Dedot4310-«Дәстүрлі емес дақылдарды өсіру технологиясы» ОҚУ Әдістемелік кешені мамандығы: 6В08171 Агрономия


Мүйізділотус (Ляденец рогатый, ЬоШ согпісиіаіиъ)



жүктеу 0.52 Mb.
бет63/132
Дата16.02.2022
өлшемі0.52 Mb.
#17293
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   132
oak agr-18-1 dasturli emes dak ldard osiru tehnologiyas docx
Мүйізділотус (Ляденец рогатый, ЬоШ согпісиіаіиъ). Мүйізді лотус көпжылдық бұршақ тқымдасына жататын шөптесін өсімдік (5-сурет). Табиғатта жабайы түрінде Еуропада және Азияда кездеседі. Ұлыбританияда, Францияда, Германияда, Югославияда, Чехияда, Румынияда, Польшада кеңінен тарап өсіріледі. АКДІ-та өткен ғасырдың 30-шы жылдары өсіріле бастады. Осы жерден Канадаға, Бразилияға, Чилиге, Австралияға, Жаңа Зеландияға, Индияға тарады. Ресейге Еуропадан тарады. Қазіргі кезде мүйізді лотус Ресейдің, Украинаның, Белоруссияның, Балтық бойының, көпшілік шаруашылықгарында өсіріледі. Осы елдерде оның жаңа сорттары шығарылып өндіріске енгізілді. Мынадай сорттарын атауға болады: Гельсвис, Московский-25, Дединовский, Московский 287, Гатчинский.

Мүйізді лотустың жаңа сорттары басқа елдерде де шығарылған. АКДІ-та шығарылған сорттары: ерте пісетін - Викинг, Менсфильд, Грейнджер, Каскад, Фергус, Тана; кеш пісетін - Эмпайэр, Даун, Кэррол, Лео және т.б. Канадада кең тараған сорттар - Мейтленд, Кри, А-Синтетик; Жаңа Зеландияда - Грасслендс-4703, Гресслендс-4712, Греслендс Маку; Нидерландыда - Орсечи және Г.Кескенилевелу; Данияда - Етофе жөне Роскильде; Италияда - Малеевски, ' Вигласски және Табарски; Польшада - Пулавеки жөне Бурэстин; Румынияда - Де Трансильвания сорттары.



5-сурет. Мүйізді лотус. 1,2-өсімдіктің толық өскіні және гүлдену

жеміс салу кезеңі. 3 гүлшоғыры мен түк;ымы бар өркенінің бөлігі;

4-гүлі; 5-жемісі, бүршаккыны; 6-тұқымы (сол жактаүлкейтілген)

Қазақстанға мүйізді лотус Ресейден өткен ғасырдың 60-жылдары әкелініп зерттеле бастады. Көпжылдық зерттеулердің нәтижесінде мүйізді лотустың табиғи шалғындықтарды, әсіресе өзен алқаптарын және су жайылатьш лимандарды жақсартуға өте маңызды жөне тиімді бұршақ тұқымдас өсімдік екені анықтадды (Әубөкіров К, 2002 ж.). Мүйізді лотус мөдени мал азықтық дақыл ретінде АКДІ пен Канададан басқа еддерде әлі кеңінен тарамаған. Бүл еддерде ол мәдени жайылымдарда кеңінен өсіріледі.

Шаруашылық маңызы. Мүйізді лотус бұршақ тұқымдас өсімдік ретінде топырақты жылжымалы азотпен байытып және тамыр жүйесінің жақсы дамуына байланысты оның кұрыдымын жақсартады. Сол себепті ол көпшілік астық тұ-қымдастарға жақсы алғы дақыл болады. Мүйізді лотусты көбінесе шөп қоспаларымен араластырып мәдени жайылымдарға сеуіп мал жайылымына пайдаланады.

Ахтық тұқымдастарымен қосып мәдени шалғындықтар жасайды шөп ұнын және шөп түйіршіктерін жасайды. Вегетация кезеңінде мөдени жайылымдар мен шалғындықтарды 2-3 рет оруға болады. Ол егістікте 6-10 жылға дейін сақталып өнімін төмендетпейді. Мүйізді лотус құрамындағы қоректік затының мөлшері жағынан жоңышка мен бедеден кем түспейді. Солтүстік-Батыс ауыл шаруашылық ғылыми зерттеу институтының (Петербург обл.) мәліметтері бойынша мүйізді лотустың Гатчинский сортының бірінші орылған өнімінің құрғақ массасыңда 14,0% бел.ок бар, ал бедеде 14,28%, жоңышқада 13,47% болған.



Мүйізді лотустың гүлденген кезінде жинаған көк балаусасының химиялыққүрамы мынадай: су - 71,3%, протеин - 5,3, белок - 4,8, май - 0,8, клетчатка - 6,8, күл - 3,2 және азотсыз экстрактивті зат - 12,6%. Қорытылу коэффициенттері де жоғары - 65-72.100 кг көк балаусасында 23,4 азықтық өлшем және 3,8 кг қорытылатын протеин бар. Бір азықтықөлшемге 162 г қорытылатын протеин келеді. Құрамындагы минерал заттары мен көмірсулары мөлшері жағыңан басқа бұршақ тұқымдас шөптерден кем түспейді. Оның көк балаусасында А, В, С, Д витаминдері кездеседі. Мәскеу облысында шабылған мүйізді лотуетың 1 кг көк балаусасында 44-72 мг каротин болса, жоңьппқаның көрсеткіші 38-64 мг ғана болған. Мүйізді лотустың көк балаусасы мен пішенін барлық маддың түрлері сүйсініп жейді. Көк шөбімен қоректенген малда (мәдени жайылымдарда) тимпания және метеоризм болмайды. Вегетация кезінде мүйізді лотусты кем дегеңде 2 рет оруға болады. Бірінші ору өсімдік гүлденген кезінде, екінші ору толық шанақтанып гүлдей бастағанда өтеді. Және де бүл өсімдікті сүрлем салуға да жақсы пайдалануға болады.Мүйізді лотустың өнімі сортына байланысты әртүрлі болып келеді. АҚШ-та (Мичиган штаты) сортына байланысты әр гектарынан 67-100 ц аралығында пішен шабылған. Алабама штатында 90 ц/га пішең жиналған. Ленинград облысында Кубанский 44 сортынан гектарынан 156-239ц қөк балауса жиналған. ВНИИК-тің (Москва облысы) мәліметі бойынша бірінші пайдаланған жылы әр гектардан 67 ц екінші жылы -31,0 ц пішен жиналған. Ресейдің орталық ғылыми-зерттеу мекемелерінің мәліметіне карағанда бес жыл бойы пайдаланып жиналған өнімнің жалпы мөлшері сол аралыкта жиналған жоңышқаның өнімімен бірдей болып, эспарцеттің өнімінен жоғары болған. Тұқымының өнімі 1,5-2,0 ц/га.

Мүйізді лотусты көбінесе астық тұқымдастарымен шөп қоспаларында пайдаланып өсірген өте тиімті екенін көрсетті. Мысалы, АҚПІ-та оны субидайық, жиматарғақ және қылтықсыз арпабаспен қосып себеді. Ат қүнарлығы төмен ылғалды өзен жағалауларыңда шалғындық бетегемен қосып себеді. Кентукки штатында мүйізді лотусты құрақ ұқсас субидайығымен және шалғыңдық қоңырбаспен қосып себеді. КанзаС штатында мүйізді лотусты қылтықсыз арпабаспен, құрақ ұқсас субидайығымең, құрақүқсас бетегемен қосып себу ұсынылған. Осындай шөп қоспаларынан өр жылдың ауа райына байланЫсты гекгарынан 67,4-84,0 ц пішен жиналған.

Еуропада мүйізді лотусты тау беткейлерін жақсартқанда, лгоп қоспаларында пайдаланып себеді. Югославияның таулы аймақтарында мүйізді лотус пен жиматарғақтың қоспалары үш жылда әр гектардан 280 ц-ге дейін өнім береді. Оның біріяші жылынан 8 ц, екінші жылынан 16 ц протеин жиналды. Шөп қоспасында 35% мүйізді лотус 65% жиматарғақ болды. Болгарияда тау беткейлерінде мәдени шабындық пен жайьиымдар жасау үшін шөп қоспаларында мүйізді лотустың үлесі 30% болуы ұсынылған (басқа құрамы -жоңышқа 30%, қылтықсыз арпабас 20%, жима тарғақ 20%). Италияның құрғақ таулы Аппенин жағдайында мүйізді лотус, құрақ ұқсас субидайығымен шөп қоспасыңда бес жылда жалпы 478 ц/га пішен берген. Оның құрамында мүйізді лотустың үлесі 26% құраған.

Румынияда ферма маңындағы мәдени жайылымдарға себілетін шөп қоспаларына мүйізді лотусты пайдалану ұсынылған. Германияда мәдени шабындықтардың жалпы көлемінің төрттен бірінде шөп қоспаларына мүйізді лотусты енгізген.



Казақстаңда өзен алқаптары мен су жайылатын лимандарда мәдени шабындықтарға мүйізді лотусты құрақ ұқсас субидайығы, шалғындық бетеге, қылтықсыз арпабас қоспаларымен сепкенде гектарынан 25-45 ц-ге дейін пішен жиналды. Алматы облысының таулы аймақтарында мүйізді лотусты жиматарғақпен және атқонақпен қосып сепкенде гектарынан 40 ц-ге дейін пішен жиналды.


жүктеу 0.52 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   132




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет