Шаруашылық маңызы. Сильфияның өнімінің жоғары, көпжылдық дақыл болуына байланысты жас кезінде көк балаусаға пайдалануға, сүрлемге салуға тиімді. Оның сүрлемін әсіресе сауын сиырлар сүйсініп жейді. Сильфияны ерте орған кезде жақсы алшын беріп әрі қарай тез өсіп көк балаусаға және сүрлемге екінші оруға келеді. Бір жерде он жылға дейін өсіп өнімін төмендетпейді. Құрғақ затында протеиннің (16-23%), көмірсуы, каротиннің, С витаминінің және күл элементтерінің (Са, Р т.б.) жоғары болуымен ерекшеленеді. Көк балаусасының өнімінің көрсеткіші жағынан Вейрих тараны мен жер алмұртына қатарлас. Украинада көк балаусасының өнімі (2 рет орғанда) әр гектардан 960-1200 ц. болды. Белоруссияда-300-750 ц/га шамасында болды.
Қазақстан облысында өсірілген сильфияның әр гектарынан 450-500 ц көк балауса жиналды. Ал сол жерде қатар өсірілген жүгерінің өнімі 290 ц/га болды. Қазақстанның оңтүстік-шығыс аймағында суармалы жерде өсірліген сильфия гектарынан 1000-1400 ц дейін көк балауса берді.
Себілген жылы сильфияның жапырағының өнімі әр гектардан 300 ц дейін жетеді. Бірақ оны шауып алу тиімсіз, өйткені келесі жылы сильфияның сабақтануы нашарлап өнімі төмендейді.
Поделитесь с Вашими друзьями: |