Дене шынықтыру: Торғай секіреді


Дене шынықтыру: Көңілді секірейік!



жүктеу 24.7 Kb.
бет3/3
Дата21.06.2022
өлшемі24.7 Kb.
#20664
1   2   3
4 апта қазан
Дене шынықтыру: Көңілді секірейік! 28.10.21ж
МАҚСАТЫ
Балаларда заттардың үстінен аяқпен секіру іскерліктерін жетілдіру; өткен оқу
қызметін қайталау;
СӨЗДІК ЖҰМЫС
Педагог балалардың психологиялық көңіл-күйлерін көтеру үшін
шабыттандыратын сөздерді пайдаланады: "Торғайға ұқсап көңілді секірейік!",
"Бәріміз епті баламыз!", "Бәрекелді!", "Жарайсыңдар!" сөздерін пайдалану;
түсіндіру, көрсету, баяндау, пысықтау тәсілдерін қолдану.
ӘДІС-ТӘСІЛДЕР
Интербелсенді тақтадан торғайлардың дән жинап жүрген суреті, миға шабуыл,
кері байланыс, "Торғайға ұқсап көңілді секірейік!", "Бақа секілді секіремін",
"Көңілді секіреміз" ойындары.
ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР
1. Көрнекілік материалдар
Интербелсенді тақта, дене шынықтыруға арналған киімдер.
2. Үлестірмелі материалдар
Дене шынықтыруға арналған киімдер.
1. КІРІСПЕ БӨЛІМ. Педагог балаларды шаттық шеңберіне шақырады. Шаттық шеңбері:
Шаттанамын, күлемін,
Бақытты боп жүрмін.
Қатар тұрар шеңберде,
Досым көбін білемін.
– Балалар, сендер құстар туралы не білесіңдер. Педагог балаларға құстардың тіршілігі туралы қысқаша мәлімет береді
Педагог балаларды бір қатарға сапқа тұрғызып, денелерін дұрыс
ұстауларын қадағалайды. Балалар адымдарды кең алып, тізелерді жоғары
көтерулерін, заттардан аттағандай жүру, әртүрлі бағытта алға, артқа жүріп,
жай жүріп шеңбер құрып, айналу, жүгіру, шашырап жүгіру жаттығуларын
жасайды.
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Жалпы дамыту жаттығулары.
1. "Керілу жаттығулары".
2. "Қол және иыққа арналған жаттығулар".
3. "Аяққа арналған жаттығулар".
Негізгі қимыл жаттығулары.
– Кәне, бәріміз бақалар сияқты секірейікші?
"Бақаға ұқсап көңілді секірейік!", "Бәріміз епті баламыз!", "Бәрекелді!", "Керемет!" деген
балаларды шабыттандыру сөздерін пайдаланады.
"Көңілді секіреміз" ойыны.
Педагог балаларды екі топқа бөліп, өзінің сигналы бойынша өзіне қарай
таяқшалардан аттап, секіру керек екенін айтады. Ойын әр топтан екі баладан
шығып, жарыс түрінде ұйымдастырылады. Балалар заттардан екі аяқпен секіруі
қажет. Секірген кезде заттарды баспай, жеңіл секіру керек екені ескертіледі.
3. ҚОРЫТЫНДЫ
– Балалар, бүгін көп жаттығулар жасап, шаршаңқырап қалдық, енді денемізді
дем алдырып, тыныс алу жаттығуларын жасайық. Тыныс алу
жаттығуларының соңына қарай педагог оқу қызметінің аяқталғанын
хабарлайды.
жүктеу 24.7 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет