Дениет негіздері



жүктеу 1.52 Mb.
Pdf просмотр
бет42/92
Дата12.02.2022
өлшемі1.52 Mb.
#17179
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   92
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ
Delphi, Информатика кітап, УМК ИТ в сервисе.Оргтехника (гос 2 пок) (1), 03.04.2020 -18-20 Қолданбалы информатика, 28.03.2020-18-21 Қолданбалы информатика, 07.04.2020-18-20 Информатика, СӨЖ3, instrukciya portal rus

Глава 2. Антикоррупционная культура: механизмы 
и институты развития
мақсатында мобильдік топтардың байланыс деректері туралы мәліметті 
қамтитын  ақпараттық  плакаттар  орналастырылады.  Мобильдік  топтар-
дың  бизнес  субъектілерін  негізсіз  тексерулерден  қорғау,  бизнес-
қоғамдастықтың  прокуратура  органдарына    сенімін  арттыру  бойынша 
жұмысын жандандыру мақсатында барлық аумақтық  мобильдік топтар 
құрамына Кәсіпкерлер палаталарының өкілдері енгізілген. 
Кәсіпкерлер  палаталарымен  бірлесіп  бизнес  субъектілерінің  рұқсат  
алу  рәсімдерінен  өтуінің  талдауы  жүргізілді.  Оның  барысында 
коммерциялық мақсаттар үшін жер берумен байланысты бұзушылықтар, 
мемлекеттік  органдардың  заңмен  көзделмеген  құжаттарды  талап  етуі 
фактілері,  қорытындылар  беруде  негізсіз  бас  тартулар,  мемлекеттік 
қызметтерді  көрсету  кезінде  мерзімдерді  бұзушылықтар  анықталған.  
Қазақстан  Республикасының  Қаржы  министрлігі  Мемлекеттік 
кірістер  комитеті  де  тұрақты  негізде  Қазақстанның  салық  төлеушілері 
қауымдастығы,  Қазақстанның  кәсіпкерлер  ұлттық  палатасының  және 
бизнес-құрылымдар  өкілдерінің  қатысуымен  «дөңгелек  үстелдер» 
өткізеді.  Онда  Мемлекеттік  кірістер  комитеті  қызметінің  құқықтық 
аспектілері  түсіндіріледі,  басқа  да  проблемалық  мәселелер  шешіледі.  
Қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен өзара іс-қимыл 
жасасу шеңберінде ҚР Қаржы министрлігі кедендік органдары кедендік 
заңнама  нормаларын  түсіндіру,  кедендік  органдар  қызметінің  әртүрлі 
аспектілерін  жариялау,  оның  ішінде  кеден  ісі  саласындағы  сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы күрес және құқық бұзушылықтар туралы мәселелер 
бойынша іс-шаралар ұйымдастырылуда. 
Жоғарыда  көрсетілгендерге  сүйене  отырып,  Қазақстанда  қоғамдық 
бақылау  тетіктерін  дамытудың  негізгі  кемшіліктері  мыналар  болып 
табылады деген қорытынды шығаруға болады: 
1.  Азаматтардың  елдің  қоғамдық-саяси  өміріне  төмендеген 
қызығушылығы.  Азаматтық  белсенділіктің  және  қоғамдық  бақылаудың 
жетіспеушілігінің  негізгі  себебі  елдің  қоғамдық-саяси  өміріне 
немқұрайлылығы болып табылады. Бұл мұндай қатысу дағдыларды, ақша, 
уақыт  талап  ететіндігінен  –  мұны  барлығы,  яғни  барлық  үш  ресурстар 
азаматтарда жоқ немесе олар қоғамдық бақылауға оларды жұмсағысы 
келмейді.
2. Мемлекеттік органдарға сенім, ізеттілік, қоғам өмірінің базалық негізі 
бойынша  келісім  сияқты  құндылықтарды  біріктіретін  айқындылықтың 
әлсіздігі.  Осы  әртүрлі  көзқарастар  негізгі  себептерінің  бірі  көп  санды 
орташа кластың болмауы. 
3. Халықта әлеуметтік-экономикалық және саяси процестерді дұрыс 
түсінудің болмауы, сондай-ақ қоғамдық бақылауды қамту туралы айқын 
танымдылықтың болмауы.  
Қазақстанда  қарама  қайшы  жағдай  қалыптасты:  бір  жағынан 
қоғамдық  бақылау  жүйесін  қалыптастыру  процесі  болуда,  қоғамдық 
бақылаудың  негіздерін  бекітетін  нормативтік  құқықтық  базаны  құруға 
талпыныстар  жасалуда,  қоғамдық  бақылаудың  (қоғамдық  палатаның) 
өзіндік институттары қалыптастырылуда; екінші жағынан азаматтардың 
елдің  қоғамдық-саяси  өміріне  қызығушылығы  жыл  сайын  төмендеп 
келеді, қоғамның сұрауы жеткілікті түрде қанағаттандырылмайды. 
53


ОСНОВЫ АНТИКОРРУПЦИОННОЙ КУЛЬТУРЫ
Нәтижесінде  Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл  саласында 
қоғамдық  бақылауды  жүзеге  асыру  үшін  жағдай  жасасуға  қатысты 
бірқатар  мәселелер  шешілмей  қалып  отыр.  Осының  барлығы  қазіргі 
уақытта Қазақстандағы қоғамдық бақылау жүйесі әлі қалыптасу кезеңінде 
екендігін куәландырады. 
Қазақстанда  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы    іс-қимыл  саласындағы 
қоғамдық бақылау жүйесін жетілдіру мақсатында мыналарды орындау 
қажет: 
1)   «Қоғамдық бақылау туралы» Заңды, оны іске асыруды қамтамасыз 
ететін заң жобалары топтамасымен бірге қабылдау;
2)  сыбайлас  жемқорлық  фактілері  туралы  ақпарат  берген 
азаматтарды  тиісті  қорғауды  және  соларға  сыйақы  беруді  қамтамасыз 
ету; 
3)  қоғамдық  пікірді  есепке  ала  отырып,  мониторинг  жүйесін 
қалыптастыру және сыбайлас жемқорлық деңгейін бағалау
4)  әкімшілік  тосқауылдарды  жою  мақсатында  мемлекеттік 
қызметтерді  (оның  ішінде  электрондық  құжат  айналымын  енгізу 
жолымен) ұсыну тетігін жетілдіру
5)  азаматтар  мен  заңды  тұлғалардың  өтініштерінде  жазылған 
мәселелерді  шешу  үшін;  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл 
саласындағы жоспарлар мен қысқа мерзімдік нысаналы бағдарламаларды 
іске асыру үшін бақылауды күшейту, 
6)  мемлекеттік  органдардың  сыбайлас  жемқорлық  себептерін 
жою бойынша шаралар қабылдамағаны үшін жауапкершілігін арттыру; 
қоғамдық-мемлекеттік  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  органдардың 
қызметі  туралы  азаматтарды,  оның  ішінде  интернет-сайттарда 
орналастыру арқылы кеңінен ақпараттандыру.
Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимылдың  2015-2025  жылдарға 
арналған  стратегия  Ел  Президенті  –  Ұлт  Көшбасшысы  Н.Ә.Назарбаев 
«Қазақстан – 2050» Стратегиясы:  қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси 
бағыты»  стратегиясында  алға  қойған  мақсаттар  мен  міндеттерді  іс 
жүзінде  іске  асыруға  бағытталған.  «Қазақстан  –  2050»  Стратегиясының 
мақсаттарына  қол  жеткізу  сыбайлас  жемқорлықпен  шүбәсіз  күресу 
кезінде ғана мүмкін болады. 
Стратегияда:
– 
мемлекеттің    Қазақстанның  Азаматтық  Альянсымен  және  басқа 
да  қоғамдық  бірлестіктерімен  ынтымақтастығы,  сондай-ақ  сыбайлас 
жемқорлыққа  «атымен  төзбеушілік»  атмосферасын  қалыптастыру 
бойынша азаматтық бастамаларға және оған қарсы іс-қимыл бойынша 
нақты  ұсыныстар әзірлеуге жәрдемдесу
– 
Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және басқа да өзін-өзі басқаратын 
ұйымдармен  бірлесіп  корпоративтік  секторда  сыбайлас  жемқорлыққа 
қарсы  іс-қимыл  бойынша  шараларды  қабылдау  қажеттілігі  ескерілген.
Осылайша,  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл  саласындағы 
қоғамдық  бақылау  жүйесін  қалыптастыру    факторлардың  үлкен  саны 
әсер  ететін  және  жан-жақты  зерттеуді  талап  ететін  күделі  процесс  
болып табылады. 
54


жүктеу 1.52 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   92




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет