Дене шынықтыру: Торғай секіреді


Жаратылыстану: Көлдегі үйректер 26.10.21ж



жүктеу 24.7 Kb.
бет2/3
Дата21.06.2022
өлшемі24.7 Kb.
#20664
1   2   3
4 апта қазан
Жаратылыстану: Көлдегі үйректер 26.10.21ж
МАҚСАТЫ
Балаларға үй құстарына жататын үйректің тіршілігі туралы ұғым беру; сурет
мазмұны бойынша аталған кейіпкерлермен таныстыру;
СӨЗДІК ЖҰМЫС
"Үйрек", "қаңқ-қаңқ", "балпаң-балпаң" сөздерін пайдалану.
ӘДІС-ТӘСІЛДЕР
Аудиожазба тыңдау, сурет бойынша әңгімелеу, сергіту сәті, дамытушы жаттығу,
бейнеролик көрсету.
ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР
Үйректің даусының аудиожазбасы; үйректің балапандарын ертіп апарып, өзі
және бірінші балапанының суда жүзіп бара жатқаны туралы мазмұнды сурет, бейнеролигі
1. КІРІСПЕ БӨЛІМ
Үйректің суреті, ролик
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. "Үйректер көлде жүзіп жүр" суретімен танысу.
- Балалар, көлде үйрек балапандарымен жүр.
- Балапандар анасына ұқсайды: үйректе тұмсық бар – балапанда да бар, үйректе
қанат бар –балапанда да қанат бар, үйректе құйрық бар – балапанда да құйрық
бар (көрсеткішпен көрсетіп отыру).
- Балапан көөп. Балапан біреу ме? Балапан көп. Қайтала. Тамаша.
- Үйрек үлкен, балаландар кішкентай.
- Балапандар анасының соңынан қалмай жүреді.
- Бір саппен жүреді.
- Үйрек балапандарын суда жүзуге үйретеді.
- Үйрек суға бірінші түседі.
- Балаландар суға кезек-кезек түседі.
- Балапандар судан қорықпайды.
- Балапандар суда жүзеді.
2.2. Сергіту сәті. "Біз үйректер боламыз".
- Біз үйрек боламыз (сапқа тұрып (немесе бір бағытқа қарап тұру), балпаңбалпаң жүріп, алға қарай жылжу),
Балпаң-балпаң жүреміз (балпаң-балпаң жүру).
Қос қанатты қағамыз (сап түзеп жүру кезінде екі қолмен екі санды қағу),
Суда еркін жүземіз (шоқайып отыру).
Жолға шығып "қаңқ-қаңқ" (аяқ басына тұру)
Сап түзеп тік тұрамыз (түзу тұру).
сөздерге сай қимылдарды жасайды.
2.3. "Үйректі құрастыр" дамытушы жаттығуы.
"Бес балапан бейнеролигін көрсету.
3. ҚОРЫТЫНДЫ
- Балалар, бүгін оқу қызметінде немен таныстық?
- Көлдегі үйректермен.
- Балалар, көлдегі үйректің қасында не бар?
- Балапандары бар.
- Кәне, балалар, көлдегі үйрек пен оның балапандарының қандай дене мүшелері
бар екен, атайықшы? - Балалар, үйректе не бар? Қанат бар.
- Үйректе тағы не бар? Құйрық. Жарайсыңдар.
- Үйрек пен балапанда тағы не бар? Тұмсық.
- Балалар, көлдегі үйрек пен оның балапандарының аяғы бар ма?
- Жарайсыңдар, балалар, оқу қызметіне белсенді қатыстыңдар, рақмет, сау
болыңдар!

жүктеу 24.7 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет