Dedot4310-«Дәстүрлі емес дақылдарды өсіру технологиясы» ОҚУ Әдістемелік кешені мамандығы: 6В08171 Агрономия


Морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері



жүктеу 0.52 Mb.
бет58/132
Дата16.02.2022
өлшемі0.52 Mb.
#17293
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   132
oak agr-18-1 dasturli emes dak ldard osiru tehnologiyas docx
Морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері. Ноқат көптеген түрлерді біріктіреді, олардың ішінде кең тарағаны мәдени ноқат (cіcerarіetіnum) бір жылдық өсімдік. Сабағы қырлы, тік өседі, жақсы бұтақтанған, биіктігі 30-60 см, жапырылмайды. Тамыр жүйесі кіндікті. Тамырындағы азот жинайтын түйнек бактериялары 3-4 жапырақ шыққанда пайда болады, ал гүлдеген кезеңінде ең жоғарғы деңгейге жетіп, ауадан азот сіңіру процесіне қатысады. Бұл түйнектер топырақтың беткі қабатындағы (0-20 см) тамыр жүйесінде мол болады. Жапырақтары дара қауырсынды әрі түкпен көмкерліген, 11-17 эллипске ұқсас жапырақшасы болады. Сабағын, жапырағын және дән жарнақшаларын қою түктер басып тұрады. Ол түкшелерден алма, лимон, қымыздық қышқылдары бөлінеді.

Гүл шоғырлары ақ, сары, күрең және қызғылттау болады. Ақ гүлдіден-сарғылт дәнді, ал басқа түрлерінен қоңыр түсті дәнді өсімдіктер шығады. Қоңыр түсті дәндерді малға, құсқа азық ретінде пайдаланады. Тұқымы бұрышты-сопақ пішінді “тұмсықты” болады. Ноқаттың қойбас бұршақ деп аталуы содан да болар. Дәннің беті тегіс, кейде қатпарланған. Ұсақ бұршақты түрлерінің 1000 дәнінің салмағы 60-100 г., ал ірі дәнді түрлерінің салмағы 400-500г дейін болады. Қазақстанда аудандастырылған ноқат сорттарының 1000 дәнінің салмағы 200-350 г шамасында. Ноқатта адамға және мал организіміне өте қажетті амин қышқылдары мөлшері (тиразин, триптофан, лизин т.б.) жөнінен басқа бұршақ дақылдарынан кем түспейді. Оның дәнінде 50 пайыздан астам амин қышқылдары кездеседі. Ноқат өте жоғары белокті жемшөп ретінде жүгері немесе арпа дәндерімен араластырып малға беріледі. Сонда сауын сиырлардың сүттілігі, тауықтардың жұмыртқалағыштығы артады. Малға азық ретінде ноқаттың сабанын да береді. Оны ұсақтап, булап берген пайдалы. Ноқат сабанында 5,5% белок, 43,3 азотсыз экстрактивті заттар, 45,1% клетчатка және 6,9% күл бар. Ноқат жылу сүйгіш өсімдік. Сонымен бірге суыққа да өте төзімді. Оның тұқымы топырақ қабатының жылылғы +2-50С болған кезде өсіп-өне бастайды, ал өскіні көктемгі-110С дейінгі үсікке шыдайды. Ноқат құрғақшылыққа және ыстыққа өте төзімді дақыл. Жаңбырлы және жаз айларының салқын жылдары ноқаттың көпшілік сорттары әртүрлі саңырауқұлақ ауруларымен (аскохитоз, фузариоз т.б.) залалданады, және де өсімдіктің тозаңдануы, тұқым салуы төмендейді. Ноқаттың көпшілік сорттарының піскен бұршақтары шашылуға бейім болады.



Ноқат топырақ талғамайтын дақыл. Ол құмды және жеңіл сұр топырақты жерлерде жақсы өседі. Ауыр топырақты жерлерде сабақтары, бұтақшалары іріленіп, гүлдеу кезеңі ұзарады да, дәнінің өсіп-жетілуі нашарлайды. Топырақтың реакциясының бейтарап немесе әлсіз сілтілеу болғаны жөн. Ноқатты қуаңшылық аудандарда еккен тиімді. Қазақстанда ноқаттың Юбилейный, Краснокутский 123, Волгоградский 10, Кинельский 17 сияқты аудандастырылған және келешегі бар сорттары өсіріледі.


жүктеу 0.52 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   132




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет