Dedot4310-«Дәстүрлі емес дақылдарды өсіру технологиясы» ОҚУ Әдістемелік кешені мамандығы: 6В08171 Агрономия



жүктеу 0.52 Mb.
бет74/132
Дата16.02.2022
өлшемі0.52 Mb.
#17293
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   132
oak agr-18-1 dasturli emes dak ldard osiru tehnologiyas docx
Өсіру агротехникасы.Сүйір жапырақты сильфияны ферма маңындағы ауыспалы егіске не болмаса ауыспалы егістен тыс танапқа өсіру керек. Оған жақсы алғы дақыл отамалы дақылдар. Топырақ дайындау жұмыстары басқа көпжылдық сүрлемдік дақылдар өсіруге ұқсас келеді. Күзде танапты тереңдете (27-30 см) жыртады, бетін жақсылап тегістейді, майдалайды, қопсытады. Жырту алдында танапқа гектарына 30-40 т көң шашады және оған қоса 3,0-4,0 ц суперфосфат, 1,5-2,0 ц калий тұзын берген тиімді. Егер сильфияны қыс басталар алдында себетін болса топырақ дайындау жұмыстарын қазан айының басында аяқтау керек. Оны қыстың алдында топырақ қатпай, күзгі қалың жаңбыр болмай тұрып себеді (қазан айында).

Себу әдісі - кең қатарлап (60-70 см). Тұқымды бейімделген астық себетін сепкіштермен (СЗ-3,6 т.б.) не болмаса көкөніс сепкіштермен (СОН-2,8, СКОН-4,2) себеді. Жүгері сепкіштерін де қолдануға болады. Тұқымды шаршы-ұялап себуге де болады (60х60 см). Бұл жағдайда әр ұяға 10-16 тұқым салады.

Себу мөлшері - әр гектарға 60-100 мың өнгіш тұқым, немесе 14-20 кг тұқым. Көктемде сильфияны мамыр айында жаздық бидай алдында себеді. Тұқым себу тереңдігі 2-3 см.Сильфияны тамыр сабағының қысқа етіп кесілген көшеттерін жерге отырғызу арқылы да көбейтуге болады. Дайындалған көшеттерді жаздың аяғында-күздің басында отырғызу керек. Осылай отырғызылған көшеттер ерте көктемде жақсы көктеп шыға бастайды. Көшетті кеңқатарлап (70 см), қатарда әр қайсысының арасын 30-50 см қашықтықта отырғызады.

Сильфияның толық өскіні шығып қатараралығы айқындалған кезде арасын культивациямен өңдейді. Қатараралығын өңдеп культивация жүргізу 3-4 ретке дейін қайталанады. Және ол жапырағы қалың өсіп қатараралығы көрінбей қалғанға дейін жүргізіледі. Қатараралығын өңдеудің мақсаты: біріншіден танаптың топырағын қопсыту, қабыршақтарын жою, екіншіден-шыққан арамшөптерді құрту. Көктемде сильфия өсірілген танапқа гектарына 2,0 ц азот селитрасын және бірінші орғаннан кейін 1,0 ц азот селитрасын берген тиімді. Фосфор-калий тыңайтқыштарын (Р45-60К45-60 кг/га ә.з.) екінші орғаннан кейін күзде берген тиімді. Танапқа әр екі-үш жыл өткен сайын бірінші өңдеу алдында гектарына 15-20 т көң немесе садыра шашқан тиімді.

Қазақстанның оңтүстік-шығыс аймағында сильфияны суармалы жерде өсіреді. Вегетация кезеңінде танапты 4-6 рет суарады. Суландыру мөлшері гектарына 2500-3000 м3 шамасында. Сильфияны ору кезі күтіп-баптау және өнім қалыптастыру жағдайына байланысты айқындалады. Кезінде шабылып алынған танапта жақсы алшын өседі. Республиканың оңтүстік-шығыс аймағында бірінші қолайлы ору кезі сильфияның толық шанақталған кезеңі. Осы кезде орылған танаптан жоғары өнім алынып, оның келесі орылатын кезеңінде жақсы өнім қалыптастырады. Және де осы кезеңде орылған көк балаусасының қоректілігі жоғары болып мал сүйсініп жейді. Екінші ору қыркүйектің екінші жартысында жүргізіледі.

Сильфияның бірінші оруын 15-20 см биіктікте жүргізеді. Сонда ғана оған екінші рет жақсы өсуіне жағдай туады. Сильфияның көк балаусасын жинауға жем-шөп оратын техникаларды пайдаланады (КС-2,6; Е-280; КСК-100; КАКУ-75 т.б.). Солтүстік облыстарда сильфияның тұқымы пісіп жетілмейді. Сондықтан оның тұқымын оңтүстік облыстарда өсіру керек.

Тұқымдыққа сильфияның 2-3 жылдық танаптарынан бөліп қалдырады. Тұқым жинауды оның себеттері 60-70% қоңырланып піскен кезде бастайды. Себеттерді қолмен, не болмаса комбайндармен жинайды. Тұқымды жинап алғаннан кейін жақсылап тазалайды және 13-14% ылғалдылыққа дейін кептіреді. Тұқымдық материалды жинап алған жылы себуге жіберген дұрыс, өйткені оны сақтаған кезде өнгіштігін азайтады.


жүктеу 0.52 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   132




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет