Dedot4310-«Дәстүрлі емес дақылдарды өсіру технологиясы» ОҚУ Әдістемелік кешені мамандығы: 6В08171 Агрономия



жүктеу 0.52 Mb.
бет21/132
Дата16.02.2022
өлшемі0.52 Mb.
#17293
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   132
oak agr-18-1 dasturli emes dak ldard osiru tehnologiyas docx
Өсіру агротехникасы. Жима тарғақ шөбін өсірудің агротехникасы көпшілігінде еліміздің Европалық бөлігіндегі аймақтарда зерттелген. Жоғарыда айтылғанда, Қазақстанда жима тарғақ агротехникасы әлі жеткілікті зерттелмей келеді. Бұл жөнінде республикада соңғы жылдардағы ғылыми жұмыстардан тек академик Д.А.Зыковтың басшылығымен Алматы зоотехникалық - мал дәрігерлік институтының “Ақсай“ оқу-тәжирибе шаруашылығында жүргізген кейбір зерттеулерді айтуға болады.

Себу мерзімі. Себу мерзімі жөнінде мағлұматтар әртүрлі. Оның тұқымын көктемде себуді ұсынатын зерттеушілерімен қатар күзде себу тиімді деушілерге де жоқ емес.

Топырақты дайындау. Жима тарғақтың тұқымын топыраққа 2-3 см тереңдікте ғна сіңіру қажет. Ол жер етіне кешігіп, 17-20 күнде өніп шығады. Жима тарғақты күзде сепкен кезде топырақта жеткіліті мөлшерде ылғал болу қажет. Ол үшін алғы дақылды жинап алдымен жерді суарып, соңынан террең жыртады. Егер учаскеде арамшөптер кездеспесе оны жыртпай-ақ сыдыра жыртумен де қанағаттануға болады.

Себу әдісі мен нормасы. Жима тарғақты күзде аралас еккенде бедені оның үстіне көктемде қосымша себеді. Мұндайда гектарын жима тарғақ дәні 8-10 кг, беде 10-12 кг мөлшеріне себіледі. Егер жима тарғақтың бір өзі таза егілетін болса, онда себу нормасы 14-15 кг шарасында болады. Оны қатарлы жаппай, болмаса қатар аралығында болады. Оны қатарлы жаппай, қатар аралығын 30 см етіп, кәдімгі тұқым-шөп сеялкасымен себеді.



Тыңайтқыш беру. Жима тарғақтан мол және тұрақты өнім алуда тыңайтқыштардың ролі ерекше. Әсіресе азот тыңайтқышы бұл дақылдардың жақсы өсуіне әсер етеді. Минерал тыңайтқыштар оның өнімін арттыра қана қоймай, сонымен бірге бір жердегі өсу мерзімін ұзартады.Тыңайтқыштардан фосфор мен калийді негізгі жылдықтар алдында шашып, топырақ астына сіңіретін болса, ал азот тыңайтқышын – көктемде тұқымды себер алдында берген жөн.

Тыңайтқыштар берудің нормасы әр жерде әр түрде болады. Мысалы, Алатау баурайындағы суармалы жерлерде фосфорды 60 кг, калийді 30 килограмм, ал аз тыңайтқышын 45 килограмм мөлшерінде беруді ұсыну болады.Өсу кезінде жима тарғақ егісін қосымша қоректендіріп отыру өте қажет. Мұнда негізінен, азот тыңайтқыштары пайдаланылады. Оның нормасын орта есеппен 30 кг мөлшерінде белгілейді. Азотты қосымша қорек ретінде ерте көктемде және вегетация кезінде де пайдаланылады.

Жима тарғақ ылғалды көп қажет етеді. Сондықтан оны вегетация кезінде пішенге шауып аларда немесе шауып алғаннан сонда суарып отырады. Суару жиілігі ауа райы мен топырақ жағдайына қарай әр жерге түрше болады.Жима тарғақты пішенге оның егісі гүл шоғырын шығара бастағанда, тіпті әрі кеткенде гүлдей бастауда асырмай жинайды. Бұдан кешіктіріліп шабылған егісті пішеннің сапасы едәуір төмен болады.

Аралас себілген егістің бірінші шабу мерзімін жима тарғақтың өсу фазасына қарай анықтаса, екінші және одан соңғы шабу мерзімдері керісінше, беде бойынша анықталады. Өйткені, бастапқы кезде жима тарғақ бедеге қарағанда тезірек өсіп-дамиды, ал бір рет шабылған соң, керісінше, беде тез жетіледі. Сонымен бірге қайталап өскен кезде жима тарғақтың вегетативтік сабақтары аз болып, ал оынң есесіне жапырағы молая түсетіндігін айту керек.Қазақстанда жима тарғақтың аудандастырылған сорты шығарылған.




жүктеу 0.52 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   132




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет