Қоректік заттарға қойылатын талаптар. Мақсарының топырақтан қабылдайтын қоректік заттары мөлшері дақылдың сортына, вегетация кезеңінің ұзақтығына, жапырағының ассимиляциялық белсенділігіне, топырақ және ауа-райы жағдайына, ылғал қабылдау мүмкіндігіне, топырақ құнарлығына және өсіру технологиясына байланысты болады. Мақсары дақылы азот, фосфор және калий элементтерін вегетациясының барлық кезеңдерінде бірдей қажетсінеді. Өсімдіктің қоректік заттарды ең көп қажет ететін кезеңі шанақтану-гүлдеу сатылары. Бұл мезгілде топырақтан азоттың барлық қажетті мөлшерден 60%, фосфор қышқылының-80% және калийдің-90% қабылдайды. Аудандастырылған сорттары. Республиканың оңтүстігінде мақсарының Милютинский 114, Нұрлан, Ақмай және Центр70 сорттары аудандастырылған. Милютинский 114 сортынан басқалары, Красноводопад селекция стансасында шығарылған, жергілікті селекция сорттары авторы- М. Қоңырбеков.
Поделитесь с Вашими друзьями: |