Dedot4310-«Дәстүрлі емес дақылдарды өсіру технологиясы» ОҚУ Әдістемелік кешені мамандығы: 6В08171 Агрономия



жүктеу 0.52 Mb.
бет30/132
Дата16.02.2022
өлшемі0.52 Mb.
#17293
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   132
oak agr-18-1 dasturli emes dak ldard osiru tehnologiyas docx
Тарлау қияқ. Жабайы түрінде далалы және шөлейт аймақтардың сортаң және сортаңдау топырақты жерлерінде өседі. Ол көпшілігінде Батыс және Шығыс Сибирб, Еділ өзенінің шығысында сондай – ақ Қазақстанның батыс, солтүстік және солтүстік шығыс обылыстарында кездеседі. Мұнда ол жалпы табиғи өсімдіктер ассоциациясының дені болып көлемді жерлерде өседі. Тарлау қияқ табиғи жағдайда бойы 25 – 80 м, ал екпелі түрінде 100 – 120 см жететін сирек түпті өсімдік. Тамыры шашақты болып, әдетте 1,5 м тереңге жетеді де төңерегіне 1 метірге дейін жайылып өседі. Сабағы жіңішке, жылтыр, тек масағының асты ғана бұдыр келеді, жапырағы көкшіл немесе қоңырқай жасыл, қатаң, шеті бүктелген. Масағы жасылдау, пісіп жетілгенде қоңыр күреңденіп кетеді.

Тарлау қияқ биологиялық ерекшеліктері бойынша жайылымдық шөпке жатады. Өйткені тұрқы қысқа жапырақтарымен мен сабақтары шөп машиналарымен шапқанда майда кесінділерге айналып, жинап алуға қиындық келтіретіндіктен оны пішен үшін шабу тиімсіз.Тарлау қияқтың жақсы қасиетінің бірі - қар кетісімен қаулап көктеп өсуі. Сондай - ақ бұл өсімдік күзде де алшындап өсіп, оның көгі мал жаюға жарайды. Мал оны көктемде, әсіресе дамуының бастапқы кезеңінде оның құрамында протеиіні және жайылым ғылыми – зерттеу институтының мағлұматтарына қарағанда ( Приянишников С.Н., Бекмуханбетов Э.Н. ) түптену фазасында тарлау қияқ азығының абсолютті құрғақ затында 25,72 пайыз, сабақ шығару фазасында 18,66 пайыз, гүлдеу фазасында 17,72 пайыз, шикі протеин болса, алшын көк балаусасының құрамында протеин оданда мол – 23,50 – 27,34 пайыз болады. Сонымен бірге тарлау қияқ - мал азықтық өнімді де мол беретін өсімдік.

Зерттеулер нәтижесінде алынған мұнда 3 жылдағы тарлау қияқтың екпелі жайылымынан алынған орташа өнім, осы жердегі жусанды - эфемерлі табиғи жайылымға қарағанда 3 – 4 есе артық болған. Мысалы, табиғи жерден гектарына 4,5 – 4,8 ц құрғақ жайылымдық шөп өнімі алынса, ал осындай жерді жыртып тарлан қияқ сепкенде 10,7 – 18,4 ц жеткен. Мұнда ең жоғарғы өнім – 18,4 ц егісті өсімдіктің гүлдену фазасында шапқанда алынған. Егісті гүлдену фазасына жеткізбей пайдаланғанда, ол жаз бойы 2 рет қайталап алшындап өсіп, мал жаюға келеді. Бірақта егістен алынатын жалпы өнім мөлшері, әсіресе, оны түптену фазасында пайдаланғанда әжептәуір кем болады (10,7 ц).

Тарлау қияқ тұқымды да жақсы береді. Ылғалы молырақ болатын далалы аймақтарда өсуінің екінші жылында – ақ тұқым бере бастайды. Дегенмен тұқымды мол беру мерзімі көпшілігінің үшінші жылында басталады. Өндірістік жағдайда тұқым өнімін гектарына бір центінерге дейін береді. Оның тұқымын тұрақты өндірудің қолайлы аймағы деп тегінде жыл бойы 300 милметрден артық мөлшерде жауын - шашын болатын аудандарды атаған дұрыс. Жыл бойы жауын – шашын мөлшері бұдан аз болатын жерде егістен жылма – жыл тұрақты өнім алу қиын.

Тарлау қияқ соңғы жылдары республикамызда кеңіннен тарады. Оның егісі қазірде Алматы, Жамбыл, Павлодар, Ақмола облыстарында кездеседі.Бұл шөп жайылым үшін тәлімі жерлерде кеңінен тартуға жататын құнды мал азығындық жайылымдық дақылдардың бірінен саналады.


жүктеу 0.52 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   132




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет