Dedot4310-«Дәстүрлі емес дақылдарды өсіру технологиясы» ОҚУ Әдістемелік кешені мамандығы: 6В08171 Агрономия



жүктеу 0.52 Mb.
бет77/132
Дата16.02.2022
өлшемі0.52 Mb.
#17293
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   132
oak agr-18-1 dasturli emes dak ldard osiru tehnologiyas docx
Өңдеу технологиясы. Забайкал тараны 1 егістікте 10 жылдан артық өседі. Сондықтан да ауыспалы егіс жүйесін алдын-ала қолданған жөн. Мұнда жемшөптік дақылдар, егістерді арамшөптерден тазалауда септігін тигізетін қолдану мерзімдері қысқа дақылдар қолданылады. Егістің пішендік, сүрлемдік орлардан қашық болуы үлкен рөл атқарады. Себуді сапалы тұқымдармен жүзеге асыру керек. Олардың өнімділігі, ауру мен зиянкестерге төзімділігі алдын-ала анықталуы тиіс. Тұқымдар 1 жылдан аса сақталған болса, егістік өнгіштігі төмен болады деп есептейді көптеген зерттеушілер. Расында забайкал таранының тұқымдары өз өнгіштігін 3 және 5 жылғы сақтаудан кейін де жоғалтқан жоқ. Астық дақылдарға қарағанда, ол өзіндік сақтау режимі ерекшеліктеріне ие. Забайкал таранының тұқымының шектік ылғалдығы 13-14%. Оларды көп уақыт сақтауда 2%-ке төмен кептіру керек.

Забайкал таранының себу көктемде тұқым сіңіру қабаты 10ºС жылынғанда басталады. Бұл шоқылы-жазықты жерлерде 25-27 мамырға сәйкес келеді. Ерте көктемгі себуге қарағанда (сәуірдің соңғы 5 күндігі) ерте жаздық және тамырлық арамшөптерден қорғаудың алды алынады. Өйткені арамшөптер себу алдындағы өңдеуде өте көп өсіп кетеді. Ал жазғы себумен салыстырғанда қатқақтарға дейін тамыр мойнында 3-4 жаңару бүршіктері түзіліп үлгереді, бұл жалпы шалғындықтың сиректенуінен сақтайды.

Шоқылы-жазық зоналарда әр түрлі периодтарда себу тиімділігі зерттелді (2004-2006). Көктемгі себуде (25-26мамыр) өсімдік жиілігі аз көрсеткіштер бойынша ауытқыды (И.Ф.Костиков.,А.В.Бушуева., 2008). Ерте көктемдік себу (25-28 сәуір) қалуен және қара сұлы арамшөптерімен ластанды. Жазғы себу мерзімінде тамырда қоректік заттардың түзілуі көктемгі себумен салыстырғанда 42-48 күнге қысқа болды. Сондықтан көктемгі себу өнімділік үшін ең оптимальды болып табылады

Басқа мерзімде себілгенге қарағанда, көктемде себілгенде 2004-2006 жыл аралығында орташа құрғақ зат өнімділігі 63,5 ц/га құрады немесе 8,5 ц/га және 11,2 ц/га жоғары болады. Ылғал жағдайына байланысты кең қатарлы (60см) және қатарлы жабынсыз себу әдістері қолданылады. Кең қатарлы себу арамшөптермен механикалық күресуде және құрғақшылықта тиімді. Забайкал таранының арамшөптерге қарсы бәсекелестігі 4-ші жылдан басталып, арамшөптердің зияны төмендейді.

Шоқылы-жазықтық жерлерде тәжірибе жүзінде сабақ шалғындығы қалындығының өсуі 4 жылдан басталады. Ол 1 гектарда 242...256 мың сабақты құрайды.

Плантациялар өсімдік жиілігінің өздігінен оптимальды реттелу арқасында түзіледі. Гектарына 0,3 млн дана себілген кең қатарлы (60см) себу әдісінде басқа варианттарға қарағанда ерте реттелді. 2002-2006 жылдары бұл варианттан 47,0 ц/га құрғақ зат алынды, бұл басқа варианттарға қарағанда 3,2-4,2 ц/га көп. Бірінші 2...3 жыл бойы қатар аралықтарды 1...2 өңдеуден өткізу керек. Кейін өңдеу керек емес, өйткені оптимальды өсімдік жиілігі түзілгеннен кейін олар арамшөптерді ығыстырады. Көп жылдық қолдануда топырақты тілу керек. Ол 5 жылдан соң ШР-5,6 тілушінің көмегімен жүзеге асырылады. Тілік ұзындығы - 70см, тереңдігі - 20см, топырақты тілумен ұатар NP элементтері өсу кезенінің басында енгізеді. Сүрлем мен пішендеме үшін өнімді жинау гүлдену кезенінің басында, ал дәрумендік ұнға - шанақтану кезенінде бастайды. Тұқымға жинауды 3-жылдан бастап жүзеге асырады. Polygonum тұқымдасына жататын басқа туыстарында сияқты забайкал таранының тұқымдары 1 мезгілде піспейді. Сондықтан шашақгүлдің ортаңғы және астынғы бөлігіндегі жемістер қоңырланғанда жинауды бастайды.



жүктеу 0.52 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   132




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет