Dedot4310-«Дәстүрлі емес дақылдарды өсіру технологиясы» ОҚУ Әдістемелік кешені мамандығы: 6В08171 Агрономия



жүктеу 0.52 Mb.
бет46/132
Дата16.02.2022
өлшемі0.52 Mb.
#17293
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   132
oak agr-18-1 dasturli emes dak ldard osiru tehnologiyas docx
Дәріс №15-16
Мал азықтық бұршақ тұқымдастар. Шығыстың ешкі шөбі (Козлятник восточный, Geleda orіcntalіs).
Жоспары:

  1. Ботаникалық және биологиялық ерекшелігі.

  2. Өсіру агротехникасы.

Шығыстың ешкі шөбі туралы алғашқы мағлұматтар оның емдік және сәндік қасиеттеірне арналды. Германияда, Францияда 17 ғасырдың орта кезінен бастап дәрілік галеганы халық медицинасына пайдалана бастаған. Италияда оның көк балаусасын салатқа қосып пайдаланғанда жас аналардың сүті молайғаны байқалған. Сондықтан да оның грекше атауы “гала сүт және “агеин” әсер ету болып тегін аталмаса керек. Яғни сүт қосатын өсімдік деп аталған. Шығыстың ешкі шөбінің ашық гүлдерінің көп және ірі болуына байланысты оның жоңышқаға, бедеге қарағанда бал жинағыш қасиетінің жоғары екені көптеген бақылаулардан белгілі болды. Бірақта шығыстың ешкі шөбінің басты ерекшелігі оның мал азықтық қасиетінің жоғары болуында. Кавказда шығыстың ешкі шөбінің табиғи шалғындығын ертеден пішен дайындауға және жайылымға пайдаланған. Ал Европада бұдан 200 жылдай бұрын ешкі шөбін мал азығына пайдалана бастаған. Әсіресе шығыстың ешкі шөбінің бір ерекшелігі, оның көк балаусасымен малды ерте көктемнен бастап азықтандыруға болатындығында.

Шығыстың ешкі шөбінің мал азықтық маңызын оның бұршақ тұқымдасына жататынынан-ақ аңғаруға болады. Оның көк балаусасы мен пішенінің биохимиялық ерекшеліктерін зерттей келгенде ондағы қоректік заттар мен протеиннің мөлшері жоңышқа мен бедеден асып түсетіні анықталды. Бұл дақылдың мал азықтық қасиеті барлық вегетациялық кезеңде де төмендемейтіні белгілі. Мысалы оның тұқымын жинап алғаннан кейінгі қалған сабанында мал азықтық қасиеті және қоректілігі жақсы сақталады.

Шығыстың ешкі шөбінің ерте фазада жинап алған көк балаусасы өте бағалы мал азығы болып есептеледі де ондағы протеиннің мөлшері жағынан белоктық құрама жемдерден кем түспейді. Малға мамыр айында берген көк азығының құрғақ затында протеиннің мөлшері 40% дейін болады. Содан кейін протеин мөлшері ептеп төмендейді де гүлдеген кезінде 25-30% (құрғақ затында) құрайды. Егер әр гектардан алынатын протеин өнімін есептейтін болсақ ол 20-30 ц шамасында болады. Және де ешкі шөбінің пішені мен сүрлемінің қоректік затының қорытылу коэффициенті де жоғары: протеиндікі 67-76%, белоктікі –65-75%, майдікі-45-55%, клетчатканыкі-48-51% және азотсыз экстрактивті заттыкі-65-81% шамасында. Шығыстың ешкі шөбінің 100 кг көк балаусасында 20-28 азықтық өлшем және 3,0-3,5 кг қорытылатын протеин болады, немесе бір азықтық өлшемге 115-158 г. қорытылатын протеин келеді. 100 кг сүрлемінде 20-22 азықтық өлшем, ал пішенінде-50-60 азықтық өлшем болады. Шығыстың ешкі шөбін кептірген күйінде барлық малдар, әсіресе жылқы малы сүйсініп жейді. Шығыстың ешкі шөбін сүрлемге астық тұқымдас шөптермен қосып салған өте тиімді. Өйткені оның құрамында калий мөлшері аздау 4-5% шамасында болады да белоктың мөлшері жоғары болады. Сондықтан оны шалғындық атқонақпен, субидайықпен, не болмаса қылтықсыз арпабаспен араластырып сүрлемге салса оның сапасы мен желінуі күрт артады. Шығыстың ешкі шөбінің көк балаусасы шөп ұнтағын, пішен ұнтағын, түйіршіктерін, брикеттерін жасайтын бағалы шикізат ретінде белгілі. Мал азығының осы түрлерін құрама жемге араластырып шошқаға, құсқа, ірі қара малға берген өте тиімді екенін көрсетті.

Қорыта келгенде өзінің мал азықтық маңызы жағынан шығыстың ешкі шөбі бедеден, жоңышқадан, түйе жоңышқадан және басқа да бұршақ тұқымдас дақылдардан асып түседі. Және де шығыстың ешкі шөбі бұл дақылдарға қарағанда шаруашылықта пайдалану мерзімімен де ерекшеленеді. Сондықтан мал азығы өндірісінде ол негізгі қосымша дақыл ретінде пайдалануға да ыңғайлы болып есептеледі.

Шығыстың ешкі шөбінің мал азықтық маңызымен бірге оның агротехникалық маңызы да жоғары. Мысалы, ол жыртынды қабатында әр гектарда 200-250 ц дейін тамырлары және түбірлерін қалдырып топырақты азотпен байытып келесі себілетін дақылға жақсы алғы дақыл болады. Бірақта шығыстың ешкі шөбін жан-жақты зерттеу жұмыстары 1932 жылдан Бүкілодақтық мал азығын зерттеу институтында (ВИК) бастау алады (С.Н.Симонов). Шығыстың ешкі шөбін зерттеу жұмыстары институтта осы күнге дейін жалғасып келеді.

Қазақстанға шығыстың ешкі шөбі өткен ғасырдың 70-ші жылдары әкелініп зерттеле бастады. Алғашқы зерттеу жұмыстары Бүкілодақтық астық зерттеу институтында (Ақмола) және Қазақтың ауылшаруашылық институтында жүргізілді. Қазір зерттеу жұмыстары Қазақтың ұлттық аграрлық университетінде жалғасуда.


жүктеу 0.52 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   132




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет