Биік бойлы райграс. Гүл шоғыры-шашақбасты келеді. Масақшалары қос гүлді, оның төменгісінің ұзынша иілген қылтығы бар. Тұқымның көлденеңі 1,5 мм, ұзындығы 8-10 мм, түп жағында ақ сары түгі болады; мың тұқымның орташа салмағы 2 грамдай.Биік бойлы райграс ауа райы жылы үсікке шалдығады және құрғақшылыққа төзімсіз келеді. Сондай-ақ ұзақ уақыт су шаюға, көлеңкеде өсуге және жер асты ыза суының жақындығына да шыдамсыз келеді.Сортаң және сазды топырақты жерлерден басқа жердің бәрінде жақсы өнім бере алады. Қыстап шыққан соң көктемде ерте көктейді, алайда мал жайылуын төзімсіз келеді.Оны негізінен пішен үшін себеді.
Поделитесь с Вашими друзьями: |