Дәріс №3. Мәліметтерді қол жеткізу технологиялары Мәліметтерге қол жеткізуді ұйымдастыру



жүктеу 20.64 Kb.
бет1/2
Дата22.09.2022
өлшемі20.64 Kb.
#21401
  1   2
Дәріс №3.

Дәріс №3. Мәліметтерді қол жеткізу технологиялары
Мәліметтерге қол жеткізуді ұйымдастыру
Деректерге қол жеткізу технологиясы қолданба мен деректер қоры арасындағы өзара әрекетті қамтамасыз ететін интерфейстер жүйесі. Көптеген дерекқорды басқару жүйелерінде API интерфейстері бар кітапханалар бар, олар деректерді өңдеу үшін пайдаланылуы мүмкін функциялар.
Белгілі бір дерекқор серверінің мүмкіндіктерін барынша пайдалану үшін онымен API арқылы тікелей жұмыс істеу керек. 
Дегенмен, бұл қосымшаның бір немесе басқа серверге толық тәуелділігін және басқа платформаға көшудің күрделілігін білдіреді, өйткені кодтың үлкен көлемін қайта жазу қажет болады. Бұл мәселені шешу үшін әртүрлі деректерге қол жеткізу технологиялары жасалған.
Олар программалаушыға деректермен жұмыс істеудің қарапайым бірыңғай механизмін қамтамасыз ететін нақты сервердің API интерфейсі мен пайдаланушы қолданбасы арасындағы қабат болып табылады. Бүгінгі таңда деректерге қол жеткізудің көптеген технологиялары бар, BDE, OLE, ODBC, ADO.

Деректерге жету әмбебаптық механизмдері кітапхана және қосымша модульдер 


(драйверлер немесе провайдерлер) түрінде іске асырылады. Кітапханалар анықталған 
стандартты класстар, әдістер, параметрлер жиынын құрайды және деректерге жету
стандартты интерфейсін қамтамасыз етеді.
Нақты ДҚБЖ АРI клиенттік функцияларына қатынауды қосымша модульдер іске 
асырады. Бұл модульдер ағымдағы сұранысқа байланысты қолданылады. Қазіргі кездегі деректерге жетудің әмбебап әдістерінің арасындағы кең 
таралғандары: 
ODBC - Open Database Connectivity.
OLE DB - Object Linking and Embedding Database.
ADO - ActiveX Data Objects.
BDE - Borland Database Engine.
ADO.NET - ActiveX Data Objects NET технологиясы.

ODBC (Microsoft) - реляциялық деректер қорымен өзара қарым-қатынас механизмі. 
Деректер қорына қатынауды қамтамасыз ету үшін ДҚБЖ-ың клиенттік бөлімі қажет, 
ОДВС-драйвер осы ДҚБЖ-не қатынау үшін (немесе кейбір ДҚБЖ үшін тек драйвер) және 
ОДВС сәйкесті күйге келтіру компьютерде (драйвер аты, қолданушы аты, деректер аты, қатынау паролі және драйвердің кейбір параметрлерін көрсету). Қосымшаны орындау кезінде драйвер қосымшаның адрестік алаңына жүктеледі және ДҚ-на қатынау үшін қолданылады. Әрбір ДҚБЖ үшін өзіндік ОДВС-драйвер қолданылады. ODBC API стандартталған. Өңдеудің визуальді орталарында енді сәйкесті компонентті формаға орналастыру жеткілікті. Ол үшін ОДВС деректерінің көзін көрсету керек, кестенің атын және деректер қорымен байланысты ДҚБЖ-ның клиенттік бөлімімен немесе сәйкесті драйвер көмегімен орнату керек.
OLE DB (Microsoft) - СОМ-интерфейсі базасында әртүрлі деректер көзімен жұмыс 
істеу механизмі (ОДВС-ан айырмашылығы – тек қана реляциялық деректер қорымен 
жұмыс жасайды). OLE DB СОМ-интерфейстер (Component Object Model) жиының әртүрлі деректерге қатынаудың біртипті сервистерін колдану арқылы анықтайды, соның ішінде реляциялық емес деректер қорына, мысалға, қарапайым файлдарға немесе электрондық пошта жүйесінің папкаларына. Сонымен бірге желіге тұрақты түрде қосылып отыратын иерархиялық жазбалар жиынының және деректер жиынының жұмысын қолдауды қамтамасыз етеді. Деректер қорына қатынау үшін OLE DB провайдерін қолданылған ДҚБЖ-не орнату қажет болады (ДҚБЖ DLL қосымша орындалған кезде оның адрестік 
алаңына жүктеледі). Сонымен бірге, фирма арнайы провайдерді өңдеп шығарды (Microsoft OLE DB Provider for ODBC Drivers). Ол ДҚБЖ-ң клиенттік бөлімінде API арқылы емес, ODBC API интерфейсі арқылы жұмыс жасайды.
ADO (Microsoft) - OLE DB-да өзіндік күйге келтіру (OLE DB кітапханасын 
қолданады), кітапханалардың COM-объектілерді құрайтын қосымша жиыны, деректерге қатынаудың іске асушы интерфейстері. Кітапхананың бұл жиыны алғашқыда Microsoft –тың екі объектілі технологиясын қамтыды: Data Access Objects (DAO) және Remote Data 
Objects (RDO) – жергілікті және алыстатылған деректер қорына қатынаудың екі түрлі механизмі. 

Бірыңғай технологияны құру керек сұрағына жауап ретінде деректер қорымен 


жұмыс жасауда бірыңғай қадамды және жергілікті және алыстатылған деректер қорына қатынаудың бірыңғай интерфейсін қамтамасыз етуде ADO технологиясы пайда болды. 
ADO - OLE DB базалық технологиясында ыңғайлы және кез-келген деректер 
қорымен жұмыс жасауға мүмкіншілік береді. 
BDE (Borland) – деректерге қатынаудың екі драйвер-кітапханаға негізделетін 
әмбебап механизмі (SQL Links – ДҚБЖ сервері үшін және ODBS Links – серверлі, 
автономды ДҚБж үшін). Бұл кітапханалар dBase, Access, FoxPro, ODBC-көздері 
деректеріне қатынау үшін функциялардың стандартты жиының қолдануды қамтамасыз етті, сонымен бірге ДҚБЖ көптеген серверлі үшін.
BDE - Borland фирмасы өңдеген визуальді ортасында компонент деңгейінде 
ұстанылады. Механизмді іске асыру қосымшаның функцияларын API немесе ODBC API 
клиенттік функцияларына қарауға мүмкіншілік береді. Сонымен бірге кейбір ДҚБЖ 
деректердің файлдарымен манипулирлейді. BDE көмегі арқылы деректер қорына қатынау 
үшін компьютерде жалпы қолдануға арналған BDE кітапханалары орнатылған болуы 
керек (қарапайым жағдайда өңдеу ортасымен бірге және сосын .exe файлда қосылады), 
сонымен бірге берілген ДҚБЖ үшін BDE-драйвер. 
ADO.NET (Microsoft) - three-tier (көпярусті архитектурада) деректер қорымен 
жұмыс істеу технологиясы. Деректер қорымен байланыс деректер қорымен 
операциялардың тек бір кезеңде орындалуы кезінде орнатылады (ереже бойынша қысқа 
уақыт ішінде). Оның пайда болуы деректер қорына қатынау санының өсуінің рұқсат беру 
қажеттілігіне байланысты (әсіресе деректер қорындағы интернет-серверлер) және активті 
байланыстар санының шексіздігін ұстауда деректер қорының мүмкін еместігіне 
байланысты. ADO.NET технологиясы программалаудың қарапайымдылығын және 
ыңғайлылығын сақтайды және басқа проблемаларды шешеді. ADO.NET, қазіргі кезде – 
объектілердің иерархиялық жиыны және СОМ протоколдарының .NET-та ауысуы. 

жүктеу 20.64 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет