Көпшабысты үйбидайық (райграс). Бұл мал азықтық шөп табиғатта жабайы түрінде бұрынғы Одақтың Европалық бөлігіндегі ылғалды аймақтарының шалғындықтарында, сондай-ақ Орта Азия тауларында, Батыс Закавказьяда кездеседі. Мәдени дақыл түріне айналғалы көп болғанмен, оның егісі әлі де болса кеңінен тарай қойған жоқ.
Райграстың үш түрі мәдени дақыл ретінде кездеседі: көп шабындық райграс, биік бойлы райграс және жайылымдық райграс. Мұның үшеуі де тамыр жүйесі жақсы дамыған астық тұқымдастарға жатады.
Бұлардың бірінен-бірін оңай ажыратуға болады.
Поделитесь с Вашими друзьями: |