Dedot4310-«Дәстүрлі емес дақылдарды өсіру технологиясы» ОҚУ Әдістемелік кешені мамандығы: 6В08171 Агрономия



жүктеу 0.52 Mb.
бет38/132
Дата16.02.2022
өлшемі0.52 Mb.
#17293
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   132
oak agr-18-1 dasturli emes dak ldard osiru tehnologiyas docx
Биологиялық ерекшеліктері. Бал құмай – жаздық типтегі біржылдық өсімдік. Өсімдік өсіп дамуында мына негізгі фазалар айрықшаланады: өскіндер, 3-4 жапырақ, түптену, түтіктеніп өсу, шашақгүл шығару, гүлдеу және пісу (сүттеніп, балауызданып, толық пісу).

Сортына (буданына) және өсіру жағдайларына қарай оның өсу мерзімі 95 ... 100 күннен бастап 120 күнге дейін созылады. Т.С.Рахимбеков және А.С.Каракальчевтың (1988) классификациясына сәйкес өсу мерзімінің ұзақтығы тез пісетін сорттарда 95 ... 105 күн, орташа пісетіндерде – 106 ... 120 аралығында, кеш пісетіндердікі – 120 күннен артық. Алайда солтүстік Қазақстан зерттеушілерінің жұмыстарында (Б.Г.Рамазанов, 1975; И.Ф.Костиков және басқалар, 1998; В.С.Горбуля, 2001) өсу мерзімі тек температуралар қосындысы мен күндер санынан ғана емес, себудің түрлі мерзімдерінен және егіп өсірудің ауыл шаруашылық зонасынан тәуелділігін анықтады. Пікірлердің әр түрлілігіне қарамастан, олардың барлығы мына тұжырымдарда түйіседі: фаза аралық кезеңдердің ұзақтығы температуралық режиммен, ал «өскіндер-түптену» және «шашақтану – сүттеніп пісу» кезеңдерінің ұзақтығы жауын-шашын мөлшерімен анықталады. Қазақстанның ауыл шаруашылық зоналарына келесі классификацияны пайдалануға болады (3 кесте).

3 – кесте. Тез пісу белгісі бойынша бал құмайдың жіктелуі


Тез пісу типі

Жапырақ саны, бірл.

Температуралар қосындысы (өскіндер – сүт.бал.пісу), С0

Қолдануға жіберілген сорт (будан)

Белсенді (+100С артық)

Тиімді

Ерте пісетін

8-ге дейін

1900 ... 2000

500-ге дейін

-

Орташа ерте

9 ... 10

2000 ... 2300

510 ... 550

Кинельское 3

Орташа пісетін

11 ... 14

2300 ... 2500

560 ... 600

Алма-Атинский 81

Орташа кеш

15 ... 18

2500 ... 2800

610 ... 650

Ерте янтарь 161

Едәуір кеш пісетін типтердің температураларының қосындысы Солтүстік Қазақстанның агроклиматтық ресурстарының шегінен шығып кетеді.

Бұл жіктеу салыстырмалы болып табылады. Бұл біріншіден, бал құмай селекциясының сәттілігімен және қолдануға ұсынылған сорттар мен будандарды олардан да айрықшаларымен алмастырумен байланысты. Тез пісудің белгісі сорттың жапырақтарының санымен анықталады. Әр жапырақтың құрылуы үшін, тамыр орналасқан қабатта толық егістік ылғал сыйымдылықтың 60 ... 70% болған жағдайда, 130 ... 1600С белсенді температуралар қажет деп есептеледі. Өскіндер пайда болу үшін дәл осындай ылғалмен қамтылу жағдайында 160 ... 1800С белсенді температуралар немесе 10 ... 12 күн қажет.

Бал құмайдың басты тамыры жоқ. Жаз соңында өсімдіктер жіпшелері мен тамыр түйіндері өте көп, қарқынмен дамыған тамырлық жүйесін дамытады, және сол арқылы топырақтың ылғалы мен онда еріген минералды заттарды жақсы қолдана алады. Қоректік заттарды сорушы қызметті атқаратын тамырдың негізгі бөліктері топырақ бетінен 80 см қашықтықта және одан терең орналасқан. Осының салдарынан бал құмай топырақ көкжиектерінен басқа дақылдық өсімдіктер ала алмайтын ылғал мен қоректік заттарды алуға мүмкіндік алады.

И.О.Байтуллиннің (1976) қара-талшын топырақтарды суландыру жағдайында және де тәлімі жерде жасаған зерттеулерінің нәтижесінде жинақталған үлкен эксперименталды материал бал құмайдың тамыр жүйесінің дамуының ерекшеліктерін толық сипаттайды. Өсу мерзімінің басында, алғашқы 30-40 күнде, бал құмайдың тамыр жүйесінің өсуі өте қарқынды жүретіні анықталды: өскіннің пайда болу уақытына қарай тамырша 20-25мс тереңдікке дейін кіреді, ал 4-5 жапырақ фазасында тамырлар едәуір ұзын болады және 50см –ден астам тереңдіктен өсімдікті қоректік элементтер және ылғалмен қамтамасыз етеді. Дәл осындай нәтижелер Солтүстік Кавказда (П.М.Шорин, 1981; В.В.Метлин, 1988) жасалған зерттеулерде де алынған. Бұл ерекшелікті сүрлемдік дақылдардың топырақтық профильді түрлі тереңдікте пайдалануға бағытталған бірлескен егістерінде пайдалана бастады.

Тамыр жүйесінің басқа ерекшелігі – орып алудан кейін көрпекөктің өсуін қамтамасыз ететін ұзақ өміршеңдігі. Бал құмай құрғақшылыққа өте төзімді өсімдік болып табылады. Оның жапырақтары өз құрылымдарының арқасында жоғары температуралар мен ауаның құрғақтығын жақсы көтереді. Басқа дақылдармен салыстырғанда оның тұқымдары топырақтың ең аз ылғалдылығында өне алады: олардың бөртуі үшін тұқымның жалпы салмағынан тек 25% құрайтын суды қажет етеді. Жүгері үшін бұл минимум - 40%-ды, ал бидай үшін – 55-60%-ды құрайды. Бал құмайдың ең көп су қажет ететін кезеңі түтіктеніп өсуден сүтті-балауызданып пісуге дейін жалғасады.

Су пайдалану жиынтығы (транспирация және топырақ бетінен булану) бал құмайды сүрлем өндірумен айналысатын көптеген аудандарда «сақтандырушы» дақыл ретінде пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл барлық жылдары, тіпті ерекше қуаңшылық жылдары кепілдендірілген жоғары өнім алуға жол ашады. Барлық географиялық аймақтарға тән құрғақ және қуаң ауыл шаруашылық зоналарда сүрлемдік дақылдардың ішінде, құмай-судандық буданды есептемегенде, бал құмай ең жоғары өнім береді.

Батыс Сібірдің оңтүстік орманды-далалы зонасындағы зерттеулерде (В.Д.Васильевский, 1990) бал құмайдың өнімділігі және 10 маусым-10 тамыз аралығындағы жауын-шашын арасында (яғни түтіктеніп өсуден шашақтануға дейін ) ара қатынастың барын анықтады.

Қазақстан жағдайында бұл кезең жауын-шашын түсудің шілделік максимумына дәл келеді. 1ц абсолютті құрғақ затты қалыптастыруға салыстырмалы түрде үнемді ылғал жұмсап, бал құмай өніммен бірге аудан бірлігінен ылғалдың едәуір мөлшерін алып шығады. Бұның мәнісі мынада, оның 1 га-дан шығатын абсолютті құрғақ затының шығымы суарылмайтын егіншілік жағдайында дәнді дақылдардың өнімінен 2,0 ... 2,5 есе асады. Сондықтан да бал құмай өз өнімімен барлық ылғалды жинап, сақтауға қатысты агро тәсілдердің орнын толтырады.

Бал құмай жылуды жоғары қолдануымен ерекшеленіп, тек құрғақшылыққа төзімді ғана емес, ыстыққа да төзімді дақыл болып табылады. Бал құмайдың ең тез пісетін сорттарына егуден пісуге дейін 2400 ... 26000 +100С-ден артық белсенді температуралар қажет, ал аймақтағы едәуір жылумен қамтылған Павлодар облысының оңтүстігі мен Ақмола облысындағы (бұрынғы Торғай облысы) егіншілік аудандарда белсенді температуралар саны 2300 ...24000-ты құрайды. Сондықтан да бал құмайды егіп өсіру толық пісіп жетілетін Қазақстанның оңтүстік облыстарынан алынатын шеттен жеткізілген тұқымдар негізінде жүргізіледі.

Тұқымның өнуі +8 ... +100С температурада басталады, алайда өсу мен дамудың қажетті температурасы +26 ... +280С шегінде, ал ассимиляцияның жоғарғы шегі +400С-де белгіленеді.

Қуатты және тереңге сіңген тамыр жүйесінің арқасында аңызақ кезеңінде ешқашан анабиоз3 жағдайы байқалмаған. Солтүстік Қазақстанда шілде-тамыз айларында белсенді жел режимінде, топырақ және ауаның құрғақшылығы негізінде, +250С –ден жоғары температурада негізгі сүрлемдік дақылдар – жүгері мен күнбағыста жапырақтардың бүріспесі мен қурауы байқалып, ассимиляция үрдісі мүлдем тоқтайды. Аңызағы бар күндердің саны 2-ден 8-ге дейін жетіп, ауыл шаруашылық зона мен нақты жылдың жағдайларына тәуелді болады. Бал құмай өсімдіктері +28 ... +320С температурада, басқа сүрлемдік дақылдардың өсімі температуралар әсерінен тоқтап, тіпті қайтпайтын үрдіске жететін төтенше жағдайларда ассимиляциясын жалғастырады. Қазақстанда егілетін өсімдіктер арасында осы қасиеті бойынша оған тең келетін өсімдік жоқ. Құрғақшылыққа және қуаңшылыққа төзімділігін ғалымдар оның экваториалды Африкадан шығу тегімен байланыстырады. Сонымен қатар құрғақшылыққа төзімділіктің қатаң селекциясын бал құмай Қытайда, Үндістанда және де Орталық Азияда өтті. Мұнда бал құмай дақылы бірнеше ғасырдан бері белгілі болып келген.

Бал құмай өсімдіктерінің маңызды биологиялық ерекшеліктері олардың жақсы көктеуі немесе түптелу қабілеті. Біржылдық жемшөп дақылдары ішінде ол ең жақсы түптелу қабілетімен ерекшеленіп, тек судан шөбінен қалыс қалады. 12 см-ден кем емес биіктікте орғаннан кейінгі қолайлы жағдайларда немесе жануарлармен дұрыс басылғаннан кейін бал құмай өсі кезеңінде 2-3 толық ору немесе көк балауса береді. Түп энергиясы қоректену ауданына, топырақтың ылғалмен және қоректік элементтермен қамтылуына және ең бастысы – азотпен қамтылуына тәуелді. Қазақстанде егетін басқа жемшөп дақылдарымен салыстырғанда бал құмай топырақ талғамайды. Ол жеңіл топырақта, сонымен қатар ауыр және сазды, тіпті тұзды топырақта да өніп, жақсы өнім береді. Алайда ол батпақты топырақты көтермейді, жақын маңайында ыза сулары бар және қышқылды топырақта нашар өседі.

Бал құмай басқа егіс дақылдарына қарағанда топырақтағы тұздердің жоғары концентрациясын жақсы көтеретіндіктен, ол тұзды топырақтарды игерудегі ең бағалы өсімдіктердің бірі болып саналады.

БДШҒЗИ-ы Қазақстанның далалы зонасының шалғынды-сортаң топырақтарында жасаған жемшөп дақылдарының тұздануға төзімділігін зерттеу тәжірибелерінде бал құмайдың өнімділігі басқа дақылдарға қарағанда жылдар бойынша 1,7 ... 2,2 кем түрленгенін көрсетті.

Тұздылыққа деген жоғары төзімділік бал құмайдың тамыр жүйесінің биологиялық ерекшеліктерімен тығыз байланысты. Ұсақ тамыршаларының саны мен сору күші бойынша бал құмай жүгері және күнбағыс тәрізді сүрлемдік дақылдардан 1,5 ... 2,0 есе асып түседі.


4 – кесте. Жемшөп өсімдіктерінің тұзға төзімділік дәрежесі (Б.Б.Шумаков, 1977)




Дақыл

Тұз мөлшері, топырақтың метрлік қабатының массасына шаққанда - пайызбен

Тұзға төзімділік градациясы

Жүгері

0,1 ...0,4

әлсіз

Жоңышқа

0,4 ... 0,6

орташа

Бал құмай

0,6 ... 0,8

күшті

Алайда, биожиынтықты интенсивті жинау және дақылдың жоғары өнімділігі тыңайтқыштардың едәуір нормаларын енгізуді қажет етеді. Практика көрсеткендей, Солтүстік Қазақстанда бал құмайды егіп өсіруде тапшылық ететін қоректік элемент – азот болып табылады.




жүктеу 0.52 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   132




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет