Dedot4310-«Дәстүрлі емес дақылдарды өсіру технологиясы» ОҚУ Әдістемелік кешені мамандығы: 6В08171 Агрономия


Бал құмайды аралас егуде және сүрлемдік конвейерде егіп өсіру



жүктеу 0.52 Mb.
бет40/132
Дата16.02.2022
өлшемі0.52 Mb.
#17293
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   132
oak agr-18-1 dasturli emes dak ldard osiru tehnologiyas docx
Бал құмайды аралас егуде және сүрлемдік конвейерде егіп өсіру. Бал құмайдың тамыр жүйесінің шағын болып қалыптасуы, ауданы бойынша шамалы болып, тереңге сіңетіндігі басқа дақылдармен араластырып егуде жағымды қасиет болып табылады. Аралас егуге құмайдың жаздың бірінші жартысындағы баяу дамуы да жағдай жасайды, өйткені бұл кезде басқа дақылдар өнімін интенсивті арттырып, қоректік заттарды көп қажет етеді.
5 – кесте. Сүрлемдік дақылдардың орналасуының олардың өнімділігіне әсері, ц/га


Себулердің орналасу тәсілдері

Зерттеу кезеңі

1993ж

1994ж

1995ж

1996ж

1993-1996ж

Көк балауса

Құмай, жеке себу

334

356

180

159

257

Жүгері, жеке себу

313

353

143

170

244

Құмай+жүгері, қатар аралық себу

355

397

165

162

270

НСР05

14,0

21,1

16,9

20,3




Абсолютті құрғақ зат

Құмай, жеке себу

50,8

60,6

47,5

35,1

48,5

Жүгері, жеке себу

66,6

53,6

32,0

44,4

49,1

Құмай+жүгері, қатар аралық себу

75,7

65,8

56,0

52,3

62,4

НСР05

2,8

4,1

4,3

5,0



Қостанай облысының далалық зонасындағы тәжірибелерде (В.А.Мельников, 1995) таза құмайдың өзін егуден гөрі оның жемшөп дақылдарымен аралас егілген егістерінің артықшылықтары көрсетілген. Қоспалардың өнімділігі таза құмай өнімділігінен 20 ... 25%-ға артық болған. Қортылатын протеинмен ең үлкен қамтылуына астық және бұршақ тұқымдастардың бірдей қатынасында (50:50) қол жеткізілген.

Таза күйде егілген әр компонентпен салыстырғанда, өнімділіктің артуымен қатар, аралас егістер жоғары сапалы сүрлем дайындауға жарайтын құрғақ заттың стандартты концентрациясы бар биожиынтық береді. Көкшетау ауыл шаруашылық ҒЗИ мәліметтері бойынша (Е.Д.Оспанов, 1996), бал құмайдың итқонақпен және судан шөбімен араласқан егістерінде абсолютті құрғақ заттың мөлшері бал құмайдың жеке егісінен едәуір артық болған.

Ғылыми және өндірістік тәжірибе бал құмайдың жүгерімен аралас егістерінің жоғары тиімділігін растайды. Жүгеріге қарағанда қуаңшылыққа төзімді болғандықтан құмай құрғақшылық жылдарында жүгеріде жетпеген өнімнің орнын толтырады. Жүгерінің бал құмаймен аралас себулерінің агротехникасының бал құмайдың жеке себілу агротехникасынан айырмашылығы жоқ. Жүгері мен бал құмайды себуді себу нормаларына сәйкес жүргізіп, сабақ жиілігінің арасын сәйкесінше 1 га-ға 60 және 100 мың етіп қамтамасыз етеді. Аралас егістерге сүрлемдік конвейердің жалпы ауданының 20%-н ғана алуға болады, өйткені оларды жинау ең соңғы мезгілдерде жүргізіледі.

Соңғы уақытқа дейін сүрлем дайындау жүгеріні егіп өсіруге негізделіп келді, ол өз кезегінде дара дақыл4 ретінде жыл сайын тұрақты өнімді қамтамасыз ете алмады. Жүгерімен салыстырғанда бал құмай температураның жоғарылауынан болатын өте қуаңшылықты жылдарда өте жақсы өнім береді. Сондықтан да соңғы жылдары Солтүстік Қазақстанда, жеке жағдайда, шоқылы-жазықты зонада, бал құмайды сүрлемдік конвейерді тұйықтайтын дақыл ретінде өсіре бастады (И.Ф.Костиков, 2000).

Эксперименттік мәліметтер (6 кесте) мұндай ковейердің ауыспалы егіншілік ауданының өнімділігі әр дақылдың төтенше ауа-райы жағдайларына қарсы тұру биологиялық ерекшеліктерін пайдалану есебінен артатынын дәлелдейді.

Сүрлемдік конвейерді құраушы дақылдар бірдей аудандарды алып жатпай қандай да бір болатын ауа-райының жағдайына байланысты таралатын болса, оның өнімділігін едәуір өсіруге болады. Мысалы, шоқылы-жазық зонадағы күн белсенділігінің және күзгі суықтардың кеш түсуінің жылдарының саны 30 жылдың 8-н құрады (1961-1990жж). Яғни, сүрлемдік конвейерде жүгері мен күнбағысқа қолайсыз жылдар жиілігіне сәйкес бал құмайға 26%-ды қалдырған дұрыс.
6 – кесте. Конвейерлік өндірістегі сүрлемдік дақылдардың өнімділігі


Дақыл және жинау мерзімі

Өнімді есепке алу күні

Ылғалдылық, %

Абсолютті құрғақ заттың өнімділігі ц/га

1га шығымы, ц

Жемшөп бірліктері

Қортылатын протеин

Жүгері (бақылау)

Жүгері

Орта есеппен

Жинау басында

Жинау соңында

НСР05


20-22 VIII

3-5 IX


79,0


72,5

50,0
39,1

61,3


4,0

47,1
34,2

58,2


4,0
3,1

4,3


Сүрлемдік конвейер

Жүгері

Күнбағыс


Бал құмай

Орта есеппен

НСР05


25-27 VIII

18-20VIII

3-5 IX


73,9

75,5


75,2

56,1

55,4


50,3

55,2


3,1

51,2

50,2


50,3

50,6



4,4

6,2


5,3

5,0



жүктеу 0.52 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   132




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет