Дениет негіздері



жүктеу 1.52 Mb.
Pdf просмотр
бет66/92
Дата12.02.2022
өлшемі1.52 Mb.
#17179
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   92
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ
Delphi, Информатика кітап, УМК ИТ в сервисе.Оргтехника (гос 2 пок) (1), 03.04.2020 -18-20 Қолданбалы информатика, 28.03.2020-18-21 Қолданбалы информатика, 07.04.2020-18-20 Информатика, СӨЖ3, instrukciya portal rus

Глава 2. Антикоррупционная культура: механизмы 
и институты развития
Серпінді  білім  және  тіршілік  иесінің  танып-білу  процесі:  қиял  мен 
әрекетті  ұйымдастыратын  және  бағыттайтын  белсенділігінің  бастапқы 
нысаны қажеттілік болып табылады. Егер қажеттілік адамның дамуының 
қозғаушы  күшінің  негізі  болып  табылады,  осының  арқасында  өмір 
мақсаттылыққа  ие  болады  және  не  қажеттілікті  қанағаттандыруға 
қол  жеткізіледі  не  қоршаған  ортамен  кезеңсіз  кезігу  орын  алады. 
Қажеттіліктер өзгеріссіз қалғанымен адамның жалпы мәдениетінің, оның 
нақтылық және өзіне қатысты білімінің өсуіне қарай жетіліп отырады [6]. 
К.  Левин  берген  анықтама  қызығушылық  тудырады:  «Серпінді  жағдай 
ретіндегі қажеттілік – бұл белгілі бір ахуалда пайда болатын қандай да 
бір  шиеленісті  жағдай  (ниет),  ол  адам  әрекетін  қамтамасыз  етеді  және 
қанағаттанушылыққа ұмтылдырады».
Әрекеттің кез келген нұсқасы ішкі қажеттілік пен оларға қол жеткізу 
тәсілдерінің шиеленісі нәтижесі. Қалыптасқан мүдделер мен нұсқамалар 
сыбайлас  жемқордың  қажеттілігі  ретінде  көрінеді  және  оның  белсенді 
сыбайлас  жемқорлық  мүдделерінің  қайнар  көзі  болмақ.  Таңдау  сәті 
мейлінше маңызды қажеттілік ретінде де және оған  қол жеткізу тәсілі 
ретінде  де  бұл  процестің  негізгі  қозғаушы  күші  болады.  «Табысты» 
лауазым «жеңіл ақшаға» қол жеткізу тәсілі болып табылады.
Бұл  жағдайда  перспективалық  жекелеген  мақсат  ретінде  көрінеді. 
Сыбайлас жемқорлыққа қолайлы жағдай жасайтын біздің мәдениетіміздің 
маңызды  әлеуметтік-психологиялық  ерекшелігі  формальды  емес 
әлеуметтік  қатынастардың  формальды  қатынастардан  басым  болады. 
Т.  А.  Нестиктің  байыптауынша,  «патернализм,  иерархиялық  және 
сыйлықтармен  және  қызметтермен  бекемделе  түсетін  билікпен 
формальды емес қатынастардағы тірек  мәдениеттің іргелік сипаттамасы 
бола бастады» [7]. 
Нәтижесінде  сыбайлас  жемқорлықтың  нормативтік  қызметтерді 
ақшаға айырбастау сияқты нысаны қызметтерге қызметтерді айырбастату, 
қызметтерді  әртүрлі  әлеуметтік  құрылымдағы  мейлінше  жоғары 
мәртебені алуға айырбастау сияқты оның түрлерімен толыға түседі. 
Мүдделердің,  әуестіктердің,  көзқарастардың,  сенімдердің  нұсқамаға 
ауысуы  саналы  түрде  де  аңдаусыз  да  жүзеге  асырылады.  Алайда,  екі 
жағдайда  да  нәтиже  біреу  –  көзқарастардың,  сенімдердің  нұсқамаға 
айналуы  оны  сақтаудағы  автоматты  түрде  жасалуына,  оны  орындауға 
субъективті қажеттілікке әкеледі.    
Ұстаным деп тұлғаның көңілі соққан және қандай да бір әрекеттерді 
тиімді орындауға мүмкіндік беретін жай-күй түсініледі. Қате әрекеттерден, 
қабылдаулардан немесе бағалаулардан көрінетін «ұстанымның қателігі» 
оның  айрықша  көріністеріне  жатады.  Нақ  осы  «ұстаным»  адамның 
психикалық әрекетінде орталық сипатта болады және тұлғаның қоршаған 
ортамен  өзара  іс-қимылы,  «қажеттіліктің»  оны  қанағаттандыратын 
жағдаймен  кездесуі  кезінде  айқын  көрінеді.  Оған  қоса  жемқорлық 
байланыстарының жүйелік дәрежесі сыбайлас жемқордың ұстанымына 
(сыбайлас жемқорлық билік қатынастарының ажырамас бөлігі ретінде) 
тікелей барабар болады.
Е.  П.  Ильин  пікірінше,  ұзақ  уақыттық  уәждемелі  ұстаным  рөлінде 
көрінетін  қажеттіліктің  немесе  қызығушылықтың  орнықты  түрде  үстем 
83


ОСНОВЫ АНТИКОРРУПЦИОННОЙ КУЛЬТУРЫ
болуы өмірдің өзекті желісін қалыптастыруы мүмкін. Осыған байланысты, 
ол адамның осы жағдайда дайындығы мен  әрекеті мен іс-қимылының 
нақты  тәсілдерін  айқындайтын    уәждемелі  ұстанымға  тән  қасиеттерді 
тұлға бағыттылығының бірі  ретінде санау жеткіліксіз. Ол іс-қимыл мен 
әрекеттің  және  кез  келген  қызметтің  бағыттаушы.  Ұстаным  орнықты 
түрде  үстем  болуға  тиіс,  көбіне  тұлғааралық  және  тұлғалық-қоғамдық 
қатынастармен байланысты әлеуметтік ұстанымдар осындай болады [8]. 
Сыбайлас жемқорлыққа жатпайтын әрекет, ең алдымен «жеңіл баюдың» 
психологиялық  күтушілігін,  өзекті  қажеттіліктері  мен  уәждерінің 
проекциясын  сыбайлас  жемқор  өзіне  иеленетін  ішкі  бейне  құрылады. 
Осыдан  бастап  өмірлік  салдары  бойынша  аса  қауіпті  және  генез  үшін 
түбегейлі  процесс  –  шынайылықты  бұрмалап  байыптау  басталады: 
сыбайлас  жемқор  өз  әрекеті  үшін  тартымды  саналатын  басты  қайнар 
көзді көре бастайды.
Ұстаным сыбайлас жемқорлық әрекетін жасауға жоғары дайындықты, 
бірақ әлі айқын ниетсіз өзіндік психологиялық доминантқа айналады.
Саналы  психологиялық  әрекет  ретінде  жүзеге  асырылатын 
«керекті  байланыс»  деп  аталатын  сыбайлас  жемқорлар  арасында 
өзара  қатынастар  аса  маңызды  рөл  атқарады.  Олардың  өзара  қарым-
қатынастары  процесінде  қалыптасатын  сыбайлас  жемқорлардың 
нақты  байланыстарының  артында  сыбайлас  жемқордың  күтуінің, 
өзара  мүдделерінің,  жеке  мүдделерінің  күрделі  жүйесін,  тұлға  аралық 
ұстанымнан  көрінетін  әртүрлі  рөлдік  және  мәртебелік  жағдайларды 
көруге болады.  Сыбайлас жемқорлар өзара қатынастарға түсе отырып, 
сыбайлас жемқорлық әрекетін жасайды және көбіне олардың әрекетінің 
нақты мазмұны болады. Бұл құбылыстар бізге бәлкім теріс аударылған 
түрде  көрініс  беріп,  өзін  басқа  жағынан  көрсетеді,  нәтижесінде  өзара 
қатынастар мен өзара іс-қимылдардың сипаты өзгереді.
Ұстанымның дамуы білімді иелену және жүйелеу жолымен, сондай-
ақ  орнықты,  дәйекті  және  мақсатты  сипатта  болатын  ішкі  дайын 
болушылықтың  қалыптасуы  арқылы  қол  жеткізіледі.  Егер  ұстанымдар 
әрекет стратегиясын айқындаса,уәждер әрбір нақты жағдайда тактиканы 
айқындайды. Бұл тұста уәж осы тұлғаға сыбайлас жемқорлық әрекетін 
жасау мүмкіндігін беретін мақсаттар мен бағдарламалардың вербалдануы 
ретінде  көрінеді.  Нақты  уәждеме  әлеуметтік-психологиялық  тұрғыдан 
бастапқы барабар мақсаттың («жеңіл табыс») болуын болжайды.
Адамда қоғам белгілейтін жалпы қағидалар мен әрекет нормаларына 
тәуелді  болу  жоғала  бастайды.  Әрекеттің  сыртқы  ынтадан  босануы 
іске  асады.  Сонымен  бір  мезетте  өзі  үшін  қоғамға  қарсы  әрекет  жасау 
мәнін жоғалтудан көрінетін тұлғаның дербестік деңгейі өсе түседі. Адам, 
оның  қоршаған  ортаға  ұнайтыны-ұнамайтынына  қарамастан  сыбайлас 
жемқорлық  әрекетін  жасауға  барады.  Ұстанымның  бұзылуы,  яғни 
бағыттылықтың жойылуы байқалады. 
Қалыптасқан  әрекет  стилінен  бас  тартуды  қаламайтын  сыбайлас 
жемқор  көбіне  ақталуға  мәжбүр  болады.  Мәселен,  нақты  уәждермен 
қатар қорғаныс уәждемесі пайда болады, яғни бұрынғы тұлғаны шеттетіп, 
бүлдірген  басқа  тұлға  туады.  Сонымен  бір  мезетте  психологиялық 
қолайлылық  сезімін  сақтайтын  қорғаныс  тетігі  іске  қосылады.    Олар 
үшін  теріске  шығару  мен  өтемақы,  сыбайлас  жемқорлық  қылмысы 
84


жүктеу 1.52 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   92




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет