Ерте янтарь 161. 1962 жылдан бастап Қазақстанның батыс, шығыс және солтүстік облыстарында аудандастырылған. Жүгерінің ВҒЗИ-ң Синельковтық тәжірибелік станциясында жасалған. Биік өседі. Қолайлы жағдайларда 2,8 м-ге жетеді. Жапырақтануы мен түптілігі орташа. Сабақтарының шырынында 13-15% қант болады. Шашақгүл тіктелген, тармақтала-сығылған, ұзынша жұмыртқа типтес формада. Дәні – ұсақ, ашық қоңыр түсті, тез ұнтақталады, дәмі – ащы. Қабықшасыз 1000 дәннің салмағы – 16-20 кг. Дәннің жемшөптік сапасы жақсы. Орташа кеш піседі. Себуден дәннің пісуіне дейінгі өсу кезеңінің ұзақтығы – 110-125 күн, сүрлемге жинауға дейін – 110-115 күн.
Сорт құрғақшылыққа төзімді. Қостанай облысының сорттық участоктарында көк балаусасының өнімділігі 247 ц/га (225 ... 270) және құрғақ затыныкі – 59,7 ц/га-ды (40,5 ... 78,9) құрады. Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстарында сүрлемге аудандастырылған.
Кинельдік 3. Кинель селекциялық станциясында Ерте янтарь 161 сортынан жеке іріктеу арқылы алынған.
Орташа ұзындықтағы өсімдік. Қолайлы жағдайларда 2,5 м-ге жетеді, түптілігі мен жапырақтылығы – орташа. Жасушалық шырындағы қант мөлшері – 16,2%. Көк балауса таза күйінде және басқа қиын сүрлемделетін дақылдармен қоспада сүрлемделеді. Көк балаусаның жемшөптік сапасы жақсы. Себуден дәннің пісуіне дейінгі өсу кезеңінің ұзақтығы – 95-105 күн. Павлодар облысында сүрлемге аудандастырылған. Павлодар облысының оңтүстік зоналарының жағдайында дәнге піседі. Сынақ жылдарында көк балаусаның өнімділігі – 187 ц/га құрады.
Поделитесь с Вашими друзьями: |