Dedot4310-«Дәстүрлі емес дақылдарды өсіру технологиясы» ОҚУ Әдістемелік кешені мамандығы: 6В08171 Агрономия



жүктеу 0.52 Mb.
бет90/132
Дата16.02.2022
өлшемі0.52 Mb.
#17293
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   132
oak agr-18-1 dasturli emes dak ldard osiru tehnologiyas docx
Өсіру агротехникасы. Гүлтәжі отамалы немесе ферма маңындағы ауыспалы егістіктерге өсіріледі. Жақсы алғы дақылдар: отамалы дақылдар, картоп және минерал тыңайтқышын қолданған күздік бидай. Гүлтәжіге танапты жақсылап дайындау керек. Көбінесе себер алдындағы топырақ дайындау шараларын мүқият орындау шарт. Танапты негізгі жырту алдында әр гектарға 20-40 т-дай көң төгу керек, және оған қоса әр гектарға 3,0 ц-дей суперфосфат, калий түзын беру керек. Себер алдындағы культивациялау кезінде әр гектарға 1 ц-ден суперфосфат, азот селитрасын және калий түзын беру тиімді. Тұқым себер алдында танапты жақсылап тегістеп, топырақты тығыздайды. Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс және батыс аймақтарыңда себу мерзімі сәуірдің аяғына мамырдың бірінші онкүндігіне тура келеді. Орталық және солтүстік аймақтарда себу мерзімі мамырдың екінші онкүндігінде басталады. Себу әдісі кеңқатарлы (60-70 см). Гүлтәжінің түқымының өте үсақ болуына байланысты оның себу тереңдігі мен қатарда орналасуын өте мүқият қадағалау керек. Себу тереңдігі 1-2 см содан кейін топырақгы тағы тығыздау шарт. Себу мөлшері өр гектарға 1-1,5 кг шығымды түқым, немесе 250-350 мың дана түқым. Себу мөлшерін оңтайлы орналастыру үшін және қатардағы түқым санын біркелкі орналастыру үшін түқымды себер алдында майсыздандырған сүтке шылап кептіреді. Сонда үсақ түқым 3-4 данадан бір-біріне жабысып, жақсы себіліп қатарға біркелкі болып орналасады. Және де түқымды жақсы себу үшін оған қүм, кебек немесе аі-ані үгіндісін қосып та себеді. Әр себу мөлшеріне 5-15 кг қоспа араластырады. Танапты күтіп-баптау өскін толық шЫққаннан кейін .басталады. Гүлтәжі бастапқы кезеңде өте баяу өседі. Мысалы өскін пайда болғаннан кейін 10-шы күні өсімдіктің биіктігі 8-10 см, 20-шы күні - 18-20, 30-шы күні 30-32 жөне 40-шы күні 60-62 см ғана болады. Содан кейін ол тез қарқынды өседі. Ең жақсы өсуі әр гектарда 250-350 мың өсімдік қалыптаскдңда байкалады. Осы үлгіде өсімдіктің биіктігі 220-245 см-ге жетеді. Айта кету керек көпшілік деректерге қарағанда себу мөлшерінің осыдан аз болуы да, немесе көп болуы да гүлтәжінің өнімін төмендетеді.

Тұқымды көкөніс (СО-2, СКОН-4,2), астықты шөп сепкішімен (СЗТ-3,6), немесе басқа қолда бар сепкіштермен себеді. Гүлтәжіні қонақжүгерімен, жүгерімен қоспа ретінде себудің де келешегі зор агротехникалық әдіс. Бүл жағдайда өсіру аймағыиа қарай 1-2 қатар жүгері 1 қатарлы гүлтәжі себеді. Қоспа сепкенде әр дақылдың себу мөлшерін 1,5-2,0 есе азайтады. Гүлтәжіні сепкен танапты өскіні толық шығып болған соң келденеңінен жеңіл тырмамен тырмалайды. Бүл әрине өскіннің 5-10% қүртады. Сондықтан бүл агротехникалық шараны өскіні қалың шыққан танапта жүргізеді. Танапты тырмалау топырақ қабыршағын және 15-30% арамшөптер өскінін жояды. Содан кейін арамшөптерге карсы катараралығын культивациялайды. Вегетация кезеңінде культивация 2-3 рет жүргізіледі. Өсімдік жақсы түптеніп, жапырақтанып, қатараралығы көрінбеген кезде культивация жүргізу тоқтатылады.

Гүлтәжі алғашқы өсіп дамыған кезде ылғалды көп қажет етеді. Сондықтан оның өсімдігі 2-3 жапырақ салған кезінде топырақтың ьглғалдылығын 70% толық ылғалдылықта (ТТЫ) үстаған дүрыс. Бірінші суаруды жаңбырлатып, содан кейінгісін арықпен суару тиімді. Гүлтәжінің массасын жинау гүлшоғырын салған кезеңнен бастап, түқымының сүттеніп-қамырланып піскеніне дейін ійсүргізіледі. Дақылды жинау сүрлем шабатын комбайндармен жүргізіледі (КСК-100, КС-2,6). Гүлтәжіні түқымға жинау көп қиыншылықтар туғызады. Өйткені гүлтәжінің тұқымы біркелкі пісіп жетілмейді де толық пісуі үзакқа созылады. Және де түқымы гүлтәжінің сабағының әртүрлі биіктігінде орналасуына байланысты оны жинау киындыкқа түседі. Қолайлы әдісі оны бөлектеп жинау.

Тұқым салған шашакгүлін комбайнмен (Е-516, СМ-2,6) не болмаса қолмен жинайды. Тұқымды бастырғаннан кей;ч оны кептіреді де түқым тазалағышта ("Петкус" т.б.) тазаяайды. Қазақстанда гүлтәжі жаңа дақыл. Ғылыми зерттеу орталықтарында ол жан-жақты зерттеліп жатыр. Келешекте оның әр аймаққа арналған өсіру агротехникасы анықтальп өндіріске үсынылуы тиісті. Гүлтәжіні түқымға оңтүстік облыстарда суармалы жерлерде өсіру керек. Гүлтәжімен селекциялық жұмыстар жүргізу әр аймаққа бейімделген жаңа сорттарын, будаңдарын шығару келешектің жүмысы.



жүктеу 0.52 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   132




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет