Dedot4310-«Дәстүрлі емес дақылдарды өсіру технологиясы» ОҚУ Әдістемелік кешені мамандығы: 6В08171 Агрономия


Дәріс №7-8. Жаңа мал азықтық астық тұкымдас дақылдар



жүктеу 0.52 Mb.
бет9/132
Дата16.02.2022
өлшемі0.52 Mb.
#17293
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   132
oak agr-18-1 dasturli emes dak ldard osiru tehnologiyas docx
Дәріс №7-8. Жаңа мал азықтық астық тұкымдас дақылдар.
Дәрістің жоспары:

  1. Қара бидай

  2. Тритикале (Тритикале, Trіtіcale)

  3. Бидай-бидайық буданы (Пшенично-пырейный гибрид, Trіtіcum agropurotrі)


Күздік қара бидай (Озимая рожь, Secale cereale). Күздік қара бидай біржылдық астық тұқымдастарына жататын шөптесін өсімдік. Оны тағамға, мал азығына және техникалық мақсаттарға пайдалануға болады. Дәнінде белок мөлшері арпа мен сұлыдан жоғары, бидайдан аздау болады. Қара бидайдың отаны Кіші Азия болып есептеледі. Алдымен ол мәдени астық дақылдарын ластайтын арамшөп есебінде танылып, бара келе солтүстік аймақтарда өсіп жақсы өнім беруіне байланысты жеке дара мәдени астық тұқымдас өсімдік ретінде қолданыла бастады. Біздің елімізде қара бидай 3-ші ғасырдан белгілі. Дүние жүзінде өсірілетін қара бидай көлемі 16 млн. гектарға жуық, ал оның 9 млн. гектары бұрынғы Одақ көлемінде өсірілді. Қара бидай негізінен Россияның қаратопырақсыз аймақтарында, Украинада, Белоруссияда және Балтық теңізі жағалауындағы республикаларда себілді. Қазақстанда қара бидай негізінен солтүстік облыстарда өсіріледі. Оның көлемі республикада 50-60-шы жылдары әжептәуір болған. Соңғы уақытта белгісіз себептермен оның егістігі азайып кетті (45-ші сурет).

Қара бидайдың дәнінің өнімділігі әр гектардан орташа 15-20 ц. Дәнінде 12,8 белок, 80,9 көмірсуы болады, ал басқа көрсеткіштері бидай дәніндей. Қара бидай нанында рибофлавин витаминдері көп кездеседі. Қара бидайдан жоғары өнімді көк балауса жиналады. Масақтанғанға дейін орылған қара бидайдың әр гектарынан 150-180 ц дейін көк балауса жиналады. Оны көк азық ретінде мал қоректендіруге, сүрлем және пішендеме салуға пайдаланады. Және де қара бидайды пішенге де орады, одан шөп ұынын, шөп кесінділерін, түйіршіктерін жасайды. Қара бидайдың дәні және кебегі малға жақсы құрама жем. Сабаны малға ірі азық ретінде пайдаланылады.

Қара бидай көктемде өте тез өседі де алғашқы көк азық ретінде пайдаланылады, яғни жасыл конвейер шикізатының негізгі дақылы болып есептеледі. Күздік қара бидайды пішенге, пішендемеге өсіру Қазақстанның солтүстік және орталық аймақтарында басты резервтердің бірі болып табылады. Бұл дақылдың қарқынды түптенуі және тез өсуіне байланысты қара сұлы, қалуен сияқты арамшөптермен жақсы күресуге болады. Сондықтан ол егістік танаптарды арамшөптен тазартушы дақыл болып есептеледі.


жүктеу 0.52 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   132




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет