Dedot4310-«Дәстүрлі емес дақылдарды өсіру технологиясы» ОҚУ Әдістемелік кешені мамандығы: 6В08171 Агрономия



жүктеу 0.52 Mb.
бет78/132
Дата16.02.2022
өлшемі0.52 Mb.
#17293
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   132
oak agr-18-1 dasturli emes dak ldard osiru tehnologiyas docx
Қолдануға ұсынылатын әдебиеттер.

  1. Костиков И.Ф., Оспанов Е.Д. Солтүстік Қазақстанда бал құмайды сүрлемде егіп өсіру. – Көкшетау, 2017ж.

  2. Сағалбеков У.М., Костиков И.Ф., Әленов Ж.Н. Солтүстік Қазақстанның аз таралған перспективалы дақылдары. – Көкшетау, 2013ж.

  3. Костиков И.Ф., Оспанов Е.Д., Макаров В.М. Солтүстік Қазақстанда бал құмайды егіп өсіру ұсыныстары. – Чаглинка, 2008ж.

Бақылау сұрақтары

  1. Шаруашылық маңызы

  2. Өнімділігі және өнім сапасы

  3. Өсіру технологиясы


Практикалық сабақ №4
Тақырыбы: Біржылдық мал азықтық дақылдар: вейрих тараны (Горец Вейриха, Polygonum), тань шань жэне мал азықтық қымыздық.

Дәрістің жоспары:

  1. Шаруашылық маңызы.

  2. Ботаникалық және биологиялық ерекшеліктері.

  3. Өсіру агротехникасы.

Дүние жүзінің әртүрлі топырақ-климат жағдайында қарақұмық туыстасына жататын өсімдіктің 200-ге тарта түрлері кездеседі. Бұл түрлері көбінесе көпжылдық немесе біржылдық өсімдіктер және бұташықпен өрмелеп өсетін түрлері де аздап кездеседі. Қарақұмық түрлерінің дәрілік, илік зат алатын, тамақтық, малазықтық және сәндікте өсіру қасиеттері ерте заманнан белгілі. Бұрынғы Одақ көлемінде Қарақұмықтың 120 астам түрлері кездеседі. Оның көпшілігі Орта Азияда және Қиыр Шығыста шоғырланған. Табиғатта 40 шақты түрімен жабайы аңдар, малдар қоректенеді, ал кейбір түрлерін мал сүйсініп жейді. Өзінің сапасы және өнімі жағынан мал азығына маңыздысы оның 2 түрі: Вейрих тараны және Забайкальский тараны. Соның ішінде ең сапалысы және тиімдісі, өндіріске ұсынылып көп тарай бастағаны Вейрих тараны.

Вейрих тараны көп тараған, өсу ортасына байланысты өзгеріп отыратын қарақұмық түрі. Көпжылдық өсімдік. Ол көбінесе Сахалин, Куриль аралдарында және Жапонияда әртүрлі өсімдік қауымында, әртүрлі топырақ түрлерінде өседі. Өсу жағдайына қарай өсімдіктің биіктігі 15 см-ден 225 см дейін өзгеріп отырады. Бұрынғы Одақ көлемінде Вейрих тараны мәдениелендіріліп, мал азығы ретінде өндіріске өткен ғасырдың (ХХ) орта шенінде енгізілді. Алдымен ол Ленинград, Москва облыстарының ғылыми зерттеу ошақтарында зерттеліп маңызды сүрлемдік дақыл екені анықталды. Содан кейін Белоруссияда, Украинада, Латвияда ғылыми орындарда зерттеле бастады. Қазақстанда бұл мал азықтық дақыл әлі қолға алынып зерттелмеген. Қазіргі кезде оның ауыл шаруашылығында көп таралмауы оңтайлы сортының әлі күнге дейін шығарылмауы және өсіру технологиясының толық зерттелмеуі салдарынан болып отыр.


жүктеу 0.52 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   132




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет