Рапс (Рапс, Brassіca napus oleіfera). Рапс адамзатқа ерте заманнан белгілі болған дақыл. Декандольдың болжамы бойынша бұл дақыл біздің заманымыздан 4 мың жыл бұрын өсіріле бастаған. Рапстың отаны Голландия және Англия болып есептеледі. Сол жерден 16 ғасырдан бастап ол Европаға кең тараған. 20 ғасырдың орта кезінен бастап рапстың кейбір түршелері мал азығы ретінде Англияда, Америкада, Жаңа Зелландияда пайдаланыла бастады. Сол кезден бастап мал азықтық рапс біздің Одаққа әкелініп жерсіндірілді. Қазіргі кезде ол мал азығына Россияда, Белоруссияда, Прибалтикада, Солтүтік Кавказда кеңінен өсіріледі.
Рапс және де майлы дақылдардың ішіндегі өте кең тарағаны. Дүние жүзінде ол көлемі жағынан үшінші орында (майбұршақтан және арахистен кейін). Қазіргі кезде рапс майлы дақыл ретінде Азияда, оның ішінде Индияда, Канадада кеңінен өсіріледі. Жыл сайын оны дүние жүзінде 10-12 млн. га жерге өсіреді.
Поделитесь с Вашими друзьями: |