Шаруашылықтағы маңызы. Құлқайырдан көк балауса, пішен, сүрлем, шөп ұнын дайындайды. Оның көк балаусасындағы қорытылатын протеин мөлшері жоңышқаныкімен бірдей, көмірсуына, микроэлементтерге, витаминдерге бай. Құлқайырдың белогінің сапасы мал өнімінің белогіне пара-пар, онда мал организміне пайдалы аминқышқылдары көп кездеседі. Құлқайырдың гүлденер алдында жинаған 100 кг көк балаусасында 13 азықтық бірлік және 2 кг қорытылатын протеин бар. Каротин мөлшері 26-68 мг/кг шамасында.
Күлдің мөлшері: көк балаусасында –2-3%, құрғақ затында-9-18%, және ол мал организміне пайдалы элементтерге (әсіресе Fe, Ca) бай. Оның құрамында бағалы микроэлементтер: марганец, никель, молибден, күміс, барий, мыс, стронции және басқалары көп кездеседі. Құлқайырда белоктің көп және қант мөлшерінің орташа болуынан оны сүрлемге басқа сүрлемдік қантқа бай дақылдармен : аю балдырғанымен, сиыржоңышқамен сұлының қоспасымен, күнбағыспен, жүгерімен қосып сүрлемге салған өте тиімді. Құлқайыр мен жүгерінің (1:1) сүрлемінің 100 кг массасында 20 азықтық бірлік болады да оның 1 кг сүрлеміне 100 г қорытылған протеин келеді. Жақсы кептірілген шөп ұны азықтық сапасы жағынан сұлымен бірдей (1 азықтық бірлік және 70 г қорытылатын протеин). Құлқайыр және де жақсы бал жинайтын дақыл. Құлқайырдың барлық түрі жақсы алшын береді. Жылына оны екі рет шабуға болады. Оның көк балаусасының орташа өнімі 500-700 ц/га. Құлқайырды қайталап себетін, және аңыздық дақыл ретінде пайдалануға болады. Құлқайыр астық дақылдары үшін жақсы алғы дақыл. Және де оны екпе парға қолдануға болады. Құлқайырдың тұқымының өнімі біршама жоғары-5-8 ц/га. Сондықтан оның тұқым шаруашылығын ұйымдастыру қиын емес.
Поделитесь с Вашими друзьями: |