Дениет негіздері


§ 9.2 Орта және жоғары мектеп жасындағы балалардың сыбайлас



жүктеу 1.52 Mb.
Pdf просмотр
бет58/92
Дата12.02.2022
өлшемі1.52 Mb.
#17179
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   92
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ
Delphi, Информатика кітап, УМК ИТ в сервисе.Оргтехника (гос 2 пок) (1), 03.04.2020 -18-20 Қолданбалы информатика, 28.03.2020-18-21 Қолданбалы информатика, 07.04.2020-18-20 Информатика, СӨЖ3, instrukciya portal rus
§ 9.2 Орта және жоғары мектеп жасындағы балалардың сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы сана-сезімін қалыптастыру ерекшеліктері
Жасөспірімдерді  (орта  мектеп  жасындағы)  сыбайлас  жемқорлыққа 
қарсы тәрбиелеудің негізгі міндеттерінің бірі оларға қажетті білім беру 
болып табылады, олар балалардың:
– 
сыбайлас  жемқорлықты  танып-білуін  үйренуіне  (сондай-ақ  оны 
басқа қылмыс түрлерінен айыруға;
– 
сыбайлас жемқорлық неліктен жамандықтың көзі екенін білдіретін 
уәжді ұғынуға;
– 
сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендету мүмкіндігін көрсетуге 
көмектеседі.
Бұл жаста білім берудің этностық компоненті – рухани құндылықтың 
мазмұны  мен  маңызын  ашуға  және  жасөспірімдердің  ізгілік  рухани 
бағдарын  қалыптастыруға  назар  аудару  қажет.  Дәл  осы  ізгілік  рухани 
бағдарлар, егер олар рухани білім беру мен тәрбие жүйесінің бастапқы 
кезеңінде  жасақталса,  ол  орта  сыныптарда  құқықтық  құбылыстарды, 
ілгерінді  құқықтық  сезімдер  мен  ұстанымдарды  әлеуметтік  пайдалы 
бағалау  бойынша  құқықтық  білім  беру  процесінде  қалыптастыру  үшін 
іргетас болуға тиіс. 
Осының  негізінде,  нақ  осы  орта  мектеп  жасы  білім  алушылардың 
құқықтық  білімі  жүйесін  қалыптастыруда  шешуші  фактор  ретінде 
қаралады,  Қазақстан  Республикасы  азаматтарының  құқықтары, 
бостандығы мен міндеттері олардың өзегі болып табылады. 
Барлық  тұтастай  мектебі  әлеуметтік  білім  беру  және  тәрбие    
жасөспірімдердің  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  ағарту  жөніндегі 
ақпаратты алуы және ұсыну тәсілдері болуы мүмкін, олар сынып сағаттары, 
әртүрлі  адамдармен  (құқық  қорғау  органдарының  қызметкерлерімен, 
саясаткерлермен,  мемлекеттік  қызметшілермен)  әңгімелесу;  дәрістер; 
күнделікті  өмірде  сыбайлас  жемқорлықтың  әртүрлі  нысандарына 
қарсы тұру тақырыбына пікірсайыстар, пікірсайыстар; іскерлік ойындар; 
сабақтарда  және  факультативтік  сабақтарда  азаматтықпен  және 
патриотизммен,  мораль  және  руханилық  ұғымдармен  байланысты 
проблемаларды  талқылау;  кино  материалдар  көру  және  т.б.  Бұл  ретте 
негізгі  екпін  қалай  көп  білуге  емес  қалай  мейлінше  дұрыс  бағалауға 
жасалуының маңызы зор. 
Білім алушыларға бұл саладағы білімді тереңдетуге және нақтылауға 
мүмкіндік  беретін  үлгілік  сұрақтар  мен  тапсырмалар,  шығармашылық 
жұмыстардың  тақырыптар  және  т.б.  ұсыну  да  маңызды.  Олар  сабақта 
үй  тапсырмасы  ретінде  талқылау  үшін  ұсынылуы  мүмкін,  өйткені  олар 
қосымша  әдебиетпен,  Интернет  ресурстарымен  және  т.б.  жұмыс 
істеуді талап етеді. Тақырыптарды зерделеу кезінде мұғалім мағыналық 
екпіндерді  дұрыс  қоя  білуі,  оқушылардың  сыбайлас  жемқорлық 
проблемасына  қатынасын  айқындауы,  олардың  құқықтық  сана-сезімі 
мен жүріс-тұрысын қалыптастыруы қажет.  
Сондықтан сыбайлас  жемқорлықтың алдын алу үшін құқықтық сана-
сезімді қалыптастыру бұл кезеңдегі негізгі міндеті болып табылады. 
Алдын  алу  жұмыстарын  ұйымдастыру  кезінде  қоғамдық  өмір 
таптаурындарын  ескеретін  қызметтің  топтық  түріне  (имитациялық 
және  іскерлік  ойындар)  назар  аударған  жөн.  Мұндай  тәрбие  іс-
74


жүктеу 1.52 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   92




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет