  «Жас  терктің 

жапырағы,  Жамырама,  соқсын  жел.  Жүрегіме  менің-дағы, 

Жалынбаймын өтсін шер...Сылдырлайсың, сыбдырлайсың, 

Əлде  өмірің  өте  ме?  Жылап  хақтан  не  сұрайсың,  Ажал 

күзің  жете  ме?»  («Жас  теректің  жапырағы»).  «Жас 

жүрегім»,  «Жырла  да  зарла,  көңілім»  өлеңдері  Абай  үнін 

анық  əкеледі  құлаққа.  Алғашқы  өлең  «Жүрегім,  ойбай, 

соқпа  енді...»  жəне  Абайдың  жүрек  тақырыбына  арналған 

басқа  да  шығармаларымен  сарындас.  Абай  өлеңіндегі 

сияқты мұнда да ақынның өз жерінен ем іздеуі, сол арқылы 

іштей  жаңарып  түлеуі,  рухани  медет  табу  жайындағы 

тақырып жырланған» (А.Нұрқатов). 

Ақынның  махаббат  лирикасы  да  қазақ  поэзиясына 

жан  сыры  мен  сезім  күйін  соны  көркемдік  сипатта 

сыршылдықпен  жырлауымен  соны  тыныс  дарытты. 

«Ғ..тоташтың 

альбомына», 

«Сүйікті 

қайғылыға», 

«Ғашығыма»,  «Шын  сұлуға»,  «Сен  менің  шын  нанған 

аллам»,  «Шер шыдатпай, саған арнап»,  «Жүрегің жанып», 

«Жан  жарым  алыстағы,  аманбысың»,  «Əйел»,  «Жүрегім», 

«Гүлəндамға»,  «Жас  бұрқ  етіп  көзімнен»  т.б.  өлеңдерінде 

махаббат  күйініші,  сүйіспеншілік  лəззаты,  қайғысы  мен 

мұңы  психологиялық  тередіктегі  сыршылдықпен  өріледі. 

«Сен  хорсың,  періштемсің  алламсың  сен,  Мен  үшін  сенің 



 

105

 

көркің тəңірмен тең. Көркің күн, жүзің жарқын, ажарың ай, 

Тізе  бүктім,  «тəңірім»  дедім  алдыңда  мен»  («Шын 

сұлуға»).  «жас  жүректі  жұбатып  сол  үмітпен,  Күлімдейді 

көр  көңілім  керіліп  кең.  Иманым  да,  арым  да  –  шын 

махаббат,  Өмірімше  ол  маған  жұмақпен  тең...Жас  өмірдің 

сеземін  түрлі  мəнін:  Қайғы,  қасірет,  шын  қызық,  көрік, 

сəнің. Сүюім де алладан, күюім де, Оған қарсы ететін бар 

ма 

амалым!?» 



(«Ғашығыма»). 

«Жаным, 


жаным, 

Гүлəнддамым, Келші жақын, қарайын, От жүректе Қалсын 

көпте,  Суретіңді  салайын...Келші  бері,  Сүйші  мені, 

Суырылсын көмейім. Сүй, құшақта, От құшақта Есім ауып 

өлейін»  («Гүлəндамға»).  «Махаббатым  –  у  мен  от,  Сүйер, 

күйер,  болар  шоқ,  Улаймын  да  күйдірем.  Көзім  –  дуа, 

Сөзім  дуа  –  айтамын,  Жырлаймын  да  сүйдірем»  («Жас 

бұрқ 


етіп 

көзімнен»). 

Ақынның 

шығармашылық 

ізденісінде  символизм  ағымының  көркемдік  иірімі  айқын 

аңғарылады.  Бұл  ретте  Бернияз  Мағжанннан  кейінгі 

символизмнің эстетикалық нəрін қазақ поэзиясына сіңірген 

ақын  алғашқы  өлеңдерінен-ақ  бастап  өзінің  рухани  жан-

дүниесіне  терең  үңіліп,  жүрек  түкпіріндегі  құпия  сырын 

ашып,  өзіндік  болмысын  тануға  ұмтылған  сыршыл  да 

өршіл ақын. Өршілдік сарын Бернияз Күлеев лирикасының 

ерекше  сипаты  болып  табылады.  Ақынның  дүниетанымы, 

адам,  табиғат,  қоғам,  өмірге  қатысты  ой-толғамдары 

поэзиясындағы 

оның 

осы 


ерекшелігін 

даралайды. 

Лирикалық  кейіпкердің  қиял  əлемін,  өзіндік  сырлы  да 

қатпарлы  көңіл-күй  сезімдерін  «Қиял  сөзі»,  «Өзім  тəңірі», 

«Жүрегің  жанып»,  «Жырлы  да  зарлы  көңілім»  «Неге», 

«Өлім – құрдым, өмір - өзен, жоғалат» өлеңдері дөп басып 

танытады.  «Жырла  да  зарла  көңілім,  Сел  болып  жасың 

төгілсін.  Естіген  ойдан  баз  кешіп,  Қамығып  шындап 

егілсін.  Жер-аспан  бірден  қозғалып,  Тау  мен  тастар 

жібісін.  Ойлаған  ойлар  толғанып,  Мұздаған  жүрек 

жылысын («Жырла да зарла көңілім»). 


 

106

 

Поэтикалық  қуаты  асқақ,  рухы  биік  өршліл  ақын 

адам  жанының  тек  жүрекпен  ұғынылар  тылсым  да 

тұңғыйық тереңіне бойлай отырып, оны əсерлі айшықтағы 

шынайы  шеберлікпен  жырлайды.  Ақынның  жан  сыры 

дүниенің  барлық  құбылысымен  астасып,  оның  мұңы  мен 

жырына  ұласады.    «Бернияз  лирик  ақын,  содан  болар 

адамның  əр  кездегі  жан  күйəн,  сезім  иірімдерін  терең, 

асқақ та романтикалық көтеріңкі леппен суреттеуге шебер. 

Əсіресе  ғашықтық,  сүйіспеншілік,  қуаныш,  реніш,  күлік, 

сағыныш,  жалғыздық  сияқты  мəңгілік,  жалпыға  ортақ 

сезім  күйлері  ақын  суреттеуінде  соншалық  əрлі,  айшықты 

шыққан. Осы өлең жолдарын оқыған кез келген адам адан 

кез  келген  уақытта  өз  жан  дүниесінде  болып  жатқан 

құбылыстардың бейнесін табады» (Р.Батырбекова). 

 

Ақынның  поэтикалық  қуатын  лирикасымен  қатар 



«Жорық»,  «Жердің  жүзі  жаз  еді»,  «Қайда  екен?»,  «Гүл» 

(«Жындымын  ғой,  кейде  қаным  таситын»)  (аяқталмай 

қалған)  поэмаларының  көркемдік  əлемі  де  ерекшелейді. 

«Жердің  жүзі  жаз  еді»  мұны  поэмадан  гөрі  лирикалық 

толғаныс  деп  атаған  дəлірек  түсер  ме  еді?  Өйткені  бұл 

шығармада  белгілі  Абай  поэзиясында  алғаш  қолданылған 

алты  аяқ  түрінде  жазған.  Ақын  ел  тағдыры,  дəуір  өзгерісі 

мен адам өмірін арқау  еткен шығарма жазуды жоспарласа 

керек.  «Ерте-ерте,  Ерте  күнде  Ертедегі  заманда;  Бұрынғы 

ел,  Қазіргі  жер  Тегісінен  аманда;  Ел  ерікті,  Жер  көрікті, 

Нуы қалың, суы мол.  Дəулет асқан Ері арыстан Əділдігі – 

қасқа  жол.  Жалпақ  дала,  Бəрің  айнала,  Жайылған  мал, 

қонған  ел.  Тауы  асқар,  Көлі  шалқар,  Қалың  ағаш,  қорған 

бел».  Поэма  асқақ  романтикалық  рухта  қазақтың  өткен 

дəуіріндегі  айбыны  мен  айбарын  суреттеуден  басталады. 

Туындының екінші бөлімінде лирикалық «меннің» қамсыз 

балалық  балғын  шағы  мен  қос  ғашықтың  шынайы  да  пəк 

махаббаты 

 

жырланады. 



Ал 

төртінші, 

бесінше 

тарауларында  ғашықтар  тағдыры  замана  сұрапылына  тап 



 

107

 

болуы  мен  трагедияға  ұшырауы  суреттеледі.  «Жай 

жарқылдап,  Күн  сартылдап,  Қылды  бəрін  бір  уыс.  Ібіліс 

сасып,  Бүгіп  ұашып,  Таба  алмады  бір  қуыс.  Бас  кесілді, 

Қан төгілді Қанды топан жер басты». Заман бейнесін ақын 

жұмбақтай айтқанымен, Ақпан, Қазан төңкерісінен кейінгі 

аласапыран  заман  ағысын  дөп  баса  танимыз.  «Өзнерді  ел, 

Өртенді жер, Жел баяулап басылды. Жер мен аспан Айуан, 

адам  Сұпапылға  бас  ұрды».  Ал  поэманың  түйіні  іспеттес 

алтыншы  тарауда  дəуір  өзгерісі  жас  жандардың  арман 

мұратын,  қиял  мақсатын  қиғаны,  бірге  өсіп,  болашаққа 

бірге 


аттанған 

жастың 


сыңарының 

мерт 


болуы 

трагедиялық  сарында  жырланады.  Ақын  ақ  қайыңмен 

мұңы мен сырын, күініші мен қайғысы бөліседі. «Сендей о 

да  Толып  нұрға  Жүрер  еді  жайқалып,  Өткен  жылғы  Бітіп 

мұны Зар орнына əн салып...Көк пе, жер ме Су ма, жел ме 

Əлде  алған  ай  ма  екен?  Айтшы,  қайың  Менің  жаным, 

Айтшы, айтшы қайда екен?». 

      Бернияздың  «Жорық»  поэмасы  елдік  үшін  аттанар 

жорыққа сай өршіл де рухы асқақ ер болуды мұрат тұтқан 

идеяға құралған. «...Жас жолбарыс ер ұлан, Еріңді көр жау 

қуған,  Ерік  үшін  жан  қиған,  Жүретін  болсаң,  келіңджер! 

Семсерімді  шешпеймін,  Тұлпарымнан  түспеймін  Кегімді 

жауға  кешпеймін  Жорықшы  бол  да  еріңдер...!  Мен 

жорықшы  кемеңгер».  Ал,  «Гүл»  поэмасы  табиғат 

жаршысы  болған  эстет  ақынның  соны  ізденісін  айқындай 

түседі. 


 

Бернияз  Күлеев  қазақ  поэзиясының  көркемдік 

дамуына үлес қосумен қатар аударма саласында да өзіндік 

із  қалдырды.  Ол  А.С.Пушкин,  И.С.Никитин  өлеңдерін 

қазақ тіліне тəржімалады. 

 

 



 

 


 

108

 

     Дəріс бойынша сұрақтар: 

1)

 



Б.Күлеевтің өмір жолы. 

2)

 



Шығармашылығының бастау алған жылдары. 

3)

 



Бернияз – нəзік сезімнің ақыны. 

4)

 



Табиғат лирикасын . 

5)

 



Поэмалары. 

 

 

 

 

 

 

Негізгі

 əдебиеттер тізімі:  

1. Күлеев Б. Таңдамалы шығармалары. - Алматы, 2000. 

2. Дүйсенбаев Ы. Ғасырлар сыры - Алматы, 1970.  

3.  Шəріп  А.  Қазақ  поэзиясы  жəне  ұлттық  идея.  -  Алматы, 

2000.   

4. Нұрқатов А. Абайдың ақындық дəстүрі. - Алматы, 1966. 



Қосымша

 əдебиеттер тізімі:  

1.  Тілешов  Е.  Суреткер  жəне  көркемдік  əдіс.  -  Алматы, 



2005.  

2. Абай.  Энциклопедия. - Алматы, 1995. 



3. «Айқап». - Алматы, 1995.   

 

 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал