Dedot4310-«Дәстүрлі емес дақылдарды өсіру технологиясы» ОҚУ Әдістемелік кешені мамандығы: 6В08171 Агрономия


Қоршаган ортаға қоятын талаптары. Жем-



жүктеу 0.52 Mb.
бет68/132
Дата16.02.2022
өлшемі0.52 Mb.
#17293
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   132
oak agr-18-1 dasturli emes dak ldard osiru tehnologiyas docx
Қоршаган ортаға қоятын талаптары. Жем-шөпке және тұқымға өсіру технологиясы. Сосновский аю балдырғаны көпжылдық балдыркөк тұқымдасына жататын өсімдік. Тамыр жүйесі кіндіктамырлы. Орталық тамыры біржылдық өсімдікте жақсы айқындалған, диаметрі 8 см. Тамыр мойынан 4-5 см төмендеу жерінен орталық тамыры үш-төрт тамыршаларға бөлініп жан-жаққа тарап өседі. Тамырының негізгі бөлігі топырақтың жыртылған қабатында орналасады (0-30 см) да, кейбірі 2 м тереңдікке дейін жетеді. Сабағының биіктігі 3 метрдей және одан биік өседі. Аю балдырғанында бірінші жылы тамырынан жертаған жапырақтар пайда болады. Бірінші негізгі жапырақтары бітік дөңгелекше, одан кейінгісі-қанаттәріздес бөлекше болады. Жапырақтары ірі, көлемі 1 шаршы метрге дейін жетеді.

Гүлшоғыры-күрделі көпжапырақты шатырша. Онда 2-2,5 мыңдай гүлдер орналасқан. Орталық сабағында 30 шақты кішкене шатыршалар орналасады. Гүлінің түсі ақшыл, бесжелекші болып келеді. Айқас тозаңданатын өсімдік. Жемісі-ақшыл-қоңыр, немесе сарғыш түсті тұқымша. Тұқымы ірі, 1000 дәннің массасы 10-15 г. Аю балдырғаны өзінің қысқа, аязға төзімділігімен ерекшеленеді. П.П.Вавиловтың мәліметі бойынша оның жапырағы мен сабағы-5-60С аязға шыдайды, ал өсімдігі қар жамылғысы жақсы болған жылдары-35-400С аязға шыдайды.

Аю балдырғанының қалыпты өскіні күздің соңғы күндерінде сепкенде алынады. Көктемде сепкенде тұқымын себер алдында үш айдай стратификациядан (тұқымның өніп шығуын жеделдету әдісі) өткізеді. Әйтпесе оның өскін беруі өте нашар болады. Бұл әрине орындалуы қиын жұмыс. Сондықтан оның себу мерзімін көктемге қалдырмауға тырысады. Аю балдырғанының алғашқы өскіні өте баяу өседі.

Аю балдырғаны өсімдіктің күздік тобына жатады. Гүлденуі екінші және одан кейінгі жылдары жүреді (яғни танапты жыртып тастағанға дейін 2-ші 11-ші жылдары). Өсімдіктің гүлденуі шілде айына, ал тұқымының пісуі тамыз айының аяғына келеді. Аю балдырғаны құнарлы топырақты сүйетін өсімдік. Ол бейтарап (рН-6-7) топырақта жақсы өседі, тұзды жерлерде өспейді. Бір орында 10-12 жылға дейін өсіп, жақсы өнім береді. Ол біршама жарық сүйгіш өсімдік. Бірақта бірінші жылы көлеңкелі жамылғы себілген танапта шыдап өсе алады. Жамылғы дақыл ретінде сүрлемдік жүгеріні себуге болады. Аю балдырғаны вегетация кезеңінде көк балаусаға екі рет орылады. Бірінші ору маусымның аяқ кезі де, екінші ору-қыркүйектің басы. Өнімнің негізгі массасы (60-70%) бірінші орғанда алынады. Сосновский аю балдырғаны жаңадан жерсіндірілген басқа өсімдіктер сияқты өздігінен тұқым шашып тез көбейіп, танапты ластап жіберуі мүмкін. Сондықтан оның тұқымдыққа қалдырған бөлігін қадағалап, кезінде орып алу керек.

Аю балдырғаны жоғары өнім қалыптастыру үшін топырақ ылғалы жеткілікті болуға тиісті. Құрғақшылық жылдары оның өнімі әжептәуір төмендеп кетеді. Бірақта ол ыза суының топырақ бетіне жақын орналасқанын да қаламайды, ал көктемде танапта су көп тұрып қалған жағдайда өсімдіктер тұншығып өліп қалады. Аю балдырғаны аурулар мен зиянкестерге әжептәуір шыдамды өсімдік. Кейбір кездері жапырақтарында ақ ұнтақ ауруы, бактерия аурулары байқалады. Гүлшоғырында өсімдік биті, қарыққабат көбелегінің жұлдызқұрты кездеседі. Бірақта бұл аурулар мен зиянкестер жаппай кездеспейді.


жүктеу 0.52 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   132




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет