Дениет негіздері



жүктеу 1.52 Mb.
Pdf просмотр
бет47/92
Дата12.02.2022
өлшемі1.52 Mb.
#17179
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   92
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ
Delphi, Информатика кітап, УМК ИТ в сервисе.Оргтехника (гос 2 пок) (1), 03.04.2020 -18-20 Қолданбалы информатика, 28.03.2020-18-21 Қолданбалы информатика, 07.04.2020-18-20 Информатика, СӨЖ3, instrukciya portal rus

Глава 2. Антикоррупционная культура: механизмы 
и институты развития
Тәуелсіз  және  экономикалық  ашық  кәсіби  БАҚ  тұтастай  сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы тұрудың да жекелей алғанда сыбайлас жемқорлыққа 
қарсы мәдениетті қалыптастыруда да қоғамның тиімді құралы бола алады. 
БАҚ-тың  толыққанды  қызметі  үшін  бұқаралық  ақпарат  саласындағы 
құқықтық  қатынастарды  нормативтік  реттеудің  және  БАҚ  меншік 
иелері  арасында  ашық  қатынастар  орнатудың  маңызы  зор.  Сыбайлас 
жемқорлықтың қазіргі заманғы проблемалары мен әртүрлі аспектілерін 
ашық талқылау қажет. 
Мемлекеттік  органдар  мемлекеттік  даму  бағдарламаларында 
бұқаралық ақпарат құралдарының мәртебесін арттыру үшін бар күшін 
салады,  бұқаралық  баспасөз  бен  журналистік  қоғамдастықты  қолдау 
бойынша  шаралар  қабылдайды.  БАҚ  қызметін  көтермелеу  жөніндегі 
іс-шаралар  өткізіледі,  журналистер  арасында  үздік  жарияланымдарға 
арналған  жыл  сайынғы  конкурстар,  құқық  қорғау  органдарының 
басшылары  мен  баспасөз  қызметтерінің  құқық  бұзушылықтың  ірі 
фактілерін айқындау мәселелері жөніндегі брифингі ұйымдастырылады. 
Тәуелсіз журналистік тексерулерге жағдайлар жасалады.    
Бұқаралық  ақпараттық  құралдар  мен  әлеуметтік  желілер  қоғамдық 
топтардың және жекелеген адамдардың сыбайлас жемқорлық фактілері 
мен  заңсыз  қызмет  туралы  ақпарат  беруі,  қазіргі  проблемаларды 
талқылау, оларды шешуге сындарлы шаралар ұсыну үшін белсенді алаң 
болып  табылады.  Құқық  қорғау  органдары  мүмкіндігіне  қарай  мұндай 
жарияланымдарға  ден  қояды  және  күрес  жүргізеді,  нақты  лауазымды 
адамдардың ісін қарап, тексереді.    
Қазақстанда  БАҚ-қа  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  қызмет  үшін 
ақпаратты  белсенді  пайдалану  мүмкіндігін  беретін  оған  еркін  қол 
жеткізу  туралы  нақты  жұмыс  істейтін  нормативтік  құқықтық  актіні 
қабылдау туралы мәселе пысықталуда. Барлық мемлекеттік органдарда 
журналистер мен блогерлерді міндетті мемлекеттік аккредиттеу енгізілді.  
Ақпаратқа  еркін  қол  жеткізу  мемлекеттік  органдардың  қоғамдық 
ұйымдар  мен  азаматтардың  ресми  сұрау  салуларына  ғана  емес 
жарияланған  және  жан-жақты  таратылған  ақпаратқа  да  жауап  беру 
міндетін  білдіреді.  Ашықтық  деңгейін  арттыру  жөніндегі  қызметте 
шұғылдыққа,  жалпы  қол  жетімділік  пен  ашықтыққа  ықпал  ететін  
Интернет желісі ресурсы маңызды рөл атқарады.    
Халықаралық  сараптама  комиссиясы  еліміздің  бұл  бағыттағы 
жұмысын оң бағалайды. БАҚ-та жарияланатын жыл сайынғы есептерде 
Қазақстанда  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  мәдениетті  қалыптастыру 
саласында  белгілі  бір  жұмыстар  жүргізілетіні,  озық  әлемдік  тәжірибеге 
және  БҰҰ  Конвенциясының  талаптарына  негізделген  сыбайлас 
жемқорлыққа  қарсы  іс-қимылдың  жаңа  шаралары  қабылданатыны 
атап  өтіледі  (мысалы,  заңсыз  баю  үшін  жауапкершілік,  активтерді 
декларациялау, БАҚ-ты қолдау бойынша қосымша заңнамалық шаралар). 
Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  мәдениетті  қалыптастыру  бойынша 
белгіленген міндеттердің іске асырылуына тұрақты мониторинг жүргізу 
оң бағаланады. Мониторинг туралы есептер үнемі жарияланып отырады, 
БАҚ-қа ашық баспада жариялау үшін материалдар ұсынылады.   
61


ОСНОВЫ АНТИКОРРУПЦИОННОЙ КУЛЬТУРЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқор-
лыққа  қарсы  мәселелер  жөніндегі  комиссия  туралы  ережеге  сәйкес 
Комиссия отырысына бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері міндетті 
түрде шақырылады. Жоғары органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы 
күрес мәселелері талқыланатын барлық отырысында БАҚ өкілдері, оның 
ішінде  «Хабар»,  «Қазақстан»  және  www.tengrinews.kz,  www.nur.kz  және 
www.zakon.kz  жаңалықтар сайттарының өкілдері қатысады. Комсиссия 
құрамына ҮЕҰ өкілдерін енгізу мүмкіндігі қарастырылады.  
Жоғарыда көрсетілген шаралармен қатар бақылау органдары БАҚ-та 
жүргізілген  жұмы  туралы  ақпараттың  жариялануы  бойынша  шаралар 
қабылданады, бұл да сыбайлас жемқорлыққа қарсы насихаттың құрамдас 
бөлігі болып табылады.  
Бұл  үшін  орталық  және  өңірлік  БАҚ  әлеуеті,  сондай-ақ  ақпаратты 
жаппай таратудың басқа да тетіктері пайдаланылады.
Мәселен, 2013 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырып бойынша 
шыққан  материалдардың  саны  7  103  бірлікті  құраған.  Көрнекі  үгіт 
материалын  орналастыру  үшін  ірі  қалалардың  көшелерінде,  сондай-ақ 
халық көп жиналатын жерлерде (вокзалдар, әуежайлар, халыққа қызмет 
көрсету орталықтары және т.б.) жарнама қалқандары мен LED-экрандар 
қолданылады. 
Қазақстан 
Республикасы 
Президентінің 
ресми 
сайтында 
орналастырылған  ақпаратқа  сәйкес  2014  жылғы  30  маусымда  онлайн 
режимде облыстардың, Астана, Алматы қалалары әкімдерінің, сыбайлас 
жемқорлыққа  қарсы  күрес  жөніндегі  өңірлік  комиссия  мүшелерінің, 
сондай-ақ БАҚ өкілдерінің қатысуымен Комиссияның бірінші кеңейтілген 
отырысы болды.   
Республикалық және өңірлік БАҚ-та жүргізілген мониторинг нәтижесі 
бойынша 2014 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырып бойынша 
10  950  материал  жарияланған.  Олардың  ішінде  республикалық 
телеарналарға  2  303  сюжет  шыққан,  республикалық  газеттерде  
1  790  мақала,  интернет  ресурстарда  –  2  710  жарияланымдар  жарық 
көрген.  Өңірлік  БАҚ-та  4  147  материал  жарияланған,  оның  ішінде 
телеарналарда – 643 сюжет, газеттерде 3 096 мақала шыққан.   
2014  жылы  республикалық  электрондық  және  өңірлік  БАҚ-тың 
сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл  мәселелерін  жариялаудағы 
белсенділігі шілдеде арта түседі. Бұл өсу БАҚ-та мемлекеттік органдардың 
сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-шараларын,  сондай-ақ  жергілікті 
деңгейдегі  сыбайлас  жемқорлық  істерін  жариялаумен  байланысты. 
Желтоқсанда материалдардың жалпы көлемінің азаюы байқалады, бұл 
ақпарттық алаңдағы тұтастай белсенділіктің төмендеуіне байланысты.
Барлығына  дерлік  өңірлік  баспа  басылымдарында  сыбайлас 
жемқорлыққа  қарсы  бағыттағы:  мысалы  «Жемқорлыққа  жол  жоқ», 
«Сыбайластықпен  күрес»,  «Жемқорлық»,  «Вне  закона»,  «Борьба  
с коррупцией», «Фемида», «Финпол» және т.б. айдарлар бар.
Қазақстан  Республикасының  Экономикалық  және  сыбайлас 
жемқорлық  қылмысына  қарсы  күрес  жөніндегі  агенттігі  (ҚР  ЭСЖҚК) 
сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  тақырыптағы  тұрақты  айдарларды 
62


жүктеу 1.52 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   92




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет