Dedot4310-«Дәстүрлі емес дақылдарды өсіру технологиясы» ОҚУ Әдістемелік кешені мамандығы: 6В08171 Агрономия


Мақсары – сафлор - cartamus. Халық шаруашылығындағы маңызы



жүктеу 0.52 Mb.
бет97/132
Дата16.02.2022
өлшемі0.52 Mb.
#17293
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   132
oak agr-18-1 dasturli emes dak ldard osiru tehnologiyas docx
Мақсары – сафлор - cartamus. Халық шаруашылығындағы маңызы. Археологиялық қазбалардың және әдебиет көздерінің куәлендірулерінше мақсары өте көне дақылдар қатарына жатады. Себебі, мақсары дақылының гүлінен жасалған бояулармен Египетте мумиялар оралған маталар боялған. Момот Я.Г.(1960) пікірінше, мақсары Үнді және Египет мемлекеттерінде өсірілген 2100 жылдан астам тарихы бар мәдениленген дақыл. П.П.Вавиловтың (1979) деректері бойынша, мақсары дақылы ертеректе Үндістанда, Египетте, Ауғанстанда, Орталық Азияда және Кавказ мемлекеттерінде белгілі болған. Аталған елдерде мақсарыны бояғыш және әсемдік зат ретінде пайдаланылған. Оның латынша Cartamus атауы арабтың cartom- бояу деген сөзінен шыққан, өйткені мақсары гүлдерінде картамин пигменті бар. Бұл пигменттің ерекшелігі-суда еріткенде-сары түске, ал спиртке-қызыл түске боялады. Сондықтан мәдениленген мақсары түрі орыс тілінде Сафлор красильный деп аталған.
Майлы дақылдар дәніндегі майдың мөлшері мен сапасы


Дақыл

Май мөлшері (абсолютті құрғақ зат массасының %)

Йод саны

Қышқылдық саны

Сабындану саны

Күнбағыс

29,0-57,0

119-144

0,1-2,4

183-196

Мақсары

25,0-37,0

115-155

0,8-5,8

194-203

Көкшіл-сұр қыша

35,2-47,0


92-11

0,0-3,0

182-183


Күздік рапс

45,0-49,6

94-100

0,1-11,0

167-185

Арыш

25,6-46,0

132-153

0,2-13,2

181-188

Майкене

47,2-58,2

81-86

1,0-6,8

182-187

Күнжіт

48,0-63,0

103-112

0,2-2,3

186-195

Перилла

26,1-49,6

181-206

0,6-3,9

189-17

Ляллеманция

29,3-37,6

162-203

0,8-4,4

181-185

Жержаңғақ

41,2-55,2

90-103

0,03-2,24

182-207

Майбұршақ

15,5-24,5

107-137

0,0-5,7

10-212

Майлы зығыр

30,0-47,8

165-192

0,5-3,5

186-195

Орта Азия елдерінде, анығында Түркістанда мақсары ертеде белгілі болған. Бұл өңірде мақта шаруашылығына дейін жергілікті тұрғындар мақсары тұқымын тағамдық майға және пілте (май) шамға пайдаланған. Алғашқыда мақсарыны бояғыш зат ретінде қолданған, бірақта химиялық жолмен арзан және жоғары сапалы бояулардың алынуына орай, дақылдың бояу ретіндегі өндірістік маңызы жойылып, оны өсімдік майын алуға, дәрі-дәрмек жасауға және мал азығына өсірген. Мақсары тұқымшасындағы жалпы май мөлшері 25-37 %, ал ядросында 50-56% дейін ақшылт-сары түсті бағалы сұйық майы болады. Өсімдік майының дәмділігі және жұғымдылығы күнбағыс майына пара-пар, егер тек қана ядросынан ғана сығылған майдың сапасы зәйтүн майынан кем түспейді. Халық медицинасында мақсары жапырақтарын, гүлдерін және майынан әртүрлі дәрі-дәрмектер жасалады, сонымен қатар, өсімдік майын сыр - бояу, линолеум, сұйық сабын т.б. техникалық мақсаттарда пайдаланылады. Мақсары тұқымы құстардың азығы, әсіресе оны тауыққа берсе, қыс айларында жұмыртқалағыштық мүмкіндігі артады. Дәнін құрама жемге қосып сауын сиырларды азықтандырса, онда сүттің майлылығы жоғарлайды. Қабығы аршылған мақсары тұқымынан алынған күнжарасы-бағалы мал азығы. Қабықта және ядросының жұқа пергамент қабықшасында ащы заттардың болуы қабығын аршымай сығылған май күнжарасының сапасын төмендететін ащы дәм береді, бірақта оны басқа азық түрлеріне қосып, малдарды азықтандыруға болады. Мақсары күнжарасы құрамында орташа есеппен 20,4% протеин бар, 1 кг күнжарасының қоректілігі 0,75 азықтың өлшемге тең. Соңғы кезде, көптеген елдерде мақсары мал азықтық дақыл ретінде танылуда. Себебі, оның көк балаусасының, пішенінің және сүрлемінің қоректік қасиеттері жоғары. Мақсарының 100 кг көк балаусасында 22,7 азықтық өлшем және 2,91 кг қорытылғыш протеин болса, осындай мөлшерлі сүрлемінде -15 азықтық өлшем және 1,3 кг қорытылғыш протеин бар. С.Н.Прянишников (1963 ) деректері бойынша, мақсары шөбінің құрамында 16,5 % шикі протеин және 100 кг пішенінде 48-50 азықтық өлшем болады.

Мақсарының дүниежүзіндегі егіс көлем 2,0 млн гектарға жуық. Ең көп егісі Индия, Мексика, АҚШ, Қытайда. Қазақстан Республикасы мақсары егісі көлемі жағынан ТМД мемлекеттерінің арасында бірінші орын алады. Егер, 1930 жылы республикада мақсары егісі көлемі 6600 га болса, 1937 жылы 36 мың гектарға жеткен, 2004 жылы 106 мың га, 2005 жылы 123 мың га, 2006 жылы 131 мың га, ал 2009 жылы мақсары егісі көлемі 170 мың гектарға жетті. Тұқым өнімділігі 6-7ц /га құрайды. Мақсары дақылы негізінен республиканың оңтүстік өңірінің тәлімі жерлерінде өсіріледі.(Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Қызылорда және Жамбыл облыстары) Соңғы жылдары республиканың солтүстігінде және батысында да мақсары өсіріле бастады.


жүктеу 0.52 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   132




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет