Дене шынықтыру: Торғай секіреді



жүктеу 24.7 Kb.
бет1/3
Дата21.06.2022
өлшемі24.7 Kb.
#20664
  1   2   3
4 апта қазан

Дене шынықтыру: Торғай секіреді 26.10.21ж
ОҚУ ҚЫЗМЕТІНІҢ МАҚСАТЫ
Балаларды заттардың үстінен екі аяқпен секіруге үйрету; заттардың үстінен екі
аяқпен секіру жаттығуын жасау кезінде қимыл белсенділігін қалыптастыру;
СӨЗДІК ЖҰМЫС
Педагог балалардың психологиялық көңіл-күйлерін көтеру үшін
шабыттандыратын сөздерді пайдаланады: "Күн бүгін тамаша!", "Торғайға ұқсап
көңілді секірейік!", "Бәріміз епті баламыз!", "Бәрекелді!", "Керемет!" сөздерін
пайдалану; түсіндіру, көрсету, баяндау, пысықтау тәсілдерін қолдану.
ӘДІС-ТӘСІЛДЕР
Интербелсенді тақтадан "Жануарлар әлемінен" құстар сериясы бойынша үзінді
көрсету; далада секіріп дән жинап жүрген торғайдың қимылын бақылату; миға
шабуыл, кері байланыс, "Торғайға ұқсап көңілді секірейік!", "Допша секіремін",
"Маған қарай секіріңдер!" ойындары.
ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР
Интербелсенді тақта, дене шынықтыруға арналған киімдер, доптар, арқандар.
2. ҮЛЕСТІРМЕЛІ МАТЕРИАЛДАР
Бала санына сай доптар.
ОҚУ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАРЫСЫ
1. КІРІСПЕ БӨЛІМ
Балаларға психологиялық ахуал тудыру мақсатында:
– Балалар, "Күн бүгін тамаша!" деп бәріміз айтайықшы. Құстар туралы білгілерің
келе ме? Педагог балаларға құстардың тіршілігі туралы қысқаша мәлімет
береді. "Аялайық құстарды, бізге жақын достарды!" дегенді балаларға
қайталатып, эмоциялық көңіл-күйлерін көтере отырып,
Әуенді тыңдау және бейнелерді көру үшін QR-кодты сканерлеңіз
интербелсенді тақтадағы секіріп, дән жинап жүрген торғайларды бақылатып,
заттардан екі аяқпен секіріп өткенде торғайлар сияқты көңілді, жеңіл, әрі епті
болу керегін ескертеді.
Педагог:
– Балалар, бір қатарға сапқа тұрып, денемізді дұрыс ұстаймыз, адымдарымызды
кең алып, тізелерімізді жоғары көтереміз, заттардан аттағандай жүреміз,
әртүрлі бағытта алға, артқа жүріп, жай жүріп шеңбер құрып, айналу, жүгіру,
шашырап жүгіру жаттығуларын жасаймыз.
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Жалпы дамыту жаттығулары
2.1. Доппен орындалатын жалпы дамыту жаттығулары
Енді менімен бірге жаттығуларды жасаймыз!
1. Бастапқы қалып аяқты алшақ қойып, допты оң қолмен ұстап тұру.
2. Бастапқы қалып аяқты алшақ қойып, допты алдыға екі қолымен ұстап тұру.
3. Бастапқы қалып аяқты алшақ қойып, допты алдыға екі қолымен ұстап тұру.
Негізгі қимыл жаттығулары
Заттар үстінен секіру.
Заттар үстінен екі аяқпен секіруге жаттықтыру.
2.3. "Маған қарай секіріңдер" ойыны.
3. ҚОРЫТЫНДЫ
- Балалар, бүгін көп жаттығулар жасап, шаршаңқырап қалдық, енді денемізді
дем алдырып, тыныс алу жаттығуларын жасайық.

жүктеу 24.7 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет